Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА АҚЫЛ ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ


24 ноября 2013, 07:37 | 2 168 просмотров



Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы танымдық әрекетіне байланысты. Танымдылық процесінің ішіндегі ең күрделі- ой.Оқу процесі кезінде бала миында жүріп жатқан процестерді қарастыра отырып баланың ойлау белсенділігін туғызудың қажетті жайларын туғызады ойластырады.Балаларды ойлауға үйрету үшін кейбір мұғалімдер оларды танымдың білімінің интелектуалдың қуаныш сезімінің қалыптасуына еңбек етуге білуге құштарлығың және оның одан әрі дамуына жағдай туғызады. Балалардың қоршаған дүние туралы ойлауының бірінші мектебі- олардың бойында көптеген сұрақтардың тууы мен ол сұрақтарға мұғалімнің дұрыс жауап беруіне байланысты .Сонымен ойлау процесінің сұрақтан басталатыны мәлім. Бірақ кез-келген сұрақ ойлау процесінің тууына түрткі бола бермейді.

Ойлау дегеніміз- қойылған міндетің мазмұны мен типіне қарай іріктелген біліммен жұмыс жасау. Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мативі кейбір әжептеуір етуі мүмкін.Адам оның шешімін қажырлы және табанды түрде іздестіре алады .Адамның мұндай ізденісті перспективалы және шығармашылық құрметіне ең «ақылды» машинаның да өрісіне жетпейді.

Ойлау арқылы заттары мен құбылыстардың болашақ дамыу өзгеруін қарайды.

Ой танымының ең жоғарғы сатысы ойлаудың тілдің формасы-сөз.Сондықтан да ойлау мен сөйлеу біртұтас процесс

Мектеп оқушыларында тәрбие процесінде ақыл-ой тәрбиесі әдетте арнайы бөлінбейді. Ол оқыту және оқудан тыс сан алуан жұмыс практикасында жүзеге асады. Оқытуда ақыл- ой тәрбиесі жетекші болып саналады. Өйткені белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл ойдың бірде-бір бағалы қасиеті бір жүйеге келтірілген білімі дами алмайды. Ақыл –ой қабілетінің дамыту ушін оқушының дербес жұмыс істеуін ұйымдастырудың алатын орны ерекше. Акылой сыншылдығының дұрыс бағытта өрістесіп оны диспуттар талқылаулар, дискусиялар ұйымдастыруды жақсы пайдалануға болады. Қазіргі кезде бұл бағыт кеңінен қолданып отыр. Дискусияларға қатысу оқушыларды жалаң мәліметтер мен пікір айтуға емес дәлелдер айтып беруге қабілетті қалыптастырады.Осындай байланысы бар шығып сөйлейтіндер тілдің дамуына да жәрдем етеді.Оқу процесінде оқушының басқа психикалық процестермен бірге ой қойылып дамытып отыру қажет .Оқу процесін саналы ұйымдастыруда баланың ерік жігерлігі ,көніл-күйін тәрбиелеп отырудын маңызы зол. Бұл үшін мұғалім оқушының өз іс-әрекетін саналы мақсатты түрде ұйымдастырылған тиісті мақсатқа жету жолында қиындықты жеңіп отыруын қадағалайды.Оқу процесінде әр-түрлі дәрежелі,әр сипатта қиындықтарды жеңу үстінде оқушының ерік- жігері шынығады.ол жетістіктер оқушыны жаңа дәрежесіне көтерімді.Олай болса бастауыш мектепті оқушылардың тек шығарманың мазмұнын түсінуі,ауызша мазмұндауымен шектелмей,олардың шығарма ,маөмұндама,суреттеме,мінездеме сипаттама жазу тағы басқа творчестволық жұмыстарын ұйымдастыра отырған тиімді. егер шығармаларды қабылдауда ойлау ,қиялдау,елестетуде әр алуан оқиғалармен қасиеттері әр түрлі байланыстар мен тәуелділіктерді бейнелесе,оқушылардың эмоция мен сезімдерде,түйсігінде өзіндік көзқарас,пікір қалыптасады.

Эмоция мен көңіл ірі адамның іс- әрекетәне, ой дүниесіне мінезқұлықына ерекше мән беріп,оның мазмұнынмағынасына байытап отырады. Бастауыш оқу мазмұнының жетілдірілуі оқушы акыл –ой процесінде дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлуді талап етіп отыр. Ақыл –ой қабілет дамудың деңгейін оқушылардың меңгерген білім жүйесіндігі өзара сабақтастықты саналы ұғынуына ,ол білімнің мағынасы мен мағынасына үңіліп ,олпрды бұрынғы білім жүйесімен сабақтастыра білу іскерлігіне білім мазмұнын баяндауға ,сөйлеу тіліндегі ой жүйесінің логикалық байланыстырылған қарап айқындай аламыз .Мұндай дағдыларды меңгеріп оқушы оқу жұмысының қай саласында ақыл – ой белсенділігін өзінден дербестігін көрсетіп отырады.

Л.С.Выготснидың пікірінше оқу психологиясының негізгі мәселесі-ақыл ой мүмкін дегенің жоғарғы сатысында көтерілу еліктеудің көмегімен баланың білетін іскерлікке көшуі оқудағы дамытудың бүкіл мәнімен маңызы соған негізделген,жуық арадағы даму аймағы деген ұғымының мазмұны да осында...

Оқудың мәні баланың жаңағы оқып, үйренуіне негізделеді.сондықтан да баланың ақыл ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәндіболмақ.

Салыстыру ой әрекетінің ең қарапайым түрін сонымен әдеби шығармаладры оқыту ой әрекеті оқушыларды жаттықтыру үшін керек және де тіл дамыту пәнін оқытуда оқушыларға аналитикалық –синтетикалық ақыл ой дағдылары үйрету үшін үнемі үздіксіз жүзеге асыруды тиіс.ақыл ой әрекетін даму ережесіне сәйкес мынадай түрлерге бөдінеді : көрмекті әрекеттер,көрнекті бейнелік,абстракталы теориялық ойлауға үйретудің алғашқы сатысы, көрнекі көріп қабылдау.Көрнені арқылы бала ойлайды соны тіл арқылы жеткізеді .

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда математикалық сабақтың алатын орны ерекше,өйткені ол бойынша орындалатын әрбр жұмыс ой белсендігігін қажет етеді.

Автор:
Жанат АМАНТАЕВА, Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі. Талдықорған қаласы.