26 октября 2013, 06:55 | 5 563 просмотра
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Оқушыларды жүйелік түрде жұмыс істеуге дағдыландыру.
Білік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, жаттықтыру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру №220
1) 2(3х+1)-5(х+1)=6х+2-5х-5=х-3=2-3=-1
2) 20х-4(2х-1)+5(1-2х)=20х-8х+4+5- 10х=2х+9=2*(-3)+9=3
3) 5у-16у+2+12у+4=у+6=10+6=16
12(2-3m)+35m-9(m+1)=24-36m+35m-9m- 9=-10m+15=-10*2+15=-5
Білімін жан – жақты тексеру
Бірмүше дегеніміз не? ( Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)
Ұқсас мүшелер дегеніміз не? ( Ортақ әріпті бөлігі бар және бір – бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)
Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а^5; 〖3х〗^2; 〖3а〗^2 х^3 у;авс)
Көпмүше деп нені атаймыз? ( Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)
Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? ( Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)
Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегенімз не? ( Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)
Қызығушылықты ояту
Сен мұғалімсің, қатесін түзе!
2х*10х=20х
х+3у-(4+〖3у〗^2)=х+3у+4+3у
2(3х-12+у)=6х+24у+2у
2ху-3хz+px=x(2y+3z+p)
2xy-3xz-px=2x(2y-3z+p)
Топтық жұмыс.
Теңдіктегі * орнына дұрыс теңдік шығу үшін бірмүшені жаз:
-12х^2 у-*=-24х^2 у(-12х^2 у)
2) Ұқсас бірмүшелерді біріктіру:
4х^2 у^3+23ху+34-13х^2 у^3-15=-〖9х〗^2 у^3+23ху+19
Көпмүшелерді қосу:
(2/3 ab+18b^2 )+(2 3/4 ab-〖4b〗^2+41)=45/12 ab+14b^2+41
Көпмүшелерді азайту:
(1 1/7 x^2-2 3/5 y^2 )-(35/14 x^2+44/7 y^2)=- 23/14 x^2-76/35 y^2
Жақшаны ашу:
4ху(х^2-2ху+у^2)=4х^3 у-8х^2 у^2+4ху^3
Деңгейлік тапсырма
Көбейтуді орында:
6(а-2в)
-2а^2 в(8а^3-4а^2 в^2-3ав^2+5в^3)
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 4а^3 в-10а^2 в^2+2ав^3
Оқулықпен жұмыс №221 (1,3,7) №222 (1,3)
Ең үздік оқушы тапсырмасы.
(5х-3)+(7х-4)=8-(15-11х)
Бағалау.
Үйге тапсырма беру №221, №222
Қорытынды