Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ


12 декабря 2013, 12:53 | 1 777 просмотров



«Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»

Б. МОМЫШҰЛЫ.

Жалын атып,от боп,бірге жанасын

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың,-деген өлең шумақтары музыка пәнінің мұғалімі Байжолова Күміс Баймұқашқызына арналғандай. Рас,жаны жалын мен шуақтан жаралған ұстаз жайлы сөз қозғарда,оның мейірімге толы жүрегі,жарқын жүзі көз алдыңызға келеді.

Байжолова Күміс Баймұқашқызы 1955 жылы 13 желтоқсанда Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген.1977жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін тамамдап келгеннен бері 36 жылдан астам уақыт білім шаңырағында еңбек етіп келсе,соның 31 жылы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде өтті.Осы аттай 36 жылдың ішінде қаншама шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Өз ісін шексіз сүйіп,қызметі арқылы өзіне сүйсініп,мамандығынан қуаныш,қуат алатын Күміс апайды әрі ұстаз,әрі бала жанының бағбаны десе де болады.

Шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орындардың бірін өнер иеленеді десек,осы өнерді оқушы бойына дарыта білу үлкен еңбек.Өнер саласында әрдайым жаңашылдыққа,тың идеяларға құмар Күміс Баймұқашқызы өзін бағалайтын ұжымымен және мектеп оқушыларымен хор,би,вокаль үйірмелерін құрып жұмыс жасайды. Бұл жерде хорды үш топқа: кіші, орта,және үлкен топ құра отырып,әр топтың жас ерекшелігіне қарай ән таңдап,кіші топқа бірінші дауысты,орта топқа екінші дауысты,ал үлкен топқа «а»кареlla жанрын меңгертті. Ұстаз ұйымдастырған «а»кареllaның репертуарында халық әндері «Ха- ра-рау», «Назқоңыр», «Япыр-ай», «Елім-ай», «Алатау»,болса Абайдың «Көзімнің қарасы», Е.Брусиловскийдің «Бейбітшілік жыры», Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», С.Әжібекованың «Жетісуы»,Жаяу Мұсаның «Ақ Сиса»әндері бар. «а»кареlla аудандық және облыстық байқауларда марапаттауларға ие болғанымен қоймай лауреат атанып,телевидениеге түсті. Хор ұжымынан іріктеліп алған квартет қыздары орындаған Е.Хасанғалиевтің «Жағадағы ару қыз»,Е. Б р у с и л о в с к и й д і ң «Көктем» әндерімен бірге вокал тобы орындаған Б.Байқадамовтың «Алма ағаштар жайнайды», Е . Б р у с и л о в с к и й д і ң «Шолпан»,халық әні «Ақ дариға» аудандық және облыстық байқауларда жоғары бағаланып жүр.

Іштегі ойыңды дене қимылымен жеткізу дегеніміз –бұл би өнері.Мың бұралған «Балауса» , «Наз, «Гүлдәурен» тобындағы биші қыздарын көргенде ел тамсанады.Қазақтың биімен қоса,өзге ұлттардың да биін үйретіп соған лайықтап костюмдер тіктіріп отырады. Сахна мәдениетіне сай,жоғары эстетикалық талғаммен тігілген киімдері де бишілердің сахнадағы өнерлерін жайната түседі.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қ ұ б ы л ы с т ы , д а р ы н д ы л ы қ т ы тани біліп бағыт-бағдар берген шәкірттері Мырзабеков Дәнел мен Қалиханова Ләйлім.Жеке қабілеттерін анықтап,оларды сол бағытта жетеледі.

ХХғасырдың басында Әміре Қашаубаев тенор дауыспен Франция елінің Париж қаласын таң қалдырса,ХХІ ғасырдың басында Дәнел атасының ән салған еліне барып халық әні «Аққұм»мен М.Сағатовтың «Туған ел» әнін шырқап ХХІ ғасырдың Әміресі атанып жүлделі І орынды иеленіп қайтты.

Дәлелдің оған дейін алған асулары да жетерлік.Атап айтсақ «Балдәурен» телевизиялық байқауында ІІ орын, «V- Дельфийлік ойындарда»лауреат, «Жетісу ж ұ л ды з д а р ы - 2 0 0 9 » б а й қ а у ы н д а І орын,республикалық «Әнші балапан» І орын,халықаралық «Ақ көгершін»байқауының І орын иегері,Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2009»облыстық жастар сыйлығының , «Жетісудың жас өнерпазы»номинациясының иегері.

Париж қаласында ән шырқаған баланы тәрбиелеген тәжірибелі ұстаз

Қалиханова Ләйлімнен де еңбегін аяған жоқ.Аудандық жетістіктерін айтпағанда,облыстық жетістіктері төмендегідей:облыстық «Жетісу жұлдыздары-2011» байқауында-І орын, 2012 жылы М.Мақатаевтің сөздеріне жазылған әндер байқауының бас жүлде иегері,2013 жылы өткен Алматы облысының өңірлік VІІІ-Дельфийлік ойындарда-І дәрежелі диплом, Жамбыл облысы Меркіде өткен республикалық «Дарынды шоқ жұлдыздар» байқауында 2012 жылы бас жүлдені иеленді.2013 жылы Талдықорған қаласында өткен М. Төлебаевтің 100 жылдығына арналған халықаралық «Өнерім өмірім» атты байқауда «Ең жас әнші» номинациясын жеңіп алды.

Саналы ғұмырын мектеп қабырғасында өткізіп, балдырғандарды шығармашылыққа баулып,қажымай талмай еңбек етіп,бала жанының бағбаны бола білген Күміс Баймұқашқызы 2012 жылы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қолынан марапатталып,

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»белгісін алды.

Байжолова Күміс Баймұқашқызы қызмет атқарып келе жатқан ортасында, ұжымында,әріптестерінің алдында сый-құрметке ие.Жаны жақсылыққа,ізгілікке жақын,өмірде тек әділдікті бағалап,ұстаз деген қастерлі ұғымға ешқашан кір келтірмеген ғазиз жанды үлкен-кішінің бәрі құрмет тұтады.

Автор:
Салтанат АУБАКИРОВА "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, МДШО ММ химия пәнінің мұғалімі" Қызылту ауылы, Ақсу ауданы