Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР


28 декабря 2013, 06:00 | 3 945 просмотров


Сабақтың мақсаты:1. Ғарыш әлемі туралы неғұрлым жан-жақты ақпарат жинуына қолайлы орта туғызу.

2.Оқушылар мәтінмен таныса отырып,саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.

3.Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

•Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.

•Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.

•Жеке ойларын ортаға сала алады.

Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Сабақтың түрі: конференция- сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау,

Көрнекілігі: слайдтар, видео

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық:

II. Жаңа сабақ. Тақырыпты болжау:

III Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу.

1.Ғарыш дегеніміз не?

Бұлтсыз ашық түнде аспанның жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді.

2.Ғарышқа не үшін ұшады? /бейнефильм ғарыш туралы/

Космонавтиканың жақын келешектегі мақсаты: әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады.

3. Ғарыш айлағы неге Байқоңырда орналасқан?

Байқоңыр ғарыш айлағы — сонау 1961 жылы 12 сәуірде ғарыш кеңістігіне тұңғыш адам — Юрий Алексейұлы Гагарин ұшқан кезде төрткүл әлемге Қазақстан елінің атын ең алғаш рет паш еткен нысан

4.Ғарышкерлердің киімі қандай?

Ғарышкерлердің арнайы киімі болады.Ол скафандр деп аталады. Скафандр ыстық пен суықтан жақсы қорғайды

5.Юрий Гагарин –тұңғыш ғарышкер / бейнефильм Гагарин туралы/). Тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин туралы мәлімет беру.

Космос кеңістігін ғылыми тұрғыдан жан- жақты зерттеу нәтижесінде 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Алексеевич Гагарин космосқа сапар шекті. (Портреттер мультимедиадан көрсетіледі)

6.Тоқтар Әубәкіров-тұңғыш қазақ ғарышкер Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров туралы мәлімет.

Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2-сі күні қазақтың қаһарман ұлы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа ұшты. Ол сапарынан аман-есен жерге қонды.

YI Оқушылар тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады

YIII Сергіту сәті

IX Автор жайлы мәлімет./оқушылардың дайындығы/

Олжас Сүлейменов – 1936жылы Алматы қаласында туылған. Ол ақын, саяси және қоғам қайраткері. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Тіл мен тарих тюркология проблемалары салаларында әлем ғалымдарының назарын аударып, қызу ғылыми пікірталастар туғызған іргелі зерттеулердің авторы. Еңбектері дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған

Мұғалім: О.Сулейменов «Невада-Семей» қозғалысын ұйымдастырып, басқарып ядролық полигонның жабылуына үлкен үлесін қосты. /Оқушылар жалғастырады/

1. Мұғалімнің өлеңді оқуы /Бейнефильм Ғарышкердің жерге оралу сәті/

X. Сабақты қорытындылау.

Автор:
С. АШИМОВА №16орта мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі