Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР


20 октября 2013, 08:58 | 3 366 просмотров



Сабақтың мақсаты: Ою-өрнектерді және шығу тарихын, бейнелеу техникасына байланысты әшекейлеу түрлерімен таныстыру.

Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта- ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Жас ұрпақтың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.

Дамытушылық мақсаты: Жас ұрпақты ұлттық өнер туралы білімдерін жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту, түстерді ажыратып, оларды бейнелеу өнерінде шебер қолдана білуге үйрету.

Көрнекіліктер: иллюстрация, репродукциялар.

Сабақ жоспары:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

Жаңа сабақты кіріспеден бастаймын. Қазіргі таңда халықтың қолөнерге деген ынтасы анағұрлым артты.

Халық өнерін жаңғыртып, одан ары дамыту бүгінгі күннің мәселесі. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білім деңгейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие. Ою- өрнек өнері әлемнің барлық халықтарына тән ертеден келе жатқан халықтық мұра болып саналады. Сонымен бірге әрбір ұлттың өз тұрмыс-салтына орай өзіндік қолтаңбасы бар екені де сөзсіз. «Өнер талаптыдан туар», «Өнерді көп білген дана болар, өнерсіздің ісі шала болар». Ою-өрнек туралы ертегі «Ою хан мен жою хан» тоқталу.

Қазақ оюлары мазмұны 3 түрлі ұғымды бейнелейді:

1-ші мал өсіру мен аңшылық.

2-ші жер-су, көшіп- қону көріністері.

3-ші күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік осы ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізін көреміз.

Ою-өрнек түрлері:

1.Аспан әлеміне байланысты.

2.Жануарлар әлеміне байланысты.

3.Өсімдіктер әлеміне байланысты.

4.Геометриялық фигураларға байланысты.

5.Адам бейнесіндегі түрлеріне тоқталу.

Оқушыларға сурет салудан бұрын көркем жобалаудың негіздері мен композиция түрлерін, көлем кеңістіктегі форма қасиеттерін және композициялық құралдарын таныстырып өтемін.

Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыра отырып, оларды салу жолдарын үйретемін.

1.Тақтаға бейнелеймін ою-өрнек түрлерін симметриялы өрнектің салу жолдары көрсетілген.

2.Балаларды сол суреттегі ою-өрнектері салу жолдарын дәптерлеріне дұрыс бейнелеуді қадағалаймын.

3.Оқушыларды аралап, кеткен кемшіліктерін түзету.

4.Бояу тәсілдерін таныстырып үйретемін.

Сабақты бекіту кезінде:

1.Қазақтың ою-өрнектерінің түрлерін айтыңдар.

2.Қандай заттар қолданылады?

Автор:
Гаухар САВРИКОВА, Көктал орта мектебі технология пәнінің мұғалімі. Панфмлов ауданы.