24 ноября 2013, 07:54 | 2 681 просмотр
Күз :
Құрметті қонақтар ! Ата-аналар кішкентай бүлдіршін балдырған балалар мен сендердің балабақшаларыңа сонау алыс жақтан қонаққа келдім. Міне көзді ашып жұмғанша күзде келді Жаз мезгілі де бізбен қоштасып басқа жаққа қыдырып қонаққа кетіпті енді осы керемет үш айда мен сендермен бірге боламын . Табиғаттың төрт мезгілінің ішінде ең әдемі керемет мезгіл ол мен боламын қараңдаршы жердің бәрі сап-сары алтын кілем жайғандай адамдар күзгі астықтарын, жеміс-көкөністерін жинап қысқа дайындалып жатыр. Күзден кейін қылышын сүйреп қыста келеді. Балалар жай келген жоқпын мен сендерге өзіммен бірге күз мезгілі жайлы қызық ертегі ала келдім !
Қане тыңдаймыз ба ?
Ендеше бастаймыз !
Күз мезгілінің ертегісі :
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, сонау Жетісу өңірінің жанында Талдықорған қаласында Алмалы-шиелі деген бір ауыл болыпты. Осы ауылда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың екі немересі бар екен Жаннұр мен Бекарыс деген. Олар ата- әжелеріне жиі-жиі келіп тұрады екен. Өйткені ол ауыл өте әдемі немерелері әжелерінен күнде-күнде қызықты ертегі тыңдап әжелерінің жанынан шықпайды екен. Ата мен әженің үйінде бау-бақша , неше түрлі жеміс-көкөністер тіпті егін астық та бар екен. Міне бақшада өскен керемет жеміс көкөніс астықтар тек қана күз мезгілінде ғана өседі екен. Астықтардың масақтары жел мен бірге тербеліп ары-бері қозғалып тұр екен бізді қашан жинайды деп.
Би : « Астықтар»
Күз: Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді
Ән тасқыны , жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.
Қош келдіңдер бидай, тары ,арпа ,күріш, сұлы. Өздеріңмен бірге береке байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңдер біз өте қуаныштымыз.
Астықтар тақпақ айтады :
Алихан
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой балалар, балалар
Ойнайық та күлейік
Енді оқуға кірелік,
Арай :
Ақ, қарамын, сарымын.
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын
Амина :
Бұлттанып заңғар аспанын
Толтырды жасқа жанарын
Құстар да қайта бастады,
Суықтың сезіп хабарын.
Күз : Міне осылай уақыт өте келе ата мен әже астықтарын да жинап алыпты . Балалар алма жегенді ұнатамыз ба? Күзде піскен алма сондай дәмді дәруменді хош иісті алма ағашы да бізді қашан жинайды деп күтіп тұр екен. Ендеше бәріміз бау- бақшадан алма жинайық .
Би : « Алмалар»
Күз : Тамсандырып таңдайды
Жеміс-жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Жер бетіне түседі.
Жарайсыңдар мерекелік күндерің бізге тамаша жеткіздіңдер төрлетіңдер.
Жайдар :
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді.
Күз : Міне осылай ата мен әже астықтан кейін алма мен алмұртын да жинап алыпты. Оларға немерелері де көмектесіпті.
Жаннұр :
Берекелі мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Күз: Ал балалар ата мен әженің немерелерімен бірге ойын ойнағыларың келе ме ? Ендеше, бәріміз бірге жемістер мен астықтармен бірге ойын ойнайық.
Ойын : «Кім жылдам»
Ортаға алма ,алмұрт, көкөністерді, жапырақтарды шашып тастаймыз. Екі немесе үш бала шығып музыка ырғағымен себетке әр қайсысын бөлек-бөлек жинаулары тиіс. Қай бала шатаспай әр затты орнына жинаса сол жеңіске жетеді.
Күз: Міне осылай уақыт өтіп жатады астықтар, жеміс, көкөністер қамбаға жинала береді барлығы бірге ойын ойнап Алмалы- шиелі ауылында күнде думан той болып жатады екен. Күндердің күнінде бұндай жаңалық қарақшылардың да құлақтарына жетеді. Олар келіп ауылдағы күзгі жемістер мен астықтарды ұрлап тартып алмақшы болады.
(Залға үш қарақшы келеді ).
-Мына жерде не болып жатыр ?
-Неге бізге хабар бермеген а?
-Жүріңдер бәрін ұрлаймыз, ағаштарды сындырамыз.
-Бұл астық жемістер тек біздікі болу керек.
Қарақшылар астықтарды алма-алмұртты бидайларды ұрламақшы болады. Сол кезде күзгі сыйлықтар қарақшыларға тиіспеңдер ұрламаңдар оданда барлығымыз дос болайық қысқа бірге дайындалайық, келіңдер бізге қосылыңдар бәріміз бірге ән- айтып тақпақ айтып күзгі мерекені жақсы тойлатайық !
-Жарайды егер сендер дос болсаңдар бізде біргеміз
-Алақай,алақай
Ерасыл :
Айнала жым жырт
Көк аспан сұрғылт
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Қарақшылармен бірге дос болған балалар да тақпақ айтып тойлатады.
Әсет :
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Ән : « Біз бақытты баламыз»
Күз : барлығы бірге дос болып өлең тақпақ айтып осылай Алмалы-Шиелі ауылында думан-той жалғаса беріпті. Балалар да немерелері де жемістер мен астықтар алма мен алмұрт ағашы ата мен әже қуанып күз мерекесін осылай қарсы алыпты.
Хор : «Күз»
Күз : Құрметті қонақтар бүгін күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескеше қош сау болыңыздар!. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын.