Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗ. БАСШЫ. АНА: ҰШТАСҚАН ҮШ ТІЛЕК МҰҒАЛІМ МӘҢГІ НҰРДЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ БЕСТӨБЕ ӨРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ҰЛТУҒАН ЖАРҚЫНБЕКТІҢ ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЭССЕ


21 сентября 2013, 08:12 | 10 175 просмотров



Жарқынбекова Ұлтуған Данашқызы 1963жылы

26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек

ауданы, Жалаулы ауылында дүниеге келген. 10

сыныпты Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе

ауылындағы О. Жандосов мектебін үздік

аттестатқа бітірген. Абай атындағы Қазақ

Педагогикалық Институтын бітіріп, орыс тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алды.

Еңбек жолдары; Алматы облысы, Райымбек

ауданы Жалаулы, Бестөбе орта мектептерінде

орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Кеген №3 орта

мектебі директорының ғылыми жұмыстарды

ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, Аудандық

білім бөлімінің әдіскері болды. Еңбек өтілі-33жыл.

Оның 15жылы басқару саласы.

2001 жылдан Алматы облысы, Райымбек

ауданы,Бестөбе ауылы, Бестөбе орта мектебінің

директоры.

Әкесі Данаш Жарқынбеков соғыс жылдары Сталинградты азат ету және қорғау

операцияларына қатысқан.

Анасы Демеубайқызы Ләсиман да

тылда еңбек етіп, елқатары үлесін қосқан

қайсар ана.. «Ленин», «Еңбек ардагері», «ІІ

дәрежелі Ана» медальдарының иегері,

2005 жылы Ұлы Отан Жеңісінің 60 жылдық

мерекесіне орай тылдағы ерен еңбегі,

ұрпақ тәрбиесіндегі жетістігі үшін

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен

марапатталған. «Күміс алқа» иесі.

МАРАПАТТАРЫ

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің

Құрмет Грамотасымен, ҚР Білім және

Ғылым Министрлігінің Дипломымен,

«Нұр-Отан » ХДП- сы Алматы

облыстық филиалының Грамотасымен,

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Алғыс

Хатымен, Облыстық білім басқармасының

Құрмет Грамотасымен Және Қазақстан

Республикасы Халықаралық «Бейбітшілік

әлемі» қазақ шығармашылық бірлестігінің

«Білім беру ісінің көшбасшысы»,

«Абылайхан батырдың 300 жылдық»

мерейтой медальімен марапатталған.

МЕКТЕП ЖОЛЫ-

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ

Жарқынбек Ұлтуған Данашқызы

мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа

педагогикалық технологияларды енгізіп,

мұғалімнің сапалы жұмыс істеуіне,

шығармашылық даму деңгейіне тиісті

талаптар қояды. Ұ Ұстаздардың кәсіби

шеберлігін арттыру мақсатында білімді

ізгілендіру, білім сапасын дамытуда

әдістемелік оқулар, іскерлік ойындар.

семинарлар, байқаулар өткізу нәтижесінде

мектеп ұстаздары, оқушылары,

ата-аналары аудандық,облыстық.

республикалық шаралардың жүлдегерлері

болып танылуда.

Мектептің материалдық техникалық

базасын нығайтуда оқу кабинеттерінің

жаңа заманға сай жабдықталуына, ұстаз

жұмысының кең лабораториясын жинақтап,

6 www.bsh.kz АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕГІ

№ 36 (213) жұма, 20 қыркүйек, 2013 жыл

ҰСТАЗ. БАСШЫ. АНА: ҰШТАСҚАН ҮШ ТІЛЕК

МҰҒАЛІМ МӘҢГІ НҰРДЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ

БЕСТӨБЕ ӨРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ҰЛТУҒАН ЖАРҚЫНБЕКТІҢ ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЭССЕ

БАСЫ - 1 - бетте

әдістемелік жағынан жан-жақты

болуына өзінің озық тәжірибелерін

үйретіп жүрген әдіскер мұғалім.

Педұжым жұмысының нәтижесі

аудандық «Хантәңірі», «Жетісу»,

«Атамекен-ай», «Қазақстан мектебі»,

«Білім шапағаты» , «Патриот»

т. б облыстық, республикалық

басылымдарында жарияланды.

МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ

ТУРАЛЫ АЙТСАҢЫЗ.

Мектептің ең қуанышты жетістігі

2013 жылы 330 орындық жаңа типті

мектепке кірулерімен ерекшеленеді.

АОМКДИ жанынан жарық

көрген «Үздіксіз білім беру

жүйесіндегі шығармашылық

ізденіс» атты үздік сабақтар жинақ-

кітабында мектеп мұғалімдері

Ж.Отыншиева, Г.Мыңбаева,А.

Алхожаева, Н.Абдикеримова,

С.Умбеталиевалардың үлгілі

сабақтары жарияланды. 2011 ж. шетел

тілі пәні мұғалімі Г.Мыңбаеваның

«Француз тілді елдер» тақырыбындағы

сабағы «Қазақстан орта мектебі»

республикалық ғылыми-әдістемелік

журналында және бастауыш сынып

мұғалімі Ж.Отыншиеваның «Көктем

мезгілінің ерекшеліктерін сипаттай

білуге үйрету» тақырыбындағы сабағы

«Бастауыш мектепте оқыту» республикалық

ғылыми-әдістемелік журналында жарық

көрді.

Аудандық «Үздік ауыл мектебі-2011»

байқауына қатысып мектеп ұжымы ІІІ-орынды

иеленді. 2013 жылы «Адам және қоғам »

бірлестігі өткізген мектеп ұстаздарының озық

тәжірибелері байқауында мектеп ұжымы

жүлделі 1орын алса , оқу ісінің меңгерушісі

Е.Тәжібаев «Жыл әдіскері-2010» байқауында

ІІ орынды иеленді.

Мектеп оқушылары А.Асылбек, О. Назерке,

А.Түргенбай, Ж. Дүйсенбай Ж.Бейсенқұл,

Ұ.Әлжүніс т. басқа мектеп шәкірттері

аудандық КҒА, «Зерде» жасөспірімдердің

жоба жарыстарының, пәндік өребәйгелердің

жеңімпаздары.

Жанна Бауыржанқызы үстіміздегі

жылы өткен республикалық «Мұқағали

шығармашылығы» байқауында жүлделі

3-орын алып, қараша айында Қырғызтан

республикасында өтетін Халықаралық

байқауға жолдама алды.

ҰСТАЗ БОЛУ ОҢАЙ МА?

-Әрбір жас жеткіншектің сапалы білім,

саналы тәрбие алып, бойына адамгершілік

қасиетті қалыптастырып, болашақ өмірге

көзін ашатын бірден-бір қасиетті орын –

МЕКТЕП. Сол үшін де жақсылық атаулымен

шыңдайтын мектеп – пайдалы шеберхана

екендігінде дау жоқ. Ал, ұстаз – сол мектептң

ең жауапты да құрметті иесі. Ұстаз бола

білу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Мектептің белсенді үлгілі ұстазы болу үшін

педагогикалық психологиялық шеберлігің

басым болуы керек. Ұстаздыққа деген ыстық

ықылас, ірілі-ұсақты істеріңе байыппен қарап

баға беріп отыруыңа жәрдемдеседі. Сөйтіп,

жадыңда жүрмегенмен, жаныңнан шықпайтын

қадірменді жандарға қарыздарлық сезімің

еселене береді. Барша жұрт қадір тұтқан

қастерлі мамандық иелерінің құдіреті осында

жатса керек.

-Ауыл мұғалімдеріне қандай

ерекшеліктер тән?

-Білген адамға ұстаз болу оңай шаруа

емес. Сырт көзге ұстаздың жұмысы жеңіл

көрінеді. Мұғалім ең керегі қайраттылық,

ізденімпаздылық, әр кез өз білімін көтеріп,

педагогикалық жаңа технологияларды өз

тәжірибесінде қолдана білуі шарт. Екіншіден

аулымызда жаңа мектепті пайдалануға

берді. Жаңа мектепті жаңа үлгіде безендіріп,

жаңа ұстаз үлгісін қалыптастырып, жетістікке

жетуде аянбай еңбек ету керек. Талап күшейді.

