Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1 МЛРД. ТЕҢГЕ «ЖЕЛГЕ ҰШУЫ» МҮМКІН


24 ноября 2013, 08:55 | 2 023 просмотра



Сандық білім беру ресурстарын дайындауға бағытталған 1 млрд. теңге «желге ұшуы» мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Әлеуметтік- мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Bilim Media Group» компаниясының басшысы Рауан Кенжеханұлы мәлім етті. Еске салайық, комитет отырысына депутат Дариға Назарбаева жетекшілік еткен болатын.

Р. Кенжеханұлының айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін елімізде 7 мыңнан астам сандық білім беру ресурстары әзірленуі тиіс болатын. Аталмыш бағыттағы жобалардың тікелей тапсырыс берушісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады. Бұл ретте аталмыш компания Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жобаның операторы ретінде белгіленіп отыр. «Алайда, ағымдағы жылы жобаға бөлінген қаражатты қысқарту жөніндегі жоспарға байланысты қолданыстағы келісім бойынша контент әзірлеу жұмыстарын аяқтауға қауіп төніп тұр. Мердігерлер тапсырыс сомасынан тек 30 пайыз мөлшерде ғана аванстық төлемдер алып келеді. Аванстық төлемге сәйкес жұмыстарды ішінара қабылдаған жағдайда әр пән бойынша тақырыптың тек бір бөлігі ғана жабылады. Ал бұл жобаның мақсаты мен мәнін жоғалтады. Нәтижесінде шамамен 1 млрд теңге босқа кетеді», - дейді Р. Кенжеханұлы.

Оның сөзіне қарағанда, келісімнің осылайша бұзылуы немесе талаптардың орындалуынан негізсіз бас тарту ондаған сот ісіне және жобаға қатысу үшін көп мөлшерде қарызға қаражат алған бірқатар ұйымдардың «тақырға отыруына» әкеп соғуы ықтимал. «Жалпы жобаны әзірлеуге қатысқан қазақстандық компанияларда 500-ден астам білікті мамандар Қанат Мәметқазыұлы

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