Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Райымбек аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Таударбекова Рысалды Әбдікерімқызы


6 октября 2013, 12:48 | 2 622 просмотра



Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім –ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді . Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін «Ұстаздар күні» де күздің үлесіне тиіпті.

Аса көрнекті қазақ геологі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым акедемиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша «Бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ »,- деп толғаған.

«Ұстаз »сөзінің өзі «Отан», «Ар», « Адамгершілік» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай , педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген тұлға ғана шеше алады .

Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі- де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық - техникалық базасын заманауи қондырғыларымен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді . Оның барлығы білім сапасын арттыруға,кәсіби шеберлікті нығайтуға, ұстаздардың мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса, Тамаша мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында республика ұстаздарын және өзім басқарып отырған аудан ұстаздарын осы бір айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізде сәттілік, шығармашылық жетістік тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!