Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ


6 октября 2013, 11:43 | 2 350 просмотров


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыруға үлкен мән беріліп отыр.Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.Оқытудың басты міндеттері- мектеп оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық сана-сезімін, руханилығы мен мәдениеттілігін, бастамашылдығы мен өзіндік әрекетін, толеранттылығын,қоғамда нәтижелі әлеуметтену қабілетін және жаңа ортада белсенді бейімделуін қалыптастыру.Оқу үрдісінде бұл міндеттерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы шешуге болады. Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагог мамандардың құзырлылық қабілетіне өте тығыз байланысты. Латын тілінен аударғанда құзырлылық дегеніміз: өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал түсіндірме сөздіктерде «құзіреттілік» ұғымы құзырлықты меңгеруші ретінде қарастырылады.Құзырлылық- мұғалімнің тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті.Жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке белгілі мәселелерді ұсынып шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұғымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігі. Мұғалімнің кәсіби құзырлығы жеке тұлғаның бойына құндылықты- бағдарлы, мәдени-танымдық, әлеуметтік еңбек қарым-қатынас,тұлғалық өзін-өзі дамыту, коммуникативті және ақпараттық-технологиялық білім беру.

Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өзінің жеке пікірін дәлелдеуші.Осы үрдісті бағыттауда, ұйымдастыруда мұғалім жетекші рөл атқарады. Сондықтан да мұғалім білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды іс жүзінде қолдануда үлкен белсенділік танытуы керек.Ол үшін мұғалім өте білімді,қабілетті, әдепті, мейірімді болғанда ғана бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.

Мектептегі оқуда бірдей нәтижеге, бірыңғай жұмыс жасауға үйретуден бас тарта отырып, оқушыларды қателесіп қаламын ба деген қорқыныштан босатып, шығармашылыққа, өзіндік шешім қабылдауға баулуымыз қажет.Ендеше тарихшыларымыздың келелі міндеті жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты, ұлттық құндылықтарды дарыту.Оқушылардың интеллектуалды, коммуникативті, мәселені шеше алу құзыреттілігін дамытуда оқытудың белсенді және инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану заман талабы. Осыған орай тарих пәнін оқытуда «Модульдік оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Үшөлшемді әдістемелік жүйе», «Сатылай комплексті талдау» технологияларын қолдану оқушылардың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын,өзінің алған білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыруға септеседі. Алайда берілетін білім халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетпен етене байланысты болғаны жөн. Сонда ғана мұғалім білім берген шәкіртінің өмірден бүгінгі күн талабына сай орын табуы мен алған білімін тәжірибеде қолдана білуге машықтандырады.

Сапалы білім алған, танымы жоғары, құзіретті, бәсекелестікке төтеп бере алатын жас ұрпақ қана жаһандық дүниеде еліміздің мәңгілік болуына қызмет етеді.

Автор:
Райкул АКСАМБИЕВА тарих пәні мұғалімі №25 орта мектебі МДШО ММ Талдықорған қаласы