Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАПЫРАҚ


26 октября 2013, 06:58 | 2 520 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін таныстыру.

2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту, қабілетіктерін дамыту, өсімдік үшін маңызын түсіндіру.

3. Өсімдік әлемін қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, әңгімелесу, демонстрациялау.

Түрі: Түрлендірілген

Қолданылатын көрнекіліктер: әр түрлі бөлме өсімдіктері, кеппе шөптер,

«Жапырақтың құрылысы» таблицасы

Сабақтың барысы:

І. Үйымдастыру кезеңі

• Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

• Бірнеше сұрақ беру арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

• Өркен дегеніміз не? Жауабы – жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ

• Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?Жауабы – бүршік бастапқы өркен. Кез келген өркен бүршіктен дамиды.

• Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде? Жауабы – буын аралығы ұзын болса, ұзарған өркен , буын аралығы қысқарған болса қысқарған өркен деп аталады.

• Өркен түріне қарай неше түрлі бүршік болады оларды ата? Жауабы – өркен түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі, гүл бүршігі. Өсу бүршігі ұзарған өркенде, гүл бүршігі қысқарған өркенде болады.

ІІІ. Жаңаматериалды түсіндіру кезеңі

Жапырақ – өсімдіктердің өсу мүшесі.

Қызыметі:

1. Ауадан көмірқышқыл газы су буын сіңіріп, жапырақтың әсерінен органикалық зат түзуі.

2. Жасушадағы артық суды буландыруы

3. Газ алмасу

4. Органикалық заттарды қорға жинау

5. Көбкюге қатысу

Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейді. Сағақ арқылы жалғасқан жапырақтарды сағақтыжапырақ деп атайды.

Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. Қынапты жапырақтар бидайықта, жүгеріде, қамыста, балдырғанда, күріште және т.б болады. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болады.

Жебе тәрізді (шырмауықта) кездеседі. Жапырақтың өсуі ұшынан өседі 30- 40 сөзылады. Жапырақтың тіршілік ету мерзімібірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Қарағай қылқанының тіршілік ету ұзақтығы 2-3 жыл; Кавказ самырсыны 9-13 жыл; шырша 5-12; Тиса қылқаны 6-10 жыл; емен 1-2жыл ; қаражиекте 1-4.

Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырпқ дейді ( оған терек, қарағаш, қайың, жөке жатады т.б).

Бір сағақта 2,оданда көп майда жапырақтар болса кұделі жапырақтар дейді.

1. Үшқұлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады.

2. Саусақ салалы сағақта 5-7 одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады м/ы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора.

Жүйкелердің қызметі:

Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағына жанама жүйкелер теңдей таралады.

Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерденбасталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады.

Паллель /қатарласа/ жүйкелену жүйкелер жапырақтардың ұшына дейін қатарласа созылады / бидай, жүгері өсімдіктері/.

Доғалану жүйкелену / доға тәрізді/ жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүкелер жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі.

Ү. Қорытынды.

Жапырақ тіршіліктің тынысы.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма.§ 14 оқу 23-26 суреттерді салу

Автор:
Бота АБДРАХМАНОВА Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейінің биология пән мұғалімі