Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА


12 декабря 2013, 12:47 | 2 107 просмотров



Мақсаты:Балаларды 1 ден – 10 көлеміндегі сандарды ретпен, кері санауға, биік-аласа, кең- тар ұғымдарды айыруға үйретуді жалғастыру. Геометриялық пішіндерді айыра біліп, жұмбақтар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін, тапқырлығын арттыру.

Көрнекіліктер: Екі (биік, аласа ағаштар ойыншықтар: аю, ит ,сан үлгілері, геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша, дөңгелек, қуыршақ ширмасы, үш қорап.

Сабақ барысы:

Біздің топтың ұл- қыздары,

Тату-тәтті ойнайды

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлайды.

Шаттық шеңбері

Ән салуға барамыз

Үлкенге де сіз

Дасымызды табамыз

Кішіге де сіз

Сәлемет пе міне менБаршаңызды құрметтеп

Доспын енді сеніменБас иеміз біз

- Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер?

(балалардың жауаптары)

Осы көліктер туралы жұмбақ жасыру:

«Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп»

(поезд)

Балалар бүгін біз математика еліне саяхатқа барамыз – деп поездің дыбысы шыққан кезде, жүріп қақпа алдына келу. Қақпада бір хат ілініп тұрады. Тәрбиеші хатта жазылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер сиқырлы қақпа ашылады- депті.

Сұрақтар:

-Бір аптада неше күн бар?

-Аптаның 7 күнін атап беріңдер?

-Аптаның үшінші күні қалай аталады?

(Балалардың жауаптарынан кейін қақпа ашылады)

-Екі ағашты салыстыру (бір ағаш биік, бір ағаш аласа)

Балаларға сұрақ беріп, жауап алу.

-Ағаштардың тағы қандай ерекшеліктері бар?

Оң жауаптағы ағаштың төменгі жағында 3 ойыншық аю отыр

Сол жақтағы ағаштың төменгі жағында 2 ойыншық ит отыр

-Үшойыншық аю көп пе, жоқ екі ойыншық ит көп пе?

Қақпа жабылады

Ойын: «Қай сан жоқ»

Балалар жасырылған сандарды табады.

Тапқан сандардың көршісін сұрау.

Қимылды ойын: «Шатасқан сандар»

Ән ойналғанда балалар билейді, әуен тоқтағанда сандар рет-ретімен 1 ден – 10-ға дейін тұра қалады. 1 санын орнын көрсету. Қалған балалар сандардың қатесін түзейді.

Ойын 2 рет қайталанады.

Қақпа жабылады.

Балалар осы сандар туралы кім санамақ біледі?

1-бала: Бір дегенім –бесік, 2-бала: Алты дегенім – ақыл,

Шықтым содан өсіп.Тыңдағаның мақұл.

Екі дегенім –елім,

Жеті дегенім – жалау,

Далам, тауым, көлім.Жүректегі алау.

Үш дегенім –үміт,Сегіз дегенім –сенім,

Үміт артар жігіт.Серт беретін кезің.

Төрт дгенім –төзім,Тоғыз дегенім – тоқтау,

Төзе білем өзім.Елдің жоғын –жоқтау.

Бес дегенім –білім,Он дегенім – Отан,

Білімді бол бәрің .Қорға соны ботам.

Қақпа ашылады:

Қақпада қуыршақ ширмасында геометриялық пішіндер үлгілері болады.

Балаларға сұрақтар беру:

Балалар қандай геометриялық пішіндерді білеміз?

(балалар геометриялық пішіндерді атап береді)

-Неге «үшбұрыш »- дейміз

-Неге «төртбұрыш » - дейміз

Балаларгеометриялық пішіндерді көрсетіп береді.

Қуыршақ ширмасында ары-бері қуыршақ жүгіріп жүреді.

Балаларға көңіл аударады.

Сәлеметсіздерп ме, балалар?

Тәрбиеші: «Сенің атың кім?» - деп сұрайды.

Қуыршақ: Менің атым – Ақбота. Балалар менің Ақтөс деген күшігім бар, сол күшігімді жоғалтып алдым, сендер көрген жоқсындар ма?

Балалар: «Жоқ – деп жауап береді.»

Ақбота: «Ақтөс, Ақтөс – деп шақырғанда күшік жанына үріп келеді.»

Ой, менің күшігім мен сені қалай жақсы көремін . Балалар Ақтөстің үйшігі

жоқ, сендер үйшік құрастырып беріңдерші.

Тәрбиеші: Балалар Ақтөске үйшікті қандай геометриялық пішіндерден

құрастырамыз? –деп сұрау.

Тәрбиеші: Ақтөске үйшікті қандай геометриялық пішіндерден

құрастырамыз?

Балалардың жауаптары:

Балалар геометриялық пішіндерден Ақтөске үйшік, шырша, аққала құрасытру.

Қуыршақ: Балалар қандай әдемі үйшік құрастырдыңдар.

Жарайсыңдар, рахмет!

Сергіту сәті

Қуыршақ: Мен сондай қатты қуанып тұрмын, сендермен билегім келіп тұр. Әуен ойналып балалар, қуыршақ Ақботамен билейді.

Ақбота балаларға риза болып, қош айтысады. Қақпа жабылады.

Балалар поезға отырып, тағы қақпаның алдына келеді, қақпа

ашылады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы екі қорап тұр. Екі қораптың қандай

ерекшіліктері бар?

(Біреуі үлкен, біреуі кіші)

Екі қорапқа ойыншықтарды салып салыстыру. Неге кіші қорапқа ойыншық сыймады?

Үлкен қорапқа неғып сыйып кетті?

Балардың жауаптары:

Өйткені кіші қораптан, үлкен қорап кең.

Тар қораптан жұмбақтар алып, балаларға жұмбақтар жасыру:

Логикалық есептер

1.Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма ? (5)

2.Екі қоянда құлақ қанша? (4)

3. Алма ағашында 5 алма өсіп тұрды

Жел соғып, біреуі үзіліп түсті

Қанша алма қалды (4)

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Мына қорапты топқа барғанда ашамыз.

Балалар бүгінгі математика еліне саяхатымыз аяқталды. Қорапты алып, поезға отырып, тобымызға қайтайық. Балаларды мақтап, қорапты ашып, сыйлық тарату.

Автор:
Кульнар КАЛИЕВА, №1 ясли-балабақшасының тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.