Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ТІЛШІ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»


26 октября 2013, 06:48 | 2 093 просмотра



«Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласында 8-10 қазан күндері «Тілші болғым келеді» атты медия формуы өтті. Елорданың зәулім ғимараттарының бірі Қаз Медия орталығында форум салатанатты түрде ашылды.

Бұл жиынға еліміздің түкір-түкпірінен жүрегінде оты бар, талабы биік жас таланттар жиылды. Аталмыш форумының өтуі бұған қатысушы әрбір арманы асқақ, жалынды болашақ тілшілер үшін естен кетпес өмірінің ерекше сәті ретінде жүректерінде сақталып қалмақ. Әр аудан-ауылдан жиналған қазақ даласының табиғатынан нәр алған, ұлтының әдеби асыл жауһарларын, тарихы мен тағылымын жетік танып, сөз шеберлігіне сусындап өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін осындай іс –шаралардың берері мол болмақ.

Батыр бабамыз Райымбек, ақиық ақынымыз Мұқағали сынды ұлы тұлғалар туып-өскен киелі топырық Жетісу өлкесінен барған 6 оқушы сыннан сүрінбей өтіп Медия Форумға қатысу мәртебесіне ие болды. Жас таланттарды атап өтер болсақ: Талғар ауданын Мамыр Сабина, Ұйғыр ауданынан Құралай сағындықова, Жамбыл ауданынан Айдана Ертай, Ақсу ауданынан Гүлзира Оңалбекова,Алакөл ауданынан Маржан Қабаевалар еді.

Біз Медия Орталығындағы көптеген қызықты, жаңаша дүниелермен таныс болдық. Түсірілім орындарын аралап, радио орталықтарын тамашаладық. Өзіміз күнде көретін көк жәшіктің көркіне айналған қызыға қарап, үлгі тұтатын тілші, тележүргізуші Мейіржан Әлібек, Рахат Жақсыбай, Айсұлу, Бахтияр аға- әпкелерімізбен кездесіп, сол кісілерден шеберлік сабақтар алып, көкейдегі сұрақтарымызды қойып, ой бөлісіп, қуанышқы бөленіп қалдық. Біз үшін бұл үлкен мағынаға ие кездесу еді. Осы шараға қатысушы тілші болу арманына айналған біз сияқты жеткіншектер үшін бұл шара арманына жетер жол мақсатына бір табан жақындау болмақ.

«Жас Ұлан» ұйымы форумға келіп отырған 70 балаға бірдей көңіл, қошемет көрсетіп, үлкен көіңл болып, әрбіріне жеке тұлға, қоғам мүшесі ретінде қарай білді. Олардың көңілдерін табуға барынша тырысып, талап- тілектерімізге құрметпен қарап, шын жүректен мейірімділік танытты. Қасымызда жүрген «еріктілер» де, «қызметкерлер» де етене жақын дос бола білді. Жалпы «Жас Ұлан" ұйымының мүшелері өте ұйымшыл, кең пейіл, түсініктері мол, жас қауым өкілдерінің шоғырланған ортасы болып табылады. Мен өзімнің осы ұйымның мүшесі екенімід мақтан тұтамын.

Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,

Мен жастарға сенемін!-деп жалынды жас Мағжан Жұмабаев ақынымыз жырлап кеткендей, қазақ жұртының өскелең ұрпағы өздеріне артылған ата- баба, ел үмітін ақтау үшін көп ізденіп, мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етуі керек. Бір тудың астында бірлікте жұмыла қимылдасақ, біз алмайтын асу болмас. Елім деген жас дарындар көбейе берсе, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болмақ! Ендеше, осы жолда «Жас Ұлан» ұйымына, өзімнің білімді де, талапты жас достарыма тек қана сәттілік!

Автор:
Сабина МАМЫР №36 мектеп оқушысы, Талғар ауданы, Алматы облысы