Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ "ШЕБЕР ПЕДАГОГ – ДАРЫНДЫ БАЛА"


24 ноября 2013, 07:53 | 3 572 просмотра



Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, тұлғаның шығармашылығын дамыту,әдістемелік көмек беру.

Міндетті:1.Өзара қарым – қатынасын қалыптастыру.

2.Психологиялық қолдау көрсету.

3.Шығармашылыққа бағыт беру.

Қатысушылар:Тәрбиешілер

Қажеттіқұралдар: А3 қағазы,түрлі-түсті маталардың кескіні, табиғи

материал, желім, қарындаштар.

Тренинг бағдарламасы:

1.«Танысу» жаттығуы

2.Тәрбиешілерге арналған сауалнама.

3.«Матаның кескінімен, табиғи материалдармен жапсыру» әдістемесі

4.«Жетістік ағашы» жаттығуы

5.Релаксация

Кіріспе сөз

Психолог:Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар!Бүгінгі«Шебер педагог– дарынды бала» атты кездесуімізге қош келдініздер !

Тренинг барысындағы жұмыс ережесі:

Сенімділік, белсенділік, әріптестерге сыйласымдық таныту.

1. «Танысу» жаттығуы

Психолог:Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық.Әркім өз есімің атап, есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады. Енді, оң жағыңызда отырған көршіңіздің есімінің бастапқы үш әрпінен тұратын қасиеттерді атай отырып, тілек айтасыз.

3.Тәрбиешілерге арналған сауалнама

1.Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?

2.Сізге балабақшада жұмыс жасаған қиын ба?

3.Сіз балалармен ортақ тіл табыстыңыз ба?

4. Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз?(балаларды немен қызықтыра аласыз?)

5.Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы ма?

6.Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?

7.Сізге біздің ұжымда жақсы ма?

8.Қазіргі оқыту және тәрбиелеу жүйесі жақсартылуы мүмкін деп санайсыз ба?

9.Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін өзгертуге өзім де қатыса алам деп ойлайсыз ба?

4.«Матаның кескінімен, табиғи материалдармен жапсыру» әдістемесі

Психолог: енді келесі жұмысымыз, ол – жапсыру. (Жаймен музыка ойнап тұрады). Алдарыңызда берілген ақ парақтың бетіндегі суретке бояудың орнына табиғи материалдарды, яғни: (қарбыздың, қауынның, құрманың дәндері,сабан таяқшалары) жапсыруға пайдаланамыз.Жұмыстарыңызға шығармашылық,тілеймін!

«Жетістік ағашы» жаттығуы.

Мына ағашқа назар аударыныздар. Алдыларыныздағы түрлі-түсті жапырақтардан өздеріңізге ұнаған жапрақты тандаңыздар. Ағашқа жапсырыныздар. Жасыл жапырақ тандағандарды табыс күтеді. Қызыл түсті тандағандар қарым-қатынас жасағысы келеді. Сары түсті – белсенділікті көрсетеді. Естерінізде сақтаңыздар ағаштың әдемлігі сіздерге байланысты,

Баланың болашағы сіздердің талаптарыңызға, ізденістерінізге, баладан күтетін нәтижеге байланысты.

5. Релаксация (табиғат әуені ойнап тұрады)

Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі, күн жып-жылы, нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры түсіп, бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз далада ағаштардың жапырақтары жайқалып, гүлдеп жасыл желекке айналған.

Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен,сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыласыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі. Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, мұқиятқарайсыз.Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаға қарайсыз. Соңында сіз, жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде өз қорқынышымызды, үрейімізді,сенімсіздігімізді ,барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.Сіздер көңілді, қайратты, қажырлысыздар.

Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін...

Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәрі де болады !

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз.Сіз- таланттысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

Бүгінгі кездесуіміз өз мәресіне жетіп, сіздер жақсы әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Жұмыста сіздерге үлкен табыс тілеймін!

Қездесуіміздің соңында қатысушылар бүгінгі кездесу-тренингінен алған әсерлерімен бөліседі.

Автор:
Алмагуль БУРЛИБАЕВА «Жұлдыз» бөбек жай-балабақшасының педагог-психологы Балпық би ауылы, Коксу ауданы.