Ауыл мектебі, мұғалімі деп босауға болмайды.

Біздің де сапалы еңбекпен мемлекетке

қайтарымымыздың болуы басты міндетіміз

деп санаймын.

- Мектеп басшысының үлгісін қалай

елестетер едіңіз?

-Қызметкер психолог, турашыл,

талапшыл, сезімтал, байқағыш, ұстамды,

өз ұлтының тарихын, мәдениетін уағыздаушы

болуы тиіс. Осылар біздің ең негізгі басты

мақсаты-міндетімізге айналғанда, соның

мән-мағынасын терең сезініп, абыройлы

атқарғанда ғана өз жемісін, нәтижесін

беретіні сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі қоғам әр

қайсысымызда жаңалық әрі жаңаруды күтеді.

-Өкінішіңіз бар ма?

Өкінішсіз адам бола ма? Шындықты

айтып, аузың күйгенде кері сөйлейтіндер ,

Аққа қараны жағып әсірелейтіндер, билікке

жету үшін адам құқығын таптап, жалған әрекет

жасайтындар, жақсылықты сезе алмай, өзін-

өзі қорлаушылар, кейбір жастарымыздың

бесіктен белі шықпай үлкеннің алдын

алып, ұсақтыққа ұрындыратын қылықтары

өкіндіреді... Ауыр сұрақ. Өкінішім жоқ

деген адам болуы мүмкін емес. Әр өкініш

қайырымымен болсын. Әр қиындықтың

шығарар биік шыңы жоғары болады емес пе?

-Қазіргі оқушылардың білімге ынтасы

жоқ деген сөз көп айтылады. Соған қалай

қарайсыз?

- Дегенмен, көп нәрсе ұстаздың өзіне

байланысты. «Мұғалім білікті болса, пән

де қадірлі» деп бекер айтылмаған ғой. Біз

кінәні балалардан емес оны ұстаздар өз

тарапымыздан іздеуіміз керек. Жаман шәкірт

болмайды нашар ...

Бақыт?

- Бірінші қазақ елімнің , отбасы

мен бала-шағамның, туыс туғандарар,

қызметтестерім , шәкірттерімнің амандығы,

бүгінгі жағдайым, ел қатарлы жүрген ортам.

Еліміздегі тыныштық, ұсақ-түйекті былай

қойғанда көк байрақтың астында Елге адал

қызмет ету деп білемін.

Құрметтейтін қағидаңыз?

Құрметпен қарайтын қағидам: Үлкенге-

ізет, кішіге-құрмет көрсету. Шындықты тура

айту, шындық үшін күресу. Ел ағаларының

тура жолмен журіп жол тпқанын. Ұсақ болуын

қаламаймын Мұхамбет Пайғамбарымыз

«Реніш туылған жағдайда екі тараптың қай-

қайсы кінәлі яки кінәсіз болсын, бірінші кешірім

жасағанына нәсіп беремін » деген екен. Осыны

ерекше ұстанамын.

Байлық?

Оны материалдық жағынан бағалап көрген

емеспін. Рухани әлемнің бай болса, істеген

ісіңе өзіңнің ғана емес өзгенің де көңілі толса,

байлық емес немене.

Қазақ несімен мақтанады?

Қазақ халқы Тәуелсіздігімен,

Елбасымыздың саясатымен, Жалынды

жастары мен жаңа қоғамымен мақтануы шарт.

Қазақ халқы өзі аш отырса да жылы-жұмсағын,

сақтаған сыбағасын қашан келетіні белгісіз

қонағына сақтап отыратын көпшіл де дархан

көңіл халық. Жау келсе де төріне шығарар

кеңшілігі мен парасат пайымын қазақтың

кең сахара даласындай көңілі еш ұлтта жоқ..

Сол пейілдің арқасында қаншама ұлт пен

ұлыстың басын біріктіріп, қорған болып отыр.

