Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ


20 января 2014, 09:33 | 3 215 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарға аялауға бейімделу.

2.Көңілді көктемде құстардың ора¬луын, олардың пайдасын түсіндіру.

3.Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын, сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шарлар

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, әңгімелеу, тіл дамыту.

Сабақтың барысы

Музыка ойнап тұрады «Көктем вальсі»

1- оқушы:

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды,

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек – қаз қонды.

2-оқушы:

Ұшып келген ең алғаш

Қара торғай қарағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді – «менің тұрағым»

3- оқушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға де¬ген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

4- оқушы: Халық өз ортасында шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілетін ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды аққуға теңеді.

5- оқушы 6- оқушы: Ой, балалар, балалар! Қ ұ с т а р тойын құттықтап

Жылы – жылы жел соқты. Қуанамыз, қолдаймыз.

Жылғалардан су ақты Ұя жасап құттықтап,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кетті. Біз оларды қорғаймыз

7- оқушы:

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын үлестіріп,

Көрікті көктем келді.

Ортаға вальс билеп Көктем шығады.

8- оқушы: Сәлем, достар, аман ба? Мынау бейбіт заманда

Шат-шадыман көктеммін Шаттық болсын аман да

Ән құрдым үніммен Сән құрдым үніммен

Қуантамын бәріңде Құт-мереке күніммен

9- оқушы:

Үй салдым құстың алдынан

Болсыншы өмір панасы

Өзімдей сәби балдырған

Өссінші құстың баласы.

Хормен: Біздің міндетіміз – қанатты досымыз құстарды қорғау.

Ойын.Кім тез табады? Суретші нені шатастырды?

Қараторғай: Салмағы 75гр, дене тұрқы 23см, тұмсығы ұзын, мойны қысқа, түсі қара. Ол жыл құсы, на¬урыз айының басында өз Отанына ұшып келіп, ұясын ағаш жар тас қуыстарына салады. 13-15 күнде ба¬лап шығарады. Зиянды жәндіктерді жойып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

12- оқушы:Халық «Көкек келді, көктем келді» дейді. Көктемнің та¬маша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес осы бір құстың аты неліктен жылдың ең та¬маша айына теңеу болды екен?

Көкек:

Жаршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

13- оқушы: Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыздан жазықсыз құстарды жәбірлеуге жол бермейік.

Біліп жүр: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстардың біріне саналады. Көкектің балапа¬ны бір күнде ғана 39 шекіртке, 43 жұлдыз құрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шатырлақ қоңыздың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.

14- оқушы: Торғай

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтанда тоңбаймын

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Үйіміздің маңында жүретін кіп- кішкентай торғайдың бірі өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.

15- оқушы: Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзін қимаған

Құстарға арналған көптеген жұмбақтар бар.Кімнің ойы ұшқыр болса жұмбақты тез шешеді.

16- оқушы:

Маң-маң басқан жүрісі

Барлық құстың ірісі

Қашқанда құстай ұшпайды

Қуғанын бірақ ұстайды (Түйеқұс)

17- оқушы:

Көлдің көркі сән екен

Ұшқан сазды ән екен

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған (Аққу)

18- оқушы:

Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талпаңдап (Ба¬лапан)

Қорытынды.

«Құстарға жем шашайық» ойыны. Кім тез атын атайды?

(суреттегі құстың атын айтады, соларға жем шашқан болады.)

Кім көп біледі?

1.Құстың негізгі мекені не?

2.Қай құста мүлде ұя болмайды?

3.Адам қай құсты аң аулауға пай¬даланады?

4.Қыста қалатын құстар?

Автор:
Алма БҰҚАНБАЕВА Байысов атындағы орта мектебінің МДШО ММ тәрбиешісі