Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР


28 декабря 2013, 05:34 | 1 967 просмотров



Ж а қ ы н д а А л м а т ы қаласында өткен Х Халықаралық « К ү н ш у а қ » фестиваль - б а й қ а у ы н а н « В о к а л » н о м и н а ц и я с ы б о й ы н ш а Жұмабаева Аружан Гран-При жүлдесіне ие болып, жүзден жүйрік атанса, екінші орынға Тұрғанбаева Айымжан ие болды.

Аружанның орындауындағы ағылшын әні Cway (кел билейік) ойнақы, көңілді орындалатын ән. Орындаушының дауыс бояуының әдемілігі, орындаушылық шеберлігінің арқасында ән өте сәтті шықты. Ритмді сезінуі, жоғарғы ноталарды таза орындау, әннің мазмұнын сезіне, түсініп орындау қасиеттеріне қоса, адам жанын баурап алатын құлаққа жағымды ерекше қоңыр дауысы, маған қанат бітіріп, ұстаздық қабілетімді шыңдай түсті. Ол әсіресе ағылшын тілінде орындалатын «Джаз» стиліндегі әндерді шыңына жеткізе орындайды. Әнді әрлендіре түсетін иірім, мелизмдер өз орнын тауып тыңдаушыны баурап алады. Екінші Ш. Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» философиялық тұрғыда жазылған әнді үлкен тебіреніспен орындады.

Екінші үміткер Тұрғанбаева Айымжан Ө. Араповтың «Талдықорған», Б. Бейсенованың «Тәуелсіз Қазақстан» әндерін орындап, отыз үміткердің арасынан алдыға шықты. Патриоттық әндерде кең тынысты, зор дауысты қажет ететін болса, Айымжанның бойынан осы қасиеттерді табуға болады. Әннің дыбыс аумағы кіші октаваның фа# – екінші октаваның фа ноталары аралығы. Он екі жастағы дауыс аппараты әлі жетілу үстіндегі жасөспірім үшін, күрделі шығарма. Әділқазылар алқасының председателі белгілі композитор Бейбіт Дәлденбаев. Осы байқаудан кейін Жұмабаева Аружан «Тау күні» атты Балалар шығармашылығының І фестиваліне қатысып жүлделі І орын иегері атанды. Мектеп директоры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Тұрсынхан Төкенқызы Қарақожаева ұстаздардан жаңашылдықты, еңбекқорлықты талап етеді. Аймақтың «Дельфийлік ойындары» 2012 байқауында да Аружан жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. 2012 жылы Алматы қаласында өткен «Асыл мұра» республикалық байқауында Аружан мен Айымжан екінші орын лауреаты атанса, биылғы жылы одан да биіктен көрініп мереймізді өсірді. Осы жетістікті ұстаз еңбегінің жанғаны деп түсініп, қуанышымды сіздермен бөлісіп отырмын.

Сендерге ақ жол, жеңіс тілеймін жас достар!

Автор:
Ажар ҚАПЫШҚЫЗЫ Өнер мектебінің ұстазы Талдықорған қаласы 2013 ж