Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БҮГІНДЕ АТА-АНА МҰҒАЛІМДІ ТАҢДАЙДЫ...


20 января 2014, 09:13 | 2 596 просмотров



Мұғалім! Осынау бір қастерлі есімге, бірнеше ұғымды сыйғызуға болады. Олай дейтініміз, ұстаз алдындағы оқушысын ғана емес, ортасын, қала берді қоғамды тәрбиелейтін жан. Ол шәкіртіне білім үйретіп қана қоймай, сана¬лы тәрбие беріп, тұлға ретінде қалыптасырады. Бұл жалғанда ұстаздың тәлімін- тәрбиесін алмаған жан кемде кем болар. Осындай шәкір тәрбиелеп, ғұмырын бала оқытуға арнаған жанның бірі – Талдықорған қаласындағы №4 орта мектептің бастауыш сы¬нып мұғалімі Сыдықова Эль¬мира Мамырайымқызы жайлы айдарымыздың бүгінгі санында жарияламақпыз.

Сыдыкова Эльмира Мамырайымқызы 1976 жылы 14 қазан күні Алматы облысы, Сарқан ау¬даны, Екіаша ауылында дүние есігін ашады. 1993 жылы орта мектепті та¬мамдап, училищеге түседі. Маман ата-нып, қолына диплом алып туған ауыл мектебіне қайтып оралады. Өзі оқыған қара шаңырақта математика пәнінен сабақ береді.Сөйтіп жас маман алғашқы еңбе жолын бастап кетеді. 2000-2005 жылдары аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ –ға білімін жоғарлату мақсатында сырт¬тай грант бөліміне түседі.

Бірнеше жыл ауыл мектебінде қызмет етеді. 2008 жылы отбасымен Талдықорған қаласына қоныс ауда-рады.Сол уақыттан бері №4 орта мек¬тепте бастауыш сыныпта сабақ беріп келеді.

Эльмира Мамырайымқызы үш қыздың анасы. Сыныбына сабақ беріп, жетекшілік етіп, мектеп ішілік шаралардың бел ортасында жүріп те, отбасы құндылықтарын сақтауға уақыт тауып, балаларына да саналы тәрбие беріп келеді.

-«Мені жауапкершілігі мен ар¬тылар жүгі оңай емес ұстаздық жолға бала күнгі мұғалімдеріме деген қызығушылық, құрмет, сүйіспеншілік алып келді» - деп кейіпкеріміз өз өмір жолын әңгімелеуге кірісті.

-Бала кезімде тақта алдында біздерге сабақ түсіндіріп тұрған ұстазыма қарап отырып, « Шіркін-ай, менде тұрсам ғой ана жерде»- деп, бір сәт өзімді ұстазымның орнына қойып, тәтті арманға берілетінмін. Бүгінде сол арманыма жеттім, балаға білім үйретіп, ұрпақты тәрбиелеп келемін. Әрине мұның бәрі оңайшылықпен келген жоқ. Үздіксіз ізденіс пен алдыға өрлеуді талап етеді. Бірақ, жан баласы мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етсе, барлық белесті бағындыра ала¬тынына сендім. Сол жолда еш аянбай еңбек еттім, әлі де еңбек үстіндемін.»

Сөз арасында айта кетейік, Элмира Сыдыкова жетекшілік ете жүріп, мек¬тепте кәсіподақ төрайымы қызметін де қатар алып келеді. Әріптестерінің алдында зор беделге, құрметке ие.

-«Білімнің негізі - бастауыш¬та» деген ұлы педогогтардың сөзі бар. Бастауыш ұстазына артылар жауапкершіліктің зор екені белгілі. Кішкене бүлдіршіндерді сабаққа қызықтыру да оңай шаруа емес.

- Білімнің бастауы, негізгі іргетасы төменгі сыныптарда қаланатыны рас. Сол үшін баланың болашақта білім көкжиегінің қалай болуы алғашқы ұстазына байланысты. Бастапқы білім базасы дұрыс қаланса, бала болашақта сол жолмен қиналмай жүріп өтеді. Балаға сапалы білім беру үшін ба¬стауыш сынып ұстаздарына қойылар талап та зор. Мұғалім өз кезегінде білімді, заманауи, жаңалықтың бәрін тез меңгере алатын, шыдамды, кең жүректі бола білуі шарт. Себебі, ол бүлдіршінге алғашқы білім берумен қатар, қоғамның болашағын даяр¬лап жатқанын түсінуі керек. Қазіргі таңда мұғалім болуда қиын. Мектеп бағдарламасынан тыс, жан-жақтылық керек. Оның үстіне ата-аналар да жыл сайын жасаруда. Жас ата-аналармен жұмыс жасау өте ауыр. Бүгінгі күні ата- аналар мұғалімді таңдайтын болды. Заман талабы соған әкелді. Қазір сы¬ныбымда 31 оқушы бар. 45 минуттын ішінде осы оқушылардың бәрін қамту оңай емес. Оның үстіне мұғалімнің жұмысы тек білім беру ғана емес, әрбір шәкіртпен жеке тұлға ретінде жұмыс жасай білуі керек. Әр баланың психикасымен, мінез- құлқымен, оның айналаны қалай қабылдауымен сана-са білуі керек. Оның үстіне бүгінде оқушылар да өзгерген. Ең алғаш ұстаз болған жылдардағы оқушыларыммен қазіргі шәкірттерімді салысты¬рып ой таразысына салып отырсам, жер мен көктей үлкен алшақтықты байқаймын. Бұрынғы оқушыларымыз қазіргі буынға қарағанда шыдам¬ды, ақылдырақ болған ба деймін. Ия, бүгінгі балалардың техниканы меңгеруі жетік екені белгілі. Бүгінгі жас отбасыларда 1-2 ғана бала. Сондықтан оларды тым еркелетіп, еркін өсіруде. Жылдан жылға бала¬мен жұмыс жасау қиындап бара жа¬тыр. Бұның бәрін өз тәжірибемнен айтып отырмын. Осы сыныптың ал¬дында шығарған шәкірттерім қазіргі оқушыларға қарағанда әлдеқайда ақылды, ұстаз сөзін зейінмен тыңдай алатын. Бірақ, олар ұстаздың айтқанымен ғана шектеліп жұмыс жасайтын Ал, қазіргі оқушылар алғыр, ой –танымдары, қабылдаулары шексіз. Интернет жүйесінен керекті керексіздің бәрін көріп, біліп алады. Үлкенді тыңдау дегенді де қазіргі балалар біле бермейді. Әрине бәрін деп айтуға болмас, бірақ, сондай оқушылардың саны күннен - күнге артуда. Сондықтан жылдан-жылға оқушымен жұмыс жасау, зор білімді талап етіп, қиындап барады. Бұның бәрін әрине үйдегі тәрбиемен байла¬ныстыра қарау керек. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген тәмсілдің бекер айтылмағаны аян. «Тәрбие отбасынан басталады» де¬ген рас. Бала мектепте 5 сағат оты¬рады. Ал, уақытының қалған басым бөлігін отбасында өткереді. Ата - ана¬сы қалай сөйлеп, өзін қалай ұстайды, қалай жүреді бала соның бәрін айна қатесіз қағып, санасына қабылдап алады. Мен де өз кезегімде тәрбиемді, тәлімімді оқушыларма сіңіруге тыры¬сып жатамын, алайда бала тәрбиенің үлкен бөлігін, негізінен отбасынан алады.Осыны ата- аналар ұмытпай баласының тәрбиесіне салғырт қарамай өз кезегінде, жақсы тәлімгер бола білсе екен деген тілек санамызда тұрады. Сол үшін ата-ана мұғаліммен бірлесе жұмыс істеп, өз баласының келешегіне салғырт қарауға болмай¬тынын аңғарса, нұр үстіне нұр бо¬лары сөзссіз. Соның нәтижесінде тәрбиелі, білімді азаматты бірге қалыптастыратынымыз рас.

-Бала тәрбиесінде ата-анамен қатер ұстаз тәлімінің, тәрбиесінің мәні зор. Бүгінде бала парасатты тәрбиені отбасынан, толыққанды алауда ма?

-«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата- бабадан қалған тәмсіл бар. Бұл көрегенді сөздерден өнегенің бастауы отбасында екенін көреміз. Қаншама жылдар өтіп, за¬ман жаһандаунудың жетегінде кетіп бара жатса да, отбасының бала тәрбиесіндегі орны ешқашан өзгермек емес. Себебі бала, барлық тәрбиені отбасынан, анасынан, әкесінен, от¬басы мүшелерінен алады. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: -« Мен үш нәрседен қорқамын. Біріншісі, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі, екі қазақтың бір- бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын» деп айтқан екен. Сол үшін, ешбір елге ұқсамайтын қазақи ұлттық болмысымызды, ділімізді, тілімізді жоғалтып алмас үшін, келер ұрпақты тамырлы тәрбиемен сусында¬туымыз керек. Ал, жақсы тәрбие от¬басынан, ошақ қасынан, тіпті нәресте анасының құрсағында пайда болған кезден басталады. Ендеше,ата-аналар балаларын бүгінгі күні тек материал¬ды жағынан ғана қамтамасыз етпей, оның саналы, сау рухта бай болуын да қамтамасыз етсе деймін.

ШЕТЕЛДІК ТЕХНОЛОГИЯ КӨҢІЛІМНЕН ШЫҚПАЙДЫ

- Сабағыңызда қандай техно¬логияларды қолданасыз? Бүгінгі таңда шетелдік элементтерді ұстаздар сабақтарында молы¬нан қолдануға тырысып жатады. Ұлттық педогогика осы шетелдік технологиялардың көлеңкесінде қалып қоймайды ма?

- Жоқ мен сабағымда ұлттық пе¬догогиканы барынша қолданамын. Менің өз жеке бас пікірім, шетел технологиясы көңілімнен шықпайды. Оның «Кртисеская мышления» «Шаг за шагом» деген сияқты түрлерінде көріп, қолдандық қой. Бірақ мен осы ба¬тыс әдіс- тәсілдерін қазақ балаларына қолдануға қарсымын. Маған ұлттық таным, халықтық даналығы бойынша балаларды оқытқан ұнайды, осыны жөн деп табамын. Осы сабағымның алдында «Үлкенге - құрмет, кішіге- ізет» деген тақырыпта сабағымды өткіздім.Мақал мәтелдерді бал¬лар әрқашан дұрыс өткере, түсіне бермейді, сондықтан рольге бөліп, сабағымда мақал-мәтелдерді. Халық даналығын барынша қолданып, балларға түсіндіруге тырысамын. Ал, мен шел елдік технологияны қолдансам, онда сабағым балларға түсініксіз болады. Сондықтан да әрқашан халық даналығын, ұлттық тәрбиені педогогикамен тығыз бай¬ланыстырып, сабағымда ұлттық құндылықтарды түсінікті өрбітіп отырамын. Ата- бабаларымыз өте көрегенді, парасатты болған ғой. Бала тәрбиесіне, ұрпақ келешегіне қатты көңіл бөлген. Соны бізге тәмсіл, мақал, қара сөз түрінде де барынша айтып ұрпақтарына ұлағаттап кеткен. Еліміз егемендік алғалы халықтық педогогиканы, ұлттық тәлім тәрбиені қолға алып келеді.С.Қалииев сын¬ды профессор, ғалымдар ұлттық педогогиканың қыр-сырын зерттеп оның ұрпақ тәрбиесіндегі рольінің маңыздылығын баса айтып, барынша жазып келеді. «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» дейді халық. Оқушы әдепті болуы үшін иманды, кішіпейіл, инабатты болуы керек. Ол үшін бүгінгі ұрпақ өз ата салтын, әдет ғұрпын білуі қажет. Ата- сал¬тын , әдет ғұрпын, түп-тамырын біліп құрмет тұтқан оқушының ішкі руха¬ни байлығы, көрегенділігі, ізеттілігі сырқа сәуле шашып көрініп тұрады. Ата –бабаларымыздан бізге мұра болып қалған салт- дәстүрсіз, ішкі ұлттық рухани байлықсыз, баланы тәрбиелеп, сапалы білім беру мүмкін емес. Бүгін бізде батыстық техноло¬гия желісімен балаға қажетті, қажетсіз мәліметті, баланың бойына сіңіртеміз деген білім берудің жаңаша әдістері көп жерде кездесуде. Алайда, бұдан қажетті - қажетсіздің бәрін балаға сңірте бермей, дұрыс деп тапқанын ған өз ұлттық болмысымызға сай ықшамдап алып, берсек жөн бо¬лар еді. Сонда біз тамыры ұлттық рухқа терең бойлаған, келешек¬те оңы мен солын ажырата алатын, көрегенді , білікті ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Қазақ қыздары ибалы, ұлдары ұлтжанды, тәрбиесімен көрген көзді сүйсіндіретін болғаны рас. Ал бүгінде, қыз балалардан ибалық пен ізеттілік жоғалып бара жатқанын да көріп жатамыз.Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын. Алайда, жат қылықтарға әуес жасөспірімдердің бүгінгі қоғамда өсіп келе жатқандары рас. Мұның бәрі бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық сал- дәсүрді қажет ететінін көрсетеді. Ал, болмы¬сымыз, қанымыз, жаратылысымыз қазақ болғандықтан, қазақи ұлттық құндылықты ұрпақтарымыздың, оқушыларымыздың біліп өскені маңызды. Сол үшін ұрпақтарымыз толыққанды қазақи құндылықтарды білетін, ұлттық ерекшеліктермізді құрметтейтін отбасына тәрбиеленгені бәрінен маңызды. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов бізге, ұрпақтарына « Ұлт болам десең, бесігіңді түзе!» деп мәнісі терең ұлағатты сөз қалдырған. Ендеше, өнегелі ұрпақ тәрбиесінің бастау алатын жері – қазақ шаңырағы,отбасы, ата-анасы.