Көк байрағымыз желбіреп, халқымызды бәле

жаладан сақтасын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы

болсын.

Жауапкершілік?

Ұжым басқарған адамның басты ұстанымы

болуға тиіс. Адам зат баласының бәрінің,

отбасының амандығын тілеймін. Соған баса

назар аударамын. Егер оның отбасы аман

болса, жұмысы жемісті, көңілі тоқ болады.

Қолдан келгенше, адам баласынан қолымнан

келетін көмекті аямаймын. Басты қаруым

-өз ісіме жауапты болу, сыни көзбен қарау.

«Тура айтқан туғанына жақпайды » дейді

ғой. Қай істе де талап, ізгілік, пайымдылық,

көрегендік, кішпейілдік, кешірімділік таныту -

жауапкершіліктің басты құралы.

Ерекше қуанышыңыз болды ма?

Қуанышсыз өмірдің не мәнісі бар?

Пайғамбарымыз; « Қайғыны да қуанышпен

пара-пар қабылдау керек » деген екен.

Ұстаз болғасын мектебіңнің, шәкіртіңнің, ұл –

қызыңның жеткен жетістігіне қуанасың.

Ең жақсы қуанышым; Елбасымыздың

«100 мектеп, 100 аурухана» тапсырмасымен

ауылға жаңа типті мектеп салынып, 2012

жылы пайдалануға берілді. Бұл тек менің ғана

емес ауыл тұрғындарының ерекше ұмытылмас

қуанышы болды. Атаулы мектепті салуға

мұрындық болған облыс әкімі Мұсаханов

Аңсар Тұрсынханұлы, аудан әкімі Медеуов

Қыдыргелді Өміржанұлына ауыл тұрғындары

атынан алғысымызды білдіріп, қызметтеріне

сәттілік тілеймін.

Қарыз?

Өмір сыйлаған ата-ана алдында

мәңгілік борыштарсың. Одан кейін

шәкірттің, қиналғанда демеген, қуанғанда

қанаттандырған жаныма жақын адамдарға

және Туған жеріме қарыздармын деп

ойлаймын.

«ОТБАСЫ-БЕРІК ТІРЕГІ»

ДЕГЕНДЕЙ, ОТБАСЫҢЫЗ ТУРАЛЫ

АЙТСАҢЫЗ.

Жолдасым Батырбеков Бауыржан

-орман саласының қызметкері болды.

Ол да өз ісінің хас шебері, адалдығы мен

адамшылығы жоғары, көпшіл, жігіттің нары

болды. 2013 жылы қызмет барысында

қапыста қайтыс болды. Бүгінгі Менің.

отбасымның осындай жетістікке жетуіме

Жолдасым Бауыржанның, Оның туыстары

мен келін Болып түскен Шыбышы

ауылымның тұрғындарының қолдауы

деп білемін. Ауыл шағын болғандықтан әр

адамы өзімнің туған әкемдей, шешемдей,

бауыр, сіңлілерім, нар тұлғалы әкпе

бауырымдай болып кетті десем артық

айтқандық емес. Олар да отбасымның бір

бөлшегіндей. Үлкен қызым-дәрігер, Ұлым

Ғалымжан әке жолын қуып, орманшы.

Ұстаздық мамандықты оқуда. Қызым

Жанна - мектеп оқушысы,оқу озаты.

Республикалық байқаулар жүлдегері.

Домбыра тартады.

Алдағы уақытта да ұстаз-ананың бала-

шағасы өркен жайып, тек жақсылық пен

ізгіліктің Жеңісіне жете берсін.Ұлтуған

Данашқызының мемлекеттік қызметкерліккке

жолдама алғанын естідік. Жаңа қызметте

бұданда асқақ арманы орындалып, ел

алғысына бөленсін.

Өмірде жанына білімді адамгершілікті

ту еткен Ұлуған Данашқызызының алар биігі

әлі алда. Сол жемісті де жеңісті күндерге куә

болайық.

Автор:
Әңгімелескен: Самал БЕКБОЛАТ журналист Райымбек ауданы