21 сентября 2013, 08:18 | 1 874 просмотра
Білім және ғылым министрі Аслан
СӘРІНЖІПОВ Қостанай облысын
аралау шеңберінде орта мектептердің
біріне барды. Министрдің сөзіне
сүйенсек, бұл кездейсоқ аралау емес.
Мектеп және педагогтармен танысу
барысында министрді қызықтырған ең
басты сұрақ ол - сапалы білімнің ауыл
мектептерінде қолжетімділігі, ауыл
мектебінің материалдық базасы, жас
мамандармен толығуы және ауылда
интернет желісінің бар-жоғы.
Мектеп ұстаздарымен кездесу
барысында министр өз ведомствасындағы
жұмысын жаңа бағыттағы басымдықтарын
тізбектеді. Ең бастысы - сапалы білімді
қала мен ауыл мектептерінде тең дәрежеде қамтамасыз ету.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрі ауылдық жастардың әлеуметтік әлсіздігін артыру
бағытында, кәсіби және техникалық білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тапсырысты
арттыратындығын және жастар алғашқы кәсіби білімін тегін, мемлекет есебінен алатыны жайлы
мәлімдеді.