Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


28 декабря 2013, 05:37 | 1 567 просмотров



Ұлағатты ұстаз, Жетісу жерінің мақтанышы Қани Әйпиевті Талдықорған қаласының барлық екінші деңгейдегі банк басшылары Жаңа жыл мейрамымен құттықтай отырып, қарияға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасында тек жақсылық тілейді. Қани ақсақал әркім үлгі тұтарлық тұлға. Әлемге әйгілі қарт спортшы Қайни Әйпиев Алматы облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылының тұрғыны. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1966 жылы Бостон – Нью Йорк марафонына қатысқан көксулық Қани Әйпиев жетпіс алты жасында халықаралық, әлемдік, құрлықтық жарыстарда жеңіске жетіп жүр.

Қани ақсақал Бразилияда ардагерлер арасында өткен ХХ әлем біріншілігінде де жеңіске жетіп, туған жеріне алтын алқасын тағып оралды.

Қани ақсақал КСРОның еңбек сіңірген спорт шебері, өмірін спорт және бала тәрбиесіне арнаған педагог. Ұзақ уақыт бойы мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болған қария балалар бойында спортқа деген сүйіпеншілікті тәрбиелей білді.

Автор:
Тілек білдіруші: Талдықорған қаласы банк директорлары, "Білім Шапағат" редакциясы