-Бүгінде мектептер «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясын¬да білім беруде. Оқушының бірінші сыныптан бастап, ағылшын тілін меңгеруі сізде көп жылдық тәжірибелі ұстаз ретінде қандай ой туғызады?

- «Үш тілділік» оқушыларға бірінші сыныптан бастап оқытылуына мен қарсымын. Мұны енгізіп жатқан адам мүмкін бастауышпен жұмыс істеп көрмеген болар. Себебі, алғаш мек¬теп партасына отырып, оң солын әлі ажырата алмай тұрған бала ағылшын тілін түсінбейді. Ол алдымен қазақ тілін, қазақ алфавиттерін меңгеріп алсын. Бұл оқушылардың басымы қазақ тілін дұрыс білмейтін орыс тілді оқушылар. Өйткені үйлерінде ата-ана¬ларымен орысшы сөйлесіп, орыс тілді ортада өсіп келе жатыр. Менің бір еңбегім - осы бүлдіршіндерді бүгінде қазақ тіліне үйреттім. Менің ойым бала ең алдымен қазақ тілін біліп ал¬сын, орыс тілін қосымша үйренеді, ал ағылшын тілін қажеттілік туындап жатқанда немесе жоғары сынып¬тарда меңгере жатар. Үйренемін де¬ген балаға ол кез кеш емес. Мысалы ағылышын тілін оқытуға дүниетану пәніне бөлінген бір сағатты алып отыр. Ал, дүниетану деген математи¬кадан да қиын, маңызды пән.

Ал, бала атақты жетісулық ақын Мұхтар Арын айтпақшы он үш жасқа дейін таза өз қазақ тілінде, ана тілінде оқып, білім алғаны дұрыс. Сонда тіл тазалығы сақталмақ. Сонда қазақ тілі, ана тіліміз шұбарланудан таза болады.

ЖАҢА МИНИСТІРДЕН ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ КҮТТІРЕДІ?

- Білім және ғылым министрі ауысқанана да жарты жылға таяу уақыт өтті. Жаңа министрден қандай жаңаша өзгеріс күтесіз?

