Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТҚАНЫ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ


12 октября 2013, 08:21 | 1 396 просмотров



Құқық қорғау органдары бұрынғы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты іздестіріп жатқаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

«Ал бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовке қатысты іс әлі тексеріліп жатыр. Сараптама жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ол. Оған қарсы 2013 жылдың 29 сәуірінде іс қозғалған болатын. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы вице-министрдің Өскеменде 700 орындық білім беретін мекемені салу кезінде бюджеттен ұрланған 1,5 млрд. теңгеге қатысы бар деп тапты. Ал 14 мамырда бұл қылмысқа қатысы бар деген айыппен Саят Шаяхметов пен «ҚР соғылып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры Пак ұсталды.

Мекеменің деректеріне сүйенсек, 17 мамырда Шаяхметов соттың шешімімен үй қамауына алынған, ал Пак бірден қапасқа отырғызылған.

Автор:
Құрыш НҰРЫМБЕТ.