Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМДІ ЖЕТЕР МҰРАТҚА


26 октября 2013, 06:55 | 2 124 просмотра



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін өмірде қолдануға үйрету.

Оқушылардың шапшаң, ұйымшыл, белсенді топ болуға тәрбиелеу.

Баланың ой-өрісін, еркін сөйлеуге баулу,сөздік қорын дамыту.

Барысы:

Білім дегеніміз- күш

Күш дегеніміз-білім.

Білімді болу дегеніміз не?

Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы-түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі інжу-маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді,оны меңгеру ұшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек.Білімдіден шыққан сөз-дүниені нұрға бөлейді.

Білем деме, балам!

Білем деме балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған-

Көп нәрсені тоқиды.- деп Өтебай Тұрманжанов жырлағандай «Білімді жетер мұратқа» атты 2-3-4 сынып аралығында білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділдікпен баға берер сендерге,

Әділдікпен қара қылды қақ жарар.

Қазір енді қазыларды сайлайық

Ең алғыр топты таңдап алуға-дей келе әділғазы алқасын сайлап алайық .

Жоспар:

1 Таныстыру

2 Бәйге

3 Іздеген жетер мұратқа

4 Капитандар жарысы

5 Егер мен ......

6 Өз өнерін көрсету

Уа халайық, халайық

Бәріне жол салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Мұнда қызық табылар, Әр сабақтың бәрі бар.

Ал сайыскерлер балалар

Білімдеріңді сынайық!

1 кезең

Өнер құып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Таныстыру:

2 кезең

Бәйге

Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.

1 топ

1 Заттың қимылын білдіретін сөз табы

2 1 тәулікте неше сағат бар?

3 Мектептегі ең жоғарғы баға

4 Үш биді ата

5 Ке балалар оқылық кімнің өлеңі? Ы. Алтынсарин

6 Күзде жапырақ қайтеді?

2 топ

Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?

Екіні өз өзіне неше рет қосқанда 10 шығады.?

Мәтіннің неше түрі бар?

1 сағатта қанша минут бар?

Абай Құнанбаевтың шын аты

Ең үлкен бір таңбалы сан 9

3 топ

Көктемде алғашқы шығатын гүл

Заттың санын білдіретін сөз табы.

Ең үлкен екі таңбалы сан 99

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді

Жаңғыш пайдалы қазба

5 санының 8-ге көбейтіндісі 40

Ұпай сандары саналады.

3 кезең

Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды

Ана тілі

10- Ұлыстың Ұлы күні жасалатын қасиетті тағам наурыз көже

20- Қожа , Жанар, Сұлтан қай әңгіменің кейіпкерлері?

30- Көкек көктемнің нешінші айы?Көкек айын басқаша қалай атайды?

40- «Біз бұйтіп басымыз ауған жаққа жүре бермейік. Мекен тұтудың бір белгісі ұя салу. Сондықтан әркім өзіне лайықты ұя салсын.»Бұл қай ертегіден үзінді? Құстардың ұя салуы

Қазақ тілі

10- Сөйлем неден құралады? Сөзден

20- Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөз табы.

30- дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

40- жоғары,төмен, биік- аласа сөздері қандай сөздер? Карама –қарсы

Математика

10- 1 ғасырда неше жыл бар?

20- Аулада 4 тауық және олардан үш есе артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны неше?

30- 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? 30 ыдыс

40-Үшбұрыштың периметрі 17 см болса, екі қабырғасы 6 см болса, үшінші нешеге тең? 5см

Дүниетану

10- Қазақстанда қандай өзендерді білесің?

20 – Адам немен тыныс алады?

30- Әр адамның шағын Отаны.

40- Өсімдіктің жер асты мүшесі. Тамыр

Ұпай сандары есептеледі

5 кезең

Ортаға капитандар шығады

«Ұшқыр ой» Әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабысол әріптен басталады

А- Желтоқсан оқиғысы қай қалада болған Алматы

Ғ- Тоқтар Аубәкіров кім?

Д- Бізді ауырғанда емдейтін адам дәрігер

Ж- Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоө отау жұмыртқа

З- Қазақстандағы көл атауы Зайсан

И- Жеті қазынаның бірі

К- көру мүшесі көз

Қ- мемлекеттік тііл қазаұ тілі

Ә- үй құсы әтеш

Б- суда өмір сүретін тіршілік иесі балық

Г- машина тұрағы гараж

Л- қышқыл емес лимон

М- пән атауы математика

Н- қасиетті тағам

П- ең алып жануар піл

Р- гүлдің аты раушан гүл

Қ- құстың үйі ұя

Ы- кесе қасық бұл не ? ыдыс

І- киім ілетін зат ілгіш

Ш- әнұранның авторы Шәмші

Ұпай сандары саналады

Егер мен білімді болсам.....

Еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімді жұмсар едім!Қазақстанды жасыл желекке айналдырып, ең таза, гүлденген,өркениетті, бәсекеге қабілетті елдердің ең алдыңғы қатарына қосар елім. Егер мен .....

1 топ

Мектеп басшысы болсам....

2 топ

Ауыл әкімі болсам......

3 топ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болсам.......

Ұпайлар саны саналып кетеді

6 кезең

Әрзаманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бірі-бірін,

Тыңдаыйқ тамашалап, көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін

Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Осымен осы ойынды тәмәмдасақ

Бұл жарсты өткізер ме- ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Сөз кезегі адылғазы алқасына берейік

Марапаттау

Білім артық па жоқ әлде дүние-мүлік артық па?

Білім артық. Білім сені асырайды, ал дүниені сен асырайсың. Дей келе бүгігі сабағымызды аяқтаймыз

Автор:
Бибигуль БАРАКОВА, Байғазы орта мектебі-шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі. Кербұлақ ауданы.