Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МЕН ЕЛІМДІ СҮЙЕМІН» С. МӘУЛЕНОВ


24 ноября 2013, 07:51 | 6 313 просмотров



Мақсаты:

а) Оқушыларды түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге туған жер мен өскен ел жайлы білетіндерін қорытындылай келіп, оларсыз адамның күні жоқ екеніне көз жеткізу.

ә) Сөздік қорларын, білімдерін дамыту.

б) Туған жерді құрметтеуге елжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жарыс сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік, топтық

Көрнекілігі: қаттамалар, Мемлекеттік рәміздер, кітаптар, сурет көремесі

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгін бізідің сабағымыз жарыс түрінде өтетін болады.

Сабақ барысында болатын түрлі тапсырмаларды орындауға әзірміз бе?

Олай болса сабағымызды бастайық.

ІІ- топқа бөліну

І- топ« Болашақ » тобының ұраны:

Асуларды алады жастар әлі

Зор болашақ бүгіннен басталады.

ІІ – топ

«Аманат »тобының ұраны

Біліммен ғибрат –

Ертеңге аманат

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткенді қайталау

1)Еліміздің рәміздерін ата, неше жыл толып отыр?

2)Тудың авторы кім? Сипаттап бер.

3)Елтаңбаның авторы кімдер? Сипаттап бер.

4)Гимннің авторлары кімдер?

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Мен елімді сүйемін » авторы Сырбай Мәуленов – еліміздің көрнекті ақыны. Ол 1922 жылы туған, 1993 қайтыс болған. Оның «Балалық шақ», «Ақ түн», «Алыс кетіп барамын» сияқты көптеген кітаптары бар.

1)Мәтінді оқып беру түсіндіру.

2)Іштей оқу, жеке – жеке тізбектей оқу

Жазушының көңіл - күйін түсіну

-Жазушы туған ел неден құралады дейді ?

-Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?

-Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?

-Туған елдің тілі барша жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

ІV. Түсінгендерін тексеру.

2. Туған жер, туған тіл туралы өлеңдер оқып жарысу.

«Туған тілім» Д.Әбілов. «Үш бақытым» М.Мақатаев. «Туған ел» С.Сейфуллин

3. Мақал-мәтел

«Жалғасын тап»

1)Өз елім... (өлең төсегім)

2)Туған елдей ел болмас... (туған жердей жер болмас)

1) Өзге елде сұлтан болғанша... (өз еліңде ұлтан бол)

2) Болапан ұядан не көрсе... (ұшқанда соны іледі)

1)Отан... басталады. (отбасынан)

2)Елінен безген ... (ер оңбас)

1) Елімнің басы болмасам да,... (сайының тасы болайын)

2) Ит тойған жерінде, ... (Ер туған жерінде)

1)Туған жер – алтын ... (бесік)

2) Отан – оттан да ... (ыстық)

Мен қазір сұрақтар беремін, сол сұраққа мақалдап жауап берулерің керек.

1)Білгенің қанша, білмегенің қанша? (білгенің 9, білмегенің 99)

2)Түкіріктен көл бола ма? (көп түкірсе көл )

1)Адамда арқау бола ма? (Ас адамның арқауы )

2)Жас келсе неге? (жас келсе іске)

1)Өтірікші кімді алдайды? (өтірікші өзін - өзі алдайды)

2)Көпке не шашпа? (топырақ)

1)Дос басқа қарайды, дұшпан қайда қарайды? ( аяққа)

2)Дос жылатып айтады, дұшпан қайтіп айтады? ( күлдіріп)

1)Тауық түс көре ме? (тауық түсіне тары кіреді)

2)Сиырдың сүті қай жерде? (тілінде)

1)Бейнет түбі не? (зейнет)

2)Не қылыштан өткір? ( тіл қылыштан өткір)

1)Оқу не қазғандай? (Оқу инемен құдық қазғандай)

2)Ұстазы жақсының несі жақсы? (ұстамы жақсы)

4. Тест тапсырмасын орындау

5. Ребус шешу

жауабы 1. Атамекен

2.Туған ел

V. Сабақты қорытындылау:

Әділ қазыларға сөз беру

Жеңген топты мақтап, марапаттау

VІ. Бағалау

Қазақстан - менің асыл аймағым

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің еді көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап, - демекші білімді жас ұрпақ – сендерге, «Әділдік әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады» - дейтін әділ қазыларға көп рахмет!

Автор:
Б.С АСАНОВА, Надек орта мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Панфилов ауданы.