Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БЕТКЕЙДЕН ТӨМЕН ТҮСУ


28 января 2014, 03:56 | 2 101 просмотр



Білімділік: Шаңғымен кезектесіп жүру әдіс- техникасын үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың үйлесімді қимыл-қозғалысын дамы¬ту

Тәрбиелік: Оқушыларды төзімділікке, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық жаттығулар орындау, жарыс

С/ методикалық жабдықтар: ысқырық, шаңғы, секундомер

Сабақтың барысы:

І. Дайындық бөлімі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жүру, жүгіру жаттығулары

3.Арнайы жаттығулар орындау

ІІ. Бөлім

Бұл жүріс техникасының негізінен бірінен кейін-бірі келіп отыратын қимыл- әрекет құрайды.

1. Аяқпен серпілу тоқталған сәт- бұл шаңғымен сырғанауға арналған дененің бастапқы қалпы.

2. Аяқпен игеруді бастау сәті

3. Аяқпен серпілу алдында жерге тірейтін аяққа салмақ түсіре бастау

4. Жерге тірелген аяқпен серпілуді бастау

5. Соғы рет серпілу алдындағы оны жаза бастау

6. Аяқпен серпілуді аяқтау, бұл кезде жерге тірелген аяқ толық жазыла¬ды да, қол аздап бүгілген қалыпта алға шығады.

Осы санамаланып берілген қимыл әрекеттерді орндай отырып, мына басты шартты сақтау керек.

Сырғану бүгілген аяқпен орындалуға тиіс. Бұл кезде біз аяқпен тұру- тепе- теңдігін неғұрлым ұзағырақ сақтауға тырысу керек. Тек осылай еткенде ғана сырғанай аттаған қадамды ұзарта түсуге болады. Демек, шаңғышы бұлшық еттердің серпілу күшін тиімді пайдалана отырып, жүріс жылдамдығын арттыра түседі.

Шаңғымен жүру және жүгіру жылдамдығы көбінесе дұрыс серпