Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


24 ноября 2013, 07:35 | 1 421 просмотр



Бала тәрбиесі аса бір жауапты, сонысымен құрметті. Матайбаева Зәуре Тәжібайқызы сол құрметтен абыроймен шығып келе жатқан абзал жанның бірегейі. Олай дейтініміз ол өзінің саналы ғұмырының басым бөлігін бала тәрбиесіне арнап келеді.

Зәуре Тәжібайқызы бүгінде мерейлі де мерекелі 50 жасқа толып отыр. Талдықорған қаласында №4 балабақшасы ашылғаннан бері осы мекемеде қызмет атқарып келеді. Ол мыңдаған сәбиді қанат қақтырып ұшыра білді. Сонысымен құрметті. Ұжымында мерейі үстем. Сыйлы да сүйкімді. Жастардың тәлімгері. Тәжірибелі маман. Бүгін біз Зәуре Тәжібайқызын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Әлбетте, еңбегіне толағай табыс, деніне зор саулық, бақытқа толы өмірі тек қана қуыныш пен шаттықты болсын деген тілек білдіреміз. Қабыл алыңыз!

Автор:
№4 балабақшасының ұжымы.