Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗДАРҒА ҰСТАЗ БОЛҒАН НАР ТҰЛҒА


26 октября 2013, 07:22 | 4 176 просмотров



ДЕРЕКТІ ОЧЕРК

Мектепте жеке тұлғаның болашағы шыңдалады. Бүгін білім алып жатқан оқушылар – Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын азаматтар. Мектептің жақсы болуы – басшысынан. «Жақсы басшы – жарты бақыт» демекші қандай іс-шарада болмасын, жан дүниесімен, керемет іскерлік қабілетімен ұстаздарға айтар ақыл-парасатымен, өзінің қарапайымдылығымен көріне білген басшымыз – Тулегенов Ерғали Тұрғалиұлы Қуат Терібаев атындағы мектеп ұжымын үш жылға жуық басқарып келді. Үш жылдың ішінде мектеп ұжымы талай жетістіктерге жетті. Осы жетістіктерге жетуге Ерғали Тұрғалиұлының ықпалы зор.

МІНДЕТСІП, КІСІЛІКТІ БӘЛСІНБЕГЕН

Өмірінің қызықты да ұмытылмас студенттік шағымен қоштасып, өмірлік жары Күлшара Кенжебекқызы екеуі алып ұшқан жастық жігер көңілмен алғашқы еңбек жолын жас маман ретінде Ақсу жерінде қызметін бастады. Ұзақ жылдар бойы саналы ғұмырын жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруге, ауданымыздың білім саласының дамуына зор үлесін қосып келді. Өзінің еңбекқорлығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында елдің құрметіне ие болып, еліне елеулі, жұртына қалаулы азамат екенін дәлелдей білді. Әр кезде үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білді.

Ерғали Тұрғалиұлы еңбек жолы 1966- 1967 жылы Егінсу 7 жылдық мектебінің тәлімгерлік қызметінен бастады. 1967-1972 жылдары Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология мамандығын меңгерді. Жас маман 1972-1976 жылдары Діңгек ауылындағы Н.Есеболатов атындағы орта мектепте химия-биология пәндерінен сабақ берді. Жұмыс істей жүріп, қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Ауыл жастарымен тығыз байланыста болып «Жастардың идеялық ұстазы» деген атаққа ие болды. Білімі мен еңбекқорлығының арқасында 1976-1977 жылдары савхоздың жұмысшылар комитетінің председателі болып тағайындалды. Еңбегі әділ бағаланып 1978-1982 жылдары Қызылту ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің директоры болып қызмет атқарды. Жер үйлі мектеп гүлденіп шыға келді, бірге жұмыс істеген ұстаздар мына жыр жолдарын жолдады:

Мінезі алға ұмтылған, елпілдеген,

Қонақ жай кімде болса «келсін» деген

Талап пен қаталдықты қатар ұстап

Міндетсіп, кісілікті бәлсінбеген.

Сұрамас «шенің менен шекпеніңді»

Білімі мен білігі көпке үлгілі

Бауырмал жолдасқа да басқаға да,

Жоғарылай бер әрқашан құрметпенен.

ҰСТАНЫМЫ ЖЕТЕЛЕЙТІН АРМАНҒА

Сол жылдары еңбегі ескеріліп Павлодар қаласында өткен ХХІІ педагогикалық оқуға Алматы облысының және өзінің мектебінің іс-тәжірибесін көрмеге қатыстырып келді. 1982-1986 жылдары Сағабүйен ауылындағы Төлеген Тоқтаров атындағы мектепке директор болып ауысты. Дұрыс басқарудың нәтижесінде бұл мектеп аудандағы алдыңғы қатарлы мектептің біріне айналды. Білім министірі «марқұм» Балахметов мектеп ұжымының жұмысына риза болып, ақ батасын берген болатын. 1986-1990 жылдары Көкөзек ауылында оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырды. Совхозбен тығыз байланыста болып, оқушыларды тегін жолдамамен Москва, Ленинград, Минск, Киев, Орта Азия қалаларына саяхатқа жібертіп отырды.1990-1992 жылдар Аудандық Білім бөлімінің бас маманы, 1992-2010 жылдары Ақсу аудандық Білім бөлімінде инспекторлық, орынбасарлық қызмет атқарды.