- Жаңа министірАслан Сәрәнжіпов келе сала бүкіл жоғары оқу орында¬рын жеке меншікке ауыстырамын дегенін алғашқы сөзін естігенде ақ- мен қорықтым. Сонда ортан қолды жанұялар балаларын қалай оқытады. Мен мектепте ұстаз болсам, үйде анамын. Сонда менің балаларымның жағдайы қалай болар екен, деген ой санама бірінші келді. Бұл сон¬да қарапайым жұрттың балалары оқымай-ақ қойсын дегенге саяды ғой. Осы алғашқы лебізінен кейін ақ, мен бұл басшыдан зор үміт, жақсы бастау күтемін деп айта алмаймын.

- Жаңа оқу жылымен оқу үрдісіне «электрондық жүйе» енгізілді. Осы жүйенің пайда¬лы жақтары қандай? Ұстаздар қауымы бұл жаңашылдықты қалай қабылдады?

- Электорндық жүйені сабақпен бірге қатар жүргізген ауыр. Басқа мамандық иелері сияқты емес, күні бойы мектеп қабырғасында оқушыға білім берумен айналыссақ, кешке үйге оралған соң « электрондық жүйемен» боламыз. Бұл қағаз жүзінде іс жүргізгеннен қиын. Бүгінде ұстаз болу қиын. Себебі, бүгінгі таң мұғаліміне артылар жауап пен жұмыстың жүгі өте ауыр.

- Ұстаз еңбегі өлшеусіз деп жа¬тамыз. Осы күні- түні «Өзгенің бақытын аялап, өз уақытын ая¬май» жүрген мұғалімдер қауымына өкімет тарапынан қандай қолдау көрсетілуде. Мұғалім мәртебесіне сай еңбектеріңіз қайтарымын табу¬да ма?

- Мұғалім мәртебесін асқақтату, өз деңгейінде көтеру жолында министрлік тарапынан айтылып жа¬тыр. Бірақ, іс жүзінде орындалып жатқаны қарын ашырады. Ұстаздың қоғамда мәртебесін түсіріп алуы¬на да ұстаздарға артылып жатқан ірілі-ұсақты шаруалардың көптігі мен, оларға деген үсті-үстіне келетін тексерулердің де септігі бар ма де¬ген ойға қаласың. Себебі, қандай қоғамдық шара, салтанатты жиын өтсін, алаңда аптап ыстыққа қарамай, суық аязды елемей алаңда мұғалім жүреді. Көше аралау, тағы осы іспеттес ұсақ шаруалар мұғалімсіз біткен емес. Оның үстіне атқарып жатқан еңбегіне алатын жалақысы да сын көтермейді. Сондай-ақ, ата-ана¬мен бірге жоғары жаққа барсаң, ата- ананың сөзі құпталып, мұғалімның сөзі өтпей қалады. Осыдан кейін мұғалім мәртебесі жайлы қандай сөз болмақ?!

ҚОҒАМДЫҚ МӘДЕНИЕТ ТӨМЕНДЕП БАРА ЖАТҚАНДАЙ

-Осы сауалымда қоғамдық мәселеге бетбұрсақ деймін. Себебі, бәріміз де қоғамның бір бөлшегіміз. Бүгінде интернет жүйесін, ұрпақты, қала берді ерсесек адамдарды сауатсыздық жайлап барады. Бұл қоғамдық мәдениеттің төмендеп бара жатқанының белгісі емес пе? Ұстаз ретінде сізді бұл мәселе алаңдатады ма?

