Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«КИЕЛІ ЖЕТІ САНЫ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ КЕШ


26 октября 2013, 07:00 | 2 072 просмотра



Мақсаты:

Білімділік: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, шығармашылық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау, өз жауаптарын бағалай білуге үйрету, ойларын еркін жеткізуге баулу. Ұлттық сана-сезімді ояту, дәстүрлерді баптау.

Көрнекілігі: компьютермен презентациялар, интерактивті тақта, карточкалар.

Кеш жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

І кезең «Қасиетті жеті»

ІІ кезең. «Жеті ата»

ІІІ кезең. «Жеті ғашық»

IV кезең. «Жеті жұт»

V кезең. «Жеті жоқ»

VI кезең. «Жеті қазына»

ІІІ. Қорытынды бөлім.

1 «Математикалық киоск» көрермендермен сұрақ-жауап алмасу

Кіріспе бөлім.

І жетекші: Алдарыңызға математикалық кешке қатысатын топ оқушыларын шақырамыз.

ІІ жетекші: І топ - Жеті Керемет, ІІ топ - Жеті Жарғы

Негізгі бөлім.

Топтар өздерін таныстырғаннан кейін, ойынды бастаймыз.

І жетекші: Ойынның басталуы, І кезең «Қасиетті жеті» 10 «а» сыныбының оқушылары, яғни «Жеті керемет тобы» әлемнің 10 «ә»кереметімен таныстырады.

ІІ жетекші: Енді ІІ топ яғни «Жеті Жарғы» тобының мүшелерін тыңдайық. Әз Тәукенің жеті жарғысымен танысу (10 «ә» сыныбы таныстырады).

І жетекші: Енді ІІ кезеңіміз «Жеті ата».

І жетекші: Шығыс халықтарында, әсіресе қазақ халқында жеті атаны білу міндетті болған. Себебі қыз бен жігіт үйленген кезінде өзінің тегін, жеті атасына дейін білген. Жетінші ұрпаққа дейін туыстар бір-бірімен қыз алмаспаған.

ІІ жетекші:Екінші “Жеті жарғы” тобына:

1.Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?

2.Атасы немересінің жасын сұрағанда былай деп жауап берді: «Оның жасын аймен өлшегенде қанша ай болса, менің жасым соншада, екеуіміздің жасымызды қосса 65 шығады. Немересі мен әжесінің жастары нешеде?

І жетекші: Ал біз болсақ келесі кезеңге көшеміз. Келесі кезеңнің аты «Жеті ғашық».

Шығыс ақындары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар:

1.Ләйлі- Мәжнүн.

2. Зылиқа –Жүсіп.

3. Фархад- Шырын.

ІІ жетекші: Топтар алдарыңдар қималар тұр. «Жұбыңды тап» математикалық формулалар жазылған қима қағаздарды екі бөліп таратылып, жұптарын табасыздар, яғни формулаларды аяқтайсыздар.

І жетекші: Ойынды ары қарай жалғастырсақ. Көзді ашып жұмғанша біз ойынымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Келесі кезеңнің аты

І жетекші мен ІІ жетекші бірге: «Жеті жұт».

І жетекші: тапсырма. Мақал- мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою керек

ІІ жетекші: 1. ... жақсы қос болмас,

•... жаман дос болмас.

•2. Ер ... рет өледі,

•Қорқақ ... рет өледі.

•3. Ер көрмеймін деген жерін ... көреді,

•Ат баспаймын деген жерін ... басады.

Қатысушыларға осындай түрде көптеген мақалдар жасырылады.

І жетекші мен ІІ жетекші бірге: «Жеті жоқ».

Жеті жоқ туралы айтылады

ІІ жетекші: Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Жеті жоқ карточкада есептер беріледі.

І жетекші: «Жеті қазына». Жеті қазынаға: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Біздің қазынамыз білім. Әр топ басшысына сұрақтар қойылады, олар тез, нақты жауаптар беру керек.

ІІ жетекші: Әр топ басшысы ортаға шығады. Алда келе жатқан топ бірінші бастайды. Топ басшыларына математикадан сұрақтар қойылады. Оқушылар бір минутта көп сұрақтарға жауап беру керек. Барлық сұрақтар саны: 40. Әрбір топ басшысына 1 минуттың ішінде 20 сұраққа жауап беруі тиіс.

Қорытынды бөлім.

Автор:
Маржан ӘБІЛДАНОВА, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейінің математика пәнінің мұғалімі. Талдықорған қаласы.