Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


26 октября 2013, 06:52 | 1 965 просмотров



Мақсаты:

• Қазақ хандығынның саяси бөлшектенуі тұсында Тәуке ханның саяси шиленістерді тоқтатып, қоғамда әділеттік орнатуға бағытталған игілікті шаралары мен «Жеті жарғы» заңдар жинағының маңызын түсіндіру арқылы үлкен өзгерістер мен әлеуметтік даму кезеңдеріне терең үңіле отырып, тұңғыш құқықтық жүйенің қалыптасуы туралы мағлұмат беру.

• Тәуке хан тұсындағы демократиялық өзгерістер мен әкімшілік құқықтық жүйенің реформалауын қазіргі кезеңмен ұштастыра қарастыру.

• Оқушыларды туған халқына,ұлы тұлғаларға,тарихта алатын әріптермен жазылып қалған тарихи құндылықтарға деген құрмет сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекіліктер: Қазақ хандығының картасы, Жеті жарғы заңы, Төле, Әйтеке, Қазыбек, Тәуке ханның портреттері, сызба-кестелер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

• Сәлемдесемін.

• Оқу-құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысы:

• 2-3 оқушыға мазмұнын толық баяндату.

• «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын сызба-кестелерді толтырту.

3- жұмыс

Тест жұмысы

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Тәуке ханның билік басына келуі

2. «Жеті жарғы»

3. Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының і шкі және сыртқы саяси жағдайы.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау

3- тапсырма: Тәуке ханның өлімінен кейін қазақ халқы феодалдық бытыраңқылық жолға түскенін неден байқадыңдар, атап көрсетіңдер

V. Жаңа сабақты қорыту:

• «Өзіңді тексер»

• Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.

Хан Тәуке күш және тойтарыс бойынша қазақ жауына халқының ұйымдастыруда бірлік күшейтуге күш салды анағұрлым.

VI. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылар білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма : Тест құрастыру, хронологиялық таблица толтыру, тақырыпты мазмұндау.

Автор:
Рысқан АЛМАСОВА, №2 МДШО Қабанбай орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі. Алакөл ауданы