Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӘДІСКЕРДІҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ


3 ноября 2013, 06:13 | 3 711 просмотров



Әдісшінің жұмысының негізгі бағытты ол, мекемедегі мамандармен әдіскерлік жұмыстар жүргізу, мамандардың білімдерін жетілдіру, зерттеу, педагогикалық жұмыстарын жоғарғы деңгейде көтеру. Осы бағыттармен сәйкес әдіскердің негізгі жұмыс пішіндері анықталады.

Арнайы мекемелерде әдістемелік жұмыс нағыз ұйымның ортасы әдістемелік кабинеті болып табылады. Бөлме ол үшін қолайлы қажетті материялдармен жабдықталып және барлық бөлмелер бойымен тәрбиелік, балаларға білім беретін жұмыстар қамтылған болуы тиіс.

Арнайы мекеменің әдіскері өзіне жүктелген міндеті бойынша,

- педагогикалық кадырларға арнайы өз мамандығын жетілдіру үшін, курстар мен семинарларға және білім жетілдіру институтына жолдап, есептер жүргізу.

- педагогикалық кадырларға әдістемелік жұмыстарды саралап және бағыттайды; семинар ұйымдастыру, оқуы мен тәрбиеленуінде ең күрделі көкейкесетін сұрақтарға кеңестер беру.

- Топтық және дара кенестер өткізу: педагогикалық дағдыларды өз білімінде көмек көрсету.

- Педагогика кадырларға семинар ұйымдастыру, практика, лекция, кеңестер, тәрбиеленуі мен оқуында күрделі көкейкесетін сұрақтарға кеңестер ұсынып әдістемелік бағыттар беру.

- Педагогикалық кадырлармен тәжірбиелік жұмысында (педагогикалық жағдайларда әнгімелесу, пікірталас, конференция, талдау т.б.) әр түрлі формада қолдану.

Әдістемелік бөлмеде әдіскердің күнделік жазбалары, арнайы білім беру мекемесіндегі мамандарға арналған баяндамалар, балалар мен жұмыс тұралы күнтізбелік жоспар, көрнекі құралдар, электронды жазба тәжірбиелі педагогикалық материялдар болуы қажет. Әдістемелік кабинетте арналған материялдардың барлығы дұрыс орналасқаны өте маңызды. Балалардың ойлау қызметіне, тәрбиенің міндеттеріне, физикалық түрде, мерекелерге арналған т.б. көрнекілермен жабдықталу қажет.

Әдістемелік жұмыстың формаларының бірі мамандармен әнгімелесу. Әдіскер маманның педагогикалық жұмыстарын тексеріп, берген мәліметтерін қортындылайды. Әнгімеге шақырмас бұрын алдымен мақсатын, қойылатын сұрақтарын ойластырады. Еркін әнгіме ашықтығына маманды орналастырады. Әдістемелік жұмыс әдіскерден үлкен ұстамдықты талап етеді. Әріптесін ықыласпен тыңдау, сын тілектерін қабылдау т.б. Жас мамандарға әдістемелік көмек, ұжымдағы тәжірбиелі педагогтардың жұмыстарын көрсету мамандығын жетілдірудің тиімді формасы. Бұнда тек тәжірбиелі мамандар жұмыстарын көрсету керек. Сондықтан да тәжірбиелі ұстаздардың бірін жас маманға тәлімгерлікке ұсынады.

Озық педагогикалық тәжiрибенiң пайдалануының мәнi бiр қызметкер жұмыстың осал жақтарын күштірегі жағы толтырады. Сондықтан жетекшi ұжымда адамдардың өз iсін сүйетiн, дарынды, үнемі іздену үстіндегі, өз бiлiмдері мен тәжірбиесін бәрiн әрiптестеріне бәрін жете түсіндіретін мамандар іздеуі қажет. Педагогтарға, тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету мақсаты, балалардың оқуы мен тәрбиеленуі тиімді өткізу үшін педагогикалық кабинеттер бөлінеді. Әр қызметкер онда өзіне қажетті материялдар мен меңгерушіден кеңестер алып, әріптестерімен ақыл-кеңестер алады. Меңгеруші немесе әдіскер таңдаулы әдебиеттер алуын жүзеге асырады және бағдарламалар, әдістемелік құрал, тәрбие бойымен материялдарды жүйелейді, өзық тәжірбиелі мамандардың жұмыстары стенке, жылжымалы орынның-папкасы, көрмелерге ресімдейді.