Аудандық білім бөлімінде жүргенде қаншама жастарға тәлім-тәрбие беріп, адал ақ көңілімен білікті, білімділігімен қаншама мектеп басшысына, оқу тәрбие ісінің меңгерушілеріне ақыл- кеңес беріп, ұстаздарды береке-бірлікте еңбек етуге жұмылдырып, талай басшылардың биік белеске шығуына демеу бола білген дархан жан.

2010 жылдан бері мектепті «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, Білім беру ісінің үздігі, Ақсу ауданының құрметті азаматы Тулегенов Ерғали Тұрғалиұлы басқаруда. Ерғали Тұрғалиұлының оқушылары (химия пәні бойынша): Жолдыгүл (2010-2013оқу жылында), Төлеу Гүлназ (2010-2013), Ескендірова Айым, Ахметқали Айнара (2011-2012) аудандық пән олимпиадасының жүлдегерлері. Е.Т.Тулегеновтың суреті «Мектеп директоры» атты республикалық журналға жарияланған (2011 №3). Мектеп оқушыларының ҰБТ көрсеткіші жылдан жылға қарқынды өсуде. Мәселен:

2010-2011 оқу жылында 94,8;

2011-2012 оқу жылында 78,4;

2012-2013 оқу жылында бұл көрсеткіш - 86,6 орташа балды құрап, аудан бойынша екі жыл қатарынан І орынға ие болды.

Мемлекттік грант иегерлері (2010-2013):

•Лепесбаев Алихан – Жүргенов атындағы Өнер академиясының актерлық факультеті;

•Абылсейітұлы Олжас – Жүргенов атындағы Өнер академиясының ағаш өнімдерінің дизайны факультеті;

•Төлеубекова Қымбат – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультеті;

•Қанабекова Әлия – Астана қаласындағы аграрлық университеті;

•Төлеубек Гүлзат – Алматыдағы аграрлық университеті;

•Сағалбаева Элзира – Алматыдағы аграрлық университеті;

•Елтаев Еркебұлан – Семей қаласындағы медициналық университеті;

•Жұмабаев Данияр – республикалық Ішкі істер академиясы;

•Мұсағалиев Мақсат –Астана қаласындағы медициналық университеті;

•Ахметбекұлы Бірлік – Астана қаласындағы аграрлық университеті;

•Мейрамбекова Әлия – Алматы технологиялық университеті;

•Ертаева Еркежан – Алматы политехникалық университеті;

•Бейкутова Ләйлә – Тұран университеті;

•Бекишев Дархан – республикалық Ішкі істер академиясы;

•Арыстанов Жігер – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті;

•Тоқтасынқызы Жолдыгүл – Алматы аграрлық университеті.

ӘРІПТЕСТЕР АҚ НИЕТІ

Құрметті Ерғали Тұрғалиұлы сізді зейнеткерлік жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Мына өлең шумақтарын ұжымыңыз шын жүректен жолдайды:

Ұстаз құнын өтей алмас алтын да,

Таудай мұра қалдыратын артында

Ұстанымы жетелейтін арманға

Ұстаздарға ұстаз болған Нар тұлға

Жүректерге жылылығын сыйлаған,

Жан баласын жамандыққа қимаған

Алатаудай өр рухты кеңейіп

Құшағына тек жақсылық сыйлаған.

Ақылшысы бола жүріп жастардың

Ұжымыңды абыроймен басқардың.

Арқыраған Ақсуыңның төрінде

ДИРЕКТОРДЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

2010 жылы математика пәнінің мұғалімі Кайыпов Б аудандық шебер мұғалім байқауына қатысып, облыстық «ХХІ ғасыр -2010» байқауында ІІ орынды иеленді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұсағалиев аудандық «Үздік әдіскер» байқауында І орынды жеңіп алды. «Жылы сынып жетекшісі -2010» байқауында Ербатырова Айжан ІІ орынды, 2011 жыл Абжаппарқызы Мира ,2012 жылы Тасқынбаева Айгерім І орынды, 2013 жылы Самихов Серік ІІ орынды жеңіп алды. Тарих пәнінің мұғалімі Шермұхан Ләззат «Жыл-мұғалімі -2011» байқауында ІІ орынды, 2012 жылы Құсайынова Индира ІІ орынды, 2013 жылы Мұхамедқалиева Мариям ІІ орынды жеңіп алды. Мектеп ұжымы «Үздік ауыл мектебі -2011» байқауында ІІ орынды жеңіп алса, 2013 жылы «Үздік ауыл мектебі» І орынды жеңіп алды. «Жас маман» байқауына қатсқан мұғалімдеріміз құр алақан емес. Атап айтсақ: Абжаппарқызы Мира ІІ орын, Тасқынбаева А І орын, Рахманов Ринат ІІ орынды жеңіп алды.

