Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ РӨЛІ МЕН МӘНІ


28 декабря 2013, 05:56 | 2 936 просмотров


Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының жалпы азаматтық құндылықтары мен адамгергершілік сапасын дамытудағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рөлі мен маңызы зор. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуді қайта жандандыру, ұлағатты білім беру, отбасы тәрбиесіне , бала өмірге келген күннен бастап олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда. ҚР білім беруді дамытудың ммемлекеттік бағдарламасында жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қойылған және білім беру жүйесін жаңғыртуда бәсекеге қабілетті білімді меңгерген ,ой өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы,отансүйгіш сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі мол ұлтын ұлықтайтын ұрпақ тәрбиелеуге үлкен м ән берілген.

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі,ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің алдына қойған аса маңызды мақсаттарының бірі болып отыр.

Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі өсуінде мектептің алар орны ерекше.

Казіргі ұрпақ үлкенді сыйлауға ,кішіге ізет көрсетуге , бауырмал болуға, халқының салт-дәстүрін құрмет тұтуға ,туған жерін,туған елін қорғауға талпынуы керек. Бүгінгі күні бала тәрбиесі отбасы тәрбиесімен шектеліп қана қоймай,мектептің де баланы тұлға ретінде дамытып,тәрбие беруде айтарлықтай үлесі мол. Оқушылардың сапалы білім,саналы тәрбие алуға ұмтылған,арманы асқақ,адами асыл қасиеттерді бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеуде,мектепте оқытылатын «өзін-өзі тану» пәнінің маңызы өте зор. «Өзін-өзі тану» пәні әр баланың санасын тазалайды,көңілін сергітеді,көкжиегін кеңейтіп,ұлттыұ құндылықтарды бойына сіңіртеді. Оқушылар «Өзін-өзі тану» сабағында өздерін еркін сезінеді,бір- бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тіңдауға үйренеді,өз м.мкіндіктерін ашып,қабілеттерін дамытады,ән айтады,шығармашылық жұмыс істейді.Соның нәтижесінде бала өзін-өзі таниды,бағалайды,тәрбиелейді.

Ендеше өркенниетті ел қатарына қосыламыз десек, келешекте көш бастайтын ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән беоу керек . Ал тәрбие саласында баламен жұмыс істейтін ұстаз, сынып жетекші,ата-ана,қоғамдық ұйымдар. Оларға көрсетілетін сенім де өте ерекше. Қазақстан Республикаының іргесін нығайту мақсатында, оның мүддесі үшін білімді де парасатты, Отан үшін жанын аямайтын елжанды, алғыр да қайсар,ізденпаз. жаңашыл, үлкенге-құрмет,кішіге –ізетті, елінің тарихын ,тілін,дінін құрметтейтін иманды, келешекте ел тұтқасын ұстаймын дейтін жастарды тәрбиелеу негізгі міндетіміз болу керек. Қоғамның іргесін нығайту мақсатында бала бойына ең аклдымен азаматтық,елжандылық,имандылық, ізгілік қасиеттерді қалыптастырып алған жөн.

« Өзін-өзі тану» пәні қазіргі кезде мектепте балалардың жан дүниесін түсінуге көмектесетін және ойын арнаға бұратын пән.

Қазақтың ұлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Өзіңді - өзің танысаң істің басы» дегендей кез келген бастама ең алдымен өзін - өзі танудан басталады. Оқушының өз өмір жолын дұрыс таңдай білу қабілетін дамытуда ұл және қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санасына сіңіруде «Өзін - өзі тану» пәнінің маңызы ерекше.

Қорыта келгенде оқушылардың жалпы азаматтық құндылықтары мен адамгершілік сапасын дамытудағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рөлі мен маңызы өте зор. «Өзін - өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұрағаттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

Автор:
Галия КОШАКАЕВА «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Жамбыл атындағы орта мектеп Ауданы,Тескенсу ауылы