Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫСҚЫ ПЕЙЗАЖ


20 октября 2013, 09:02 | 3 050 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, мәтін құра білуге, ойын көркем жеткізуге үйрету. Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыта отырып, жүйелі түрде ауызекі сөйлеуге машықтандыру, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, мақтан тұтуға, Отанын сүюге баулу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, рефераттар, буклеттер.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,түгендеу.

II Үй тапсырмасын тексеру Сұрақтарға жауап алу:

1. Абай кім?

2. Абай қашан,қайда туған?

3. Ақынның шын аты кім?

III Қысқы пейзаж

Жыл мезгілін өлең ету қазақ әдебиетінде Абайдан басталған.Ал қысты адам кейпінде,адам бейнесінде суреттеуде ұлы ақынға дейін болмаған жаңалық. Абайдың табиғат лирикасы – жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар. Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді: жайқалған бәйшешек, «көгорай шалғын» мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жазда - сонда, ақтүтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреген қытымыр қыс та - сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда.

«Қыс» өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға «бет қарауға шыдамай, сырт айналып» мұз жастанған жылқышылар, бет – ауызын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.

Тапсырмалармен жұмыс:

Өлеңді оқыңдар, мазмұнын түсініңдер, орысша аудармасымен салыстырыңдар.

1.Абайдың «Қыс» өлеңінің тақырыбын аш және ақын қысты қалай суреттеген?

Жазба жұмысы:

1. Негізгі тақырыбы – адам мен табиғат, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы , адам арасындағы теңсіздікті жою, ақын қыстың ақ сақалды, денелі, ақ киімді , ашулы қарияға теңейді.

2. Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар, сабақтастың түрлеріне ажыратыңдар.

Күн суық болғандықтан, ... .

Қыста серуенге шығу үшін, ... .

Бүгін күн аязды болады деп, ....

Қар қалың жауғандықтан, ... .

«Қыс» туралы шағын шығарма жазу

ІҮ Сабақты қорыту: Қыс келбеті

Ү Үй тапсырмасы

VІ Бағалау

Автор:
Оразкул НУРГАЛИЕВА №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы