28 января 2014, 03:55 | 2 360 просмотров
Сабақтың мақсаты:
1Білімділік: оқушыларға көпмүшелерді қосу жәнеазайтуды мы¬салдар келтіре отырып түсіндіру;
2.Дамытушылық : бірмүше, оның стандарт түрі,көпмүше, оның стандарт түрі ұғымдарын дамыту;
3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Топпен тренинг,аралас сабақ
Әдіс- тәсілдері:Баяндау, коммуникативтік, иллюстративтік.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, слайдтар, карточ¬калар.
Сабақтыңбарысы:
1.Ұйымдастыру, оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оларды топқа бөлу.
1топ Қосу. 2 топ Азайту.
Сабақтар төмендегі бөлімдерден құрылады.
1 «Ойлы болсаң озып көр» айдары
Өткенді қайталау, сұрақ-жауап:
1Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
2.Бірмүшенің стандарт түрі қалай жа¬зылады?
3.Бірмүшенің коэффициенті деген не?
4.Бірмүшенің дәрежесі деген не?
5.Көпмүше деп нені атайды?
6.Көпмүшенің ұқсас мүшелері деген не?
Жаңа материалды қарастыру. «Білімің- ұшар қанатың»
Тақтадағы мысалдарды орындату.
1. (3а3 -5а2в+7ав2+в3¬¬¬ )+(-5а3- 6ав2+4в3) =
2. ( 3а3-5а2в+7ав2+в3) –(-5а3-6ав2- 4в3 ) =
Оқушыларға мысалдар бойынша ережені айтқызу
Есептер шығару «Біліктілік» айдары
№ 185
1.Өрнектердің қосындысын табыңдар:
а) 5х+(3х+7) б) –у+(у-1)
ә)8а +(1-3а) в) -5m+ (-m-n)
№187 Көпмүшелердің айырмасын табыңдар:
а) 3а- (7+2а)
ә)5в2-9-(4в2-в+5)
Сергіту сәті Сәйкестендіру тесті
1940 ҚР Президентінің жалпы халықтық сайлауы
1991 Елорданың Астанаға көшірілуі
1997 Н.Назарбаевтың дүниеге келуі
1999 Н.Назарбаевтың қайта сай¬лануы
1990 ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
2011 КСР Президенті болды
Бекіту«Ойлан, тап»
Көпмүшені толықтыр
1)........ + (6х2 – 3ух) = 8 х2 + 7ху – у2
2) 8а2 – 2 в3+ с – (....)= 2а2 –в3 + с
Өздік жұмыс «Шешуші сәт»
№203
1)І топ 2) ІІ топ
х= 2а2 – 3ав – в2
х= 2а2 – 3ав – в2
у = - а2 + 2 ав + в2
у = - а2 + 2 ав + в2
z = 4а2 + 2 ав
z = 4а2 + 2 ав
х+у+ z = ?
х – у – z = ?
Қорытындылау «Кім білгір?»
Математикалық диктант
-Бірмүшелердің қосындысы...
- Көпмүшенің дәрежесі деп оның ...
-Егер жақшаның алдында “плюс” таңбасы болса, онда ...
- Егер жақшаның алдында “минус” таңбасы болса, онда ...
Үй тапсырмасы № 186,190