Әдісші уақытылы шығарылып туратын оқу құралдарын кабинетке толықтырып турады. Меңгеруші мен әдіскер мамандарға көрнекі құралдады тиімді пайдалану сауалдары туралы кеңестер береді. Педагогикалық бөлмеде өз білімдерімен алмасу, әріптестердін барлық шығармашылық жұмыстар үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.

Кез келген маман кеңес бергенде, семинарда, педагогикалық кеңесте белсенді қатысу үшін не істеу керек? Педагогтын өз жұмысын немқұрайлық қарағанынан қалай кұтқару керек?

Бұл әр мекеме басшыларының көкейінде жүретін сұрақтар. Педагогтарға әдістемелік іс шаралар өткізгенде активизациялық әдістеме жүргізіледі ол, әдіскерге кадырлармен жұмыс істеуіне көмегі тиеді.

- Активизацияның ең күрделі әдісі ол- жағдайлар мен мәселелер, тәжірбиедегі нақты мысал ретінде көрсетілген мәселені шешу. Тәрбиешілерге көмек ретінде бірнеше сұрақтар беру.

- Диалог, пікірталас қазіргі уақытта нақты құралдардың бірі болып табылады. Дегенмен әріптестер арасында сұрақтарды талқылағанда диолог формасында немесе дау арасында толықты ешкім игермеген.

- диалог ол екі адамнан немесе бірнеше адамдардың әнгімесі. Әр қатысушы әнгіме барсында өз ойларын жеткізеді.

- Пікірталас мәселенің туындаған сұрақтарын қарастырады, зерттейді. Бұл талқылау әдісі ортақ позицияға келуі керек.

-тәрбиешінің жұмыс күнінің имитациялық әдісі. Педагогқа әр жастағы баланың мінездемесін береді, мақсаты мен міндеттер қалыптастырады және өз жұмыс күнінің үлгісін ұсынып шешімін шығарады.

- Педагогикалық сөзжұмбақтар және перфокарталар ой өрісін дамытатын нақтылы тақырып бойымен педагогтар мен тәрбиешілердің білімін анықтап алуға көмектеседі, демек балалармен жұмыс сапасына да әсер етеді.

- инструкциялы-нұсқамалы құжаттармен жұмыс. Тәрбиешіге таңысуға алдын ала сол және басқа да құжаттар ұсынылады, оны өз жұмысына қолданады, және өз кемшілігін жою бойымен жұмыс жоспарын ұйымдастырады. Бұны әркім өз алдында орындайды, ал пдагогикалық кеңесте сол мәселеге әр түрлі әдіс тәсілдер мен шешімдер қарастырады.

- Әдіскер балалармен әнгімелеседі, міңез- құлықтарын талдап құжаттар дайындайды. Тәбиешілер олармен танысып зерттеп, балалардың дамуын талдайды, осы балалармен жұмыс істейтін маманға көмек көрсету ретінде бір неше ұсыныстар беріледі.

- әдістемелік ойын пішіндеуге ынталандырады, нақты педагогикалық мәселелерді биік белсенділікке жетілдіруге шақырады.

Ғылыми жалпылама әдіскер мен меңгерушінің бүгінгі талап еткен сапаларды ерекшелеуге мүмкіндік береді.

1. Меңгеруші (әдісші) атқарылатын жұмыстың мақсаты және өз мақсаттарын анықтауға міндетті.

2. Көптеген әдістемелік басқарулар ескірген. Сондықтан жаңа, қазырғы талапқа сай тәсілдерді талап етеді, және меңгеруші қарым қатынаста басқару тәсілдерін өз қол астындағылардан артық меңгеруі керек.

3. Өзіне қолайлы мүмкіндікпен күресте жаңа тәсілдер талап етіледі. Сондықтан да әдісшіден жаңа әдістерді шапшан зерттеуге басқаларға көмектесуге және практикалық дағдыларды игеруге талап етіледі.

4. Ұйымдастыру жүйелері қазіргі әдіскердін талап етілген оқыту үшін барлық жадайларды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан әр меңгеруші өз тұрақты меншікті өсуі мен дамуын қолдап отыру керек.

5. Әдіскер өз жұмысында бұйрықтар мен ҚР нұсқауларын, жоғарғы білім органдарының номативті құжаттарын орындауы қажет.

Жоғарыда аталған сапаларын меңгергее әдіскер арнайы мекемедегі білім беру жұмыстарын тиімді ұйымдастырады.

Автор:
Мөлдір АДЫРБАЕВА Талдықорған қаласының «№2 облыстық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы» әдіскері