-Әрине, мен ұстаз ғана емес, ана¬мын да.сондықтан шәкірттеріммен бірге, балаларымның де келешегі, олар өмір сүріп жатқан қоғамның бүгінгі жаһандануға бет алысы мені қатты алаңдаты. Агент әлемінде жастардың өз сөйлесу мәнері, стильі қалыптасып жатқаны рас. Олардың сөздерді қысқартып немесе өздеріне түсінікті тілде қазақша –орысшаны қосып шұбарлап айтып, жазып жата¬тынын баршамыз білеміз. Бастапқы кезде бұған жастар, құрбылар арасындағы әзіл деп үлкендер тара¬пынан тыйым болмаған. Бірақ, осы әлеуметтік желілердегі сауатсыздық, стльді бұзып сөйлеу, тағы – тағылар келе-келе қоғамды жаулап алуда. Соның есесінде ұрпақ шұрайлы да бай, Мұхтар Ауезовтай ұлы жазушы, Абайдай Ұлы кемеңгер, Ілиястай дүлдүл ақынымыз қолданған, сүйген, қастерлеген қасиетті қазақ тілінің мәртбесін төмендетуде.Осындай тұла бойы қателікке тұнған ауызекі сөйлемдер, бүгінде тек ауыз екі сөйлесуде ғана емес, тіпті кейде телеарналардағы арзанқол тәлімі мен тәрбиесі төмен бағдарламаларда да белең алуда. Осыны көк экраннан көріп, естіп өсіп келе жетқан әрбір отбасындағы кішкене бүлдіршіндердің де осы жолмен кетері жасырын емес. Сондықтан мен ойлаймын «агент әлемінде» болсын, әлеуметтік түрлі жүйелерде болсын, құрылымы қате жазылған сөйлемдердің тіркелуіне тыйым салынса. Бұл бір қарағанда соншалықты дабыралататын мәселе де емес сияқты, бітақ, мағынасына тереңнен үңіліп көрер болсақ, мұнда бүкіл бір елдің тағдыры жатыр. Себебі, тәуелсіздік алғалы қажетті мәртебесіне жете алмай қадірі барын¬ша арта алмай тұрған тілімізге бұл жығылған үстіне жұдырық болғаны аян. Ендеше, бұл мәселенің шешімін қоғам бо¬лып, ұлт болып шешкен дұрыс- ау.

Ұстазбен сұхбат үстінде сыныпқа рұқсат сұрап, кей¬уана енді. Өзін Иманқұлов Ерсұлтанның апасымын, есімім - Сейкенова Октябрина Гамбо¬евна, деп таныстырған ата-ана ұстаз жайлы өзінің лебізін айта кетті.

-« Эльмира Сыдыкова менің немереме сабақ беріп келе жатқанына екінші жыл болды. Өте білікті мұғалім. Біз баламыздың Эльвира Мамырайымқызынан тәлім алып жатқанына ризамыз. Ұстаздың біліктілігі, балмен жұмыс істеуі көңілімізден шығады. Баламыз орыс тілді болатын, бүгінде ұстаздың та¬банды еңбегінің арқасында қазақшаны жақсы меңгерді. Үлгерімі жақсы. Бүгінгі таңда заманауи мек¬тептер жақсы мұғалімді талап ететіні белгілі. Эльвира Сыдыкова осы та¬лаптарыдын бәрінен дерлік шыға білген жоғары санатты ұстаз. Ол ба¬ламен тек сабақ жөнінде ғана айна¬лысып қоймай, баланың жеке мінез - құлқына, психололгиясына, оның сабақты қабылдауына да зор көңіл бөледі. Немеремнің сабақтарына жиі қатысуға тырысамын. Әрбір сабағына қатысқан сайын, ұстаздың біліміне тәнті боламын. Адамгершілігі де өте жоғары. Жымиып жылы қарсы алып, күлімдеп шығарып салады. Бұл жалғыз мен емес, барлық ата- аналардың да пікірі осындай деп ойлаймын. Себебі, Эльвира Сыды¬ковна жақсы мұғалім. Бұл ұстаздан балаларымыздың терең білімді, сауат¬ты, тәрбиелі болып шығары сөзссіз».

Ұлы педогог, ағартушы, білімнің атасы Ыбырай Алтынсарин « Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық. Өйткені жақсы ұстаз- мектеп жүрегі» деген екен. Осындай мектептің жүрегі бола білген Сыдыкова Эльви¬ра Мамырайымқызы сынды ұстаздар ортамызда көптеп болғай. Білімнің жарық шамшырағын шәкірт жүрегіне мықтап орната білген ардақты ұстазға, «Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіз жоғарыдан көрінсін. Сіздің еңбегіңіздің өлшеуі - оқушыларыңыз шыққан биік болмақ» деген тілектен басқа айтарымыз жоқ.

Автор:
Динара АУЖАНОВА өз тілшіміз.