Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ «КЕДЕЙ»


26 октября 2013, 06:54 | 1 957 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының басынан кешкен ауыр кезең аштық, кедейлік, ауыртпалық туралы мағлұмат беру. Сол кезде өмір сүрген Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың өмірін үлгі ету. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап, түсініп оқуға үйрету.

2. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, тіл байлықтарын

арттырып, сөздік қорын молайту.

3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыровтың суреті, тірек сызба, мақал.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Оқу құралдарын ретке келтіру

3. Партада дұрыс отыру ережесін үйрету.

ІІ. Үй тапсырмасы

1.Бейімбет Майлинның «Күлпаш» әңгімесінің мазмұнын сұрау

2.Сұраққа жауап алу

-Бұл әңгімедегі оқиға қандай кезеңде болған?

(Ашаршылық кезеңде болған)

-Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)

-Мақтым мен Күлпаш неге жылады деп ойлай сыңдар?

(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты қиналды. Жоқшылық жандарына батады сондықтан жылады)

-1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны неше миллион болды?

(Алты миллионннан асты)

-Соның неше миллионнан астамы аштықтан қырылып қалды?

(2 миллионнан астамы аштықтан қырылып қалды.)

-Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақ халқының аштыққа дұшар болуының себебі бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат, қолайсыз ауа райының салдарынан орын алған ашаршылық.. Екінші ашаршылық 1930 – 1932 жылдардағы болған ашаршылық, оның себебі, Қазақстанда жүргізілген Сталиндік, Голощекиндік реформа, содан туылған шаруалардың жеке меншік малдарын, дүниелерін тәркілеу. Оларға салылатын салықтың түрлерін көбейту. Көшпелі және жартылай шаруаларын күшпен отырықшылдандыру науқандары болып табылады. Бір сөзбен айтқанда қолдан жасалған ашаршылық деп айтуға болады. Осы ашаршылық жылдары қазақ халқының халқы түгелдей дерлік босып, шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ атамекенінде қырылып қалды. Осындай кезеңде өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» атты өлеңімен танысамыз. Ол сендер өткен сабақта Бейімбет Майлинның «Күлпаш» әңгімесіндегі кедейшілік, жоқшылық осы өлеңде де кездеседі.

Көкшетау обл. Қызылтау

«Алаш ұраны» ауд. туған «Адасқан өмір» поэмасы

1908ж. Әбдірахман деген «Қамар сұлу» романы сол сияқты медресесінде оқып білім басқа шығармалары бар алады

Сұлтанмахмұт Торайғыров өз бетінше көп ізденіп, ғаламның әралуан саласынан хабардар болды.Сол заманның оқымысты жастарының біріне айналды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров тың жастайынан жабысқан ауруы кеселінен 27-жасында қайтыс болады.

Ол азғана өмір сүрсе де қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Оның артында ол кездегі адамдардың өмірінің мән- мағынасы жайлы «Адасқан өмір, Алаш ұраны» атты поэмалары мен билеуші топтарының тәрбиесінен, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» романы өшпес мұраға айналды.

Оқулықпен жұмыс

1.Мен қазір сендерге «Кедей» Өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Сендерге тапсырма: осы өлеңнін түртіп алу стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді қарандаштарыңмен түртіп алып отырыңдар.

-Балалар, қандай түсініксіз сөзді түртіп алдыңдар?

(Ызғар-суық, бет қаритын суық, үскірік; жаурамасқа-тоңдым)

2. Оқушыларға өлеңді шумақтап, мәнерлетіп, дұрыс ырғағына сай оқыттыру.

3. Сұраққа жауап алу

- Бұл өлең неліктен «Кедей» деп аталған?

(Сол кездегі жоқшылық, аштықтан кейінгі –өмір болғандықтан «Кедей» деп аталды)

(Ашаршылық, жоқшылық кездегі халықтың тұрмысы)

(Жұмыс істеп, еңбекқор болу керек)

Әр топтың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын: -Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп бөсіп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей адамдар жалқаулықтан, еріншектіктен, бос жүруден, жұмыссыздықтан болады.

5.Тірек сызба құру жоқшылық қиыншылық жалқаулық қайыртілеу еріншектік аштық

ІV. Қорытындылау

Үйге тапсырма: жаттау

Автор:
Майнұр РАХЫМБЕРЛИНА Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп -гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Ақсу ауданы