Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ


3 ноября 2013, 06:16 | 1 923 просмотра


Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы Мемлекеттің ертеңгі күн тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру әрбір ата-ананың, мектептегі мұғалімдердің міндеті. Бала тәрбиесінің үштен бірін үйдегі ата-анасынан алса, тағы бірін мектептен, қалғанын қоршаған ортасынан, айналасындағы адамдардан, достарынан алады. Кез-келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Міне, осы ретте мектептегі дене шынықтыру пәні бала өмірінде маңызды роль атқарады. Өйткені дені сау, қимылы ширақ, өзін жеңіл де сергек сезіне білген бала ғана қатарының аллды, озат оқушы бола алады. Спортпен айналыспай, бойкүйездік пен енжарлыққа бой алдырған баланың денсаулығындағы ақаулық оның мінезіне, жүріс- тұрысына кері әсерін тигізеді.

«Дене тәрбиесі» деген сөз «дене мәдениеті» дегенді білдіреді. Бұл дененің жақсы өсіп жетілуіне, мәдениетті түрде қарай білуіне, денең дұрыс өсіп жетілсе, ол ойлаған арман –тілегіңнің орындалуына да көп көмегін тигізеді деп сенуің керек. Адам табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте күрделі құбылысы. Ендеше адам шын мәніндегі адам болып шығуы үшін оның рухани мәдениеті мен тәрбиесі мәдениетті, яғни оның барлық адамдық қасиеттері өзара үйлесе бір тұтастықты жүйелі түрде дамуы қажет болады. Мәдениетті адам еңбектің қадірін де жақсы біледі және оның еңбегі же жемісті болады. Ал, дене тәрбиесі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім алуына септігін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең басты артықшылығы ол қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Дене тәрбиесі қозғалыс қимылға үйрену және дене қасиеттерін тәрбиелеу секілді өзара байланысып екі ерекшелікті білдіреді. Қозғалыс-қимылға үйрену адамның өз қозғалыс қимылын басқарудың тиімді тәсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы арқылы өмірде қажет болатын қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын және онымен тығыз байланыстағы біліктілікті игеру секілді дене тәрбиесінің арнайы мақсатын көздейді.

«Сау дене, озат оқып, адал көңіл,

Үшеуімен болады бақытты өмір»- деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті- бастапқы білім берумен қатар жан-жақты жарасымды , жүйелі, интеллектуалды рухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру болып табылады.

Жалпы дене шынықтыру жасөспірімдердің күш-қуатын арттырып, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырының жүйелі жұмыс істеуіне ықпал етеді. Қазақстан Республикасы – әлемдік спорт жетістіктерімен әйгілі болған ел. Қазақстанның көптеген спортшы атлеттері әлем спортының майталмандарына айналды. Өз дербестігін алған біздің мемлекетіміз спортты дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Қазақстан халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстан спортшылары өткен жылдар ішінде барлық әлемдік біріншіліктерге, сондай-ақ, қысқы және жазғы олимпиада ойындарына қатысып, өте жоғарғы нәтижелер көрсетті. Еліміздің көптеген атлеттері әлемдік спорт тарихына енді. Балуандар Әбілсейт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, боксшылар Әбдісалам Нұрмұханов, Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраймов, шаңғышы Владимир Смирнов, ауыр атлетиктер Илья Ильин, Анатолий Крапатый, гимнаст Нелли Ким сияқты спортшыларымызға Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары кезінде, сондай-ақ, аса ірі халықаралық жарыстарда ел мәртебесін биіктете түсті. Күш қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылатындықтан, жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру және дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру аса қажет. Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты ең алдымен дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы және онымен айналысудың тиімді жолдары туралы білім береді. Сонымен бірге адамның өмірге деген құштарлығын да арттырады. Балаларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды түсіндіре отырып, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан- жақты жетілген азамат тәрбиелеу.

Автор:
Ж.К. ТУНГАТАРОВ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Байзерек орталау мектебі, Алакөл ауданы