Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАТЫРМАЛАУ"


28 декабря 2013, 05:59 | 4 682 просмотра


Сабақтың мақсаты: Қатырма түрлерімен таныстыру.

Білімділігі:Бөлшектерді қатырма түрлерімен өңдеу,олардың қолдану ретін үйлестіру.

Дамытушылығы: Киімдерді қатырмамен өңдеу жолдарын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу,тарих

Көрнекілігі: қатырма түрлері, мата қиындылары, қайшы,қағаз

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а / Оқушылармен сәлемдесу

ә / Сабаққа дайындықтарын тексеру

б / Жұмыс орын ретке келтіру

II.Үй тапсырмасын сұрау /Карточка арқылы сұрау/

1. Пішушінің жұмыс орнының жабдықталуын сипаттаңдар.

2. Пішім бөлшектерінің саны неге байланысты болады?

3. Матаны пішудің алдында не үшін декатирлейді?

4. Матаның өң жағын қалай анықтайды?

5. Маталардың бөлшектердің түрлеріне байланысты тігіске қалдырылатын қосымшалар кеңдігі қанша?

6. Қол жұмысы кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін айт.

Білімдерін тексеріп бағалау.

III. Жаңа тақырып

Аралық төсемдердің түрлері өте көп.Желімді аралық төсем –бір жағында арнайы балқымалы жабыны болады. Бөшектерді немее бұйым шеттерін бекітуге қолданылады.Жұқа ,жұмсақ мата- лардан тігілген бұйымдарды өз формасында ұстап тұруға көмектеседі.Желімді материалдардың түсі,тығыздығы,қалыңдығы және ені әртүрлі болады.сондай- ақ,мата және беймата негізінде шығарылады.Олар сатылымға жайма,тор,жіп, жолақ түрінде түседі.Желімді материалдардың кемшілік тұстары да бар; Желімді аралық төсемді тігу барысында ұзақ ылғалдық –жылулық өңдеуді қажет ететін бұйымдарға қолдануға болмайды. Желімді аралық төсем беті бедерлі және сусымалы маталарға жабыспайды.Мата негізді аралық материлдары қиғашына созылған,ал бойлыққа және көлденеңіне тұрақты.Мата негізді бір жағы желімді аралық төсемге дублирин жатады. Дублиринге желім негізгі ұнтақ түрінде нүктелік әдіспен жағылады. 1) Дублирин – маталық , түкті тоқымалық және тоқыма эластикалық деп бөлінеді. Дублиринмен көлемді желімдеуі қиын маталарды қатырмалайды. Дублирин матаға көлем және беріктік беру үшін, созылып кетпеуі үшін, сондай- ақ жуу,киіс кезінде бұйымның формасы мен өлшемін сақтау үшін пайдаланылады. Дублиринді алдын ала декатирленген матаға желімдеу керек. Дублирин жұқа, жұмсақ маталардан тігілген киімдерді ұсақ бөлшектерді бекітуге қолданылмайды.2) Флизилин – бұл беймата негізді, бір жағы желімді материал. Қатаңдылық беру үшін қолданылады. Сөгілгіш жұмсақ маталардан көйлек, блузка тіккенде жұмсақ Н180 флизилин қолданылады (жібек,визкоза). Салыстырмалы түрде қаттылау матадан тіккенде Н200, Н250 флизилинін қолдануға болады. Жүн, джинса,костюмдік, пальтолық, шалбарлық, маталар үшін С405 немесе оған қарағанда қатаңдау Н310 флизилині қажет. 3) Желім жіп- желімденетін талшық ол қалың не жіңішке болмауы керек. Желім жіпті бөлшектердің қайырылған шеттерін білдіртпей бекіту үшін қолданылады. Желім жіп әр түрлі қалыңдықта болады 0,4мм-ауыр маталар үшін, 0,3 мм-орташа және жұмсақ маталар үшін, 0,2 мм- желімденетін кестелер үшін. Желімді тор- тоқыма бөлшетердің формасын сақтау үшін пайдаанады. IV. Сарамандық жұмыс /топпен/

V. Ағымдағы нұсқау

VI. Сабақты бекіту

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма

Автор:
Жумагул КАРИМЖАНОВА технология пәнінің мұғалімі «Айдарлы орта мектебі МДШО» мемлекттік коммуналдық мекемесі, Айдарлы ауылы, Панфилов ауданы