2011-2012 оқу жылында облыстық пән олимпиадасына жолдама алған 3 оқушы да жүлделі ІІІ-і орынды иеленіп қайтты. Олар: Қалмұратов Қуаныш – 9 сынып оқушысы физика пәнінен (мұғалімі А.Ербатырова), 11 сынып оқушысы Ертаева Еркежан – орыс тілі пәнінен (мұғалімі Г.Рақымбаева), биология пәнінен Тоқтарова Меруерт (мұғалімі А.Тасқынбаева)

Ерғали Тұрғалиұлы білім жағына назар аударып қана қоймай, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуда тынбай еңбек етті. Мектептің безендірілуіне, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. 2013 жылы мұғалімдердің тамыз мәслихатында мектептің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінен І орын, оқушылардың ҰБТ бойынша жоғарғы нәтиже көрсеткен үшін І орын, мектептің оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысындағы көрмеде І орынды иеленіп, мектеп ұжымы үш рет Құрмет грамотасымен марапатталды.

Терең білім алу үшін мектебімізде толық мүмкіндік жасалған. Қазіргі кездегі оқу мен білім беру ісіне қатысты озық құрал-жабдықтар мен толықтай дерлік қамтамасыз етілген. Жаңалыққа жаны құмар, тың идеялардың ұйытқысы Ерғали Тұрғалиұлы - ұстаздар қауымын, оқушыларды, ата-ана, кіші қызметкерлерді үнемі ынталандырып, жігерлендіріп отырады. Ең алғаш аудан мектептерінің ішінде мектеп ұжымымен бірге «Қуат Терібаевқа 120 жыл» мектепаралық ақындар айтысын ұйымдастырды. Барлық оқушыларға тегін тамақ ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Ұжым болып демеушілік жасады, ауыл ақсақалдары батасын берді. Осы тәртіп биыл да жалғасын тапты. Қуат ата келіні Ажар Сеңкібайқызы бастаған ұрпақтары мерейтойға келіп, ризашылығын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫҢ!

Құрметті Ерғали Тұрғалиұлы! Біз сізді биік адамгершілік, шынайы достық тілеулестік, шыншылдық, бірбеткей қасиеттеріңіз үшін құрмет тұтып, қадірлейміз. Отбасының алтын діңгегі, балаларының қамқоршысы, немерелерінің ардақты атасы, жары Күлшара апайдың арқа тұтар сүйеніші, ұжымың, дос –жаран, ауылдастарың үшін Ер ағасы, Ел ағасы болып, ұзақ өмір кешіп, аман-есен жүре беріңіз.

МАРАПАТТАРЫ:

•«1986 жыл «Министерство Просвещение ССР» грамотасы

•1999 жыл «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі»

•2008 жыл Қазақстан Республикасының «Құрметті Қызметкері» төсбелгісі

•2009 жыл Алматы облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы

•2009 жыл Алматы облысы әкімінң Құрмет грамотасы

•2010 жыл Алматы облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы

•2010 жыл «НұрОтан» ХДП Құрмет грамотасы

•2010 жыл Алматы облысы әкімінң Құрмет Грамотасы

•2004-2010 жылдар аралығында Аудан әкімінің «Алғыс хаты», «Құрмет грамоталары», «Құттықтау хаттарымен» марапаталды

•2012 жыл Аудандық білім бөлімінің Елеулі еңбегі грамотасы

•2011 жыл ҚР Тәуесіздігінің 20 жылдық медалімен

•2013 жыл «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды

ӨСІП-ӨНГЕН ЖАНҰЯ

Отбасы: 2 ұл, 2 қыз, 7 немересі бар ардақты әке, қамқор ата.

Ұлдары, қыздары жоғарғы білімді, Алматы қаласында өз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. Жұбайы Күлшара Кенжебекқызы Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», ауылдағы әйелдер кеңесінің төрайымы, медиатр.

Автор:
ДЕРЕКТІ ОЧЕРК Мектепте жеке тұлғаның болашағы шыңдалады. Бүгін білім алып жатқан оқушылар – Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын азаматтар. Мектептің жақсы болуы – басшысынан. «Жақсы басшы – жарты бақыт» демекші қандай іс-шарада болмасын, жан дүниесімен,