Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ


26 октября 2013, 06:59 | 1 594 просмотра


Сабақтың мақсаты: Балаларды еліміздің орталық қалаларының атауларын қазақша дұрыс атап, елінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқан табиғаты тұнып тұрған бай ел екендігі туралы мағлумат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, мақтаныш сезімін ұялату. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Қалаларға саяхат», ойын элементтері, сұрақ- жауап, тақпақтар оқу

Сабақтың көрнекіліктері: қалалардың суреттері, күннің шуақтары, алма ағашы, балықтар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлем, Аспан ата!

Сәлем, Алтын күн!

Сәлем, Жер ана!

Сәлем, менің достарым!

Сәлем, менің халқыма!

ІІ. Кіріспе әңгіме:

- Балалар, бүгін біз саяхатқа барамыз.

Біз балдырған баламыз,

Саяхатқа барамыз!

Қалаларды аралап

Бәрін біліп аламыз!

- Балалар, саяхатқа қалай барамыз, Аспан атамыз ашуланып, бұлттанып тұр.

Аспан ата айтады, менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, бұлттанбаймын.

Бұлттағы тапсырмаларды орындау.

1 тапсырма – Қазақстанның картасы.

Қазақстан туралы әңгімелесу.

2 тапсырма – Менің Отаным - Қазақстан туралы тақпақтар айту.

Даниил: Менің елім алып ел,

Бар ғой онда бәрі де

Өзен де бар, көл де бар,

Теңіз де бар, шөл де бар.

3 тапсырма – ойын «Мен бастаймын, сен қошта»

Мальчик – бала,

Верблюжонок – бота,

Город - ...Родина - ...

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Біз балдырған баламыз,

Қай қалаға барамыз!»

- Балалар, мынау нелер?...

- Атырау қаласы балық өнімдерімен бай. Қазір біз балық аулаймыз. Суда неше балық бар? (балықтарды санау)

- Балықтардың түсі қандай? (түстерді қайталау)

«Біз балдырған баламыз,

Қай қалаға барамыз?»

Қарағанды қаласы қара көмірге бай қала. Көмір қара, көп екен. Балалар, көмірді жинауға көмектесейік.

«Біз балдырған баламыз,

Қай қалаға барамыз?»

Мынау – Шымкент қаласы. Бұл қала ақ мақтасымен бай қала. Мақта қандай?

Мақта туралы жаңылтпаш жаттайық.

Қар ақ, мақта да ақ,

Мақта қардай аппақ.

«Біз балдырған баламыз,

Қай қалаға барамыз?»

- Мынау нелер?

- Ағаштар.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

- Ағаштарда не өсіп тұр?

- Алмалар.

- Ағашта қандай алмалар өсіп тұр?

- Қызыл, үлкен, кішкентай.

Ойын «Алма кетті домалап,

Балаларды жағалап.

Кімде алма қалады

Бізге бір сөз айтады»

«Біз балдырған баламыз,

Қай қалаға барамыз?»

-Балалар, мынау не?

-Бәйтерек.

-Дұрыс, Астана қаласында Бәйтерек бар. Астана – ақ бидай астығымен бай қала.

-Бәйтеректегі тапсырмаларды орындау.

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Ойын «Дұрыс орналастыр».

Шарты: Қалалардың аттары жазылған, қай қала немен бай болса, сол суретті қаланың қасына жабыстыру керек.

V. Сабақты қорытындылау.

Автор:
Жаннат БОТАНТАЕВА Қазақ тілі пәні мұғалімі №6 балабақшаның орыс тілінде оқытылатын мектепалды даярлық тобы Текелі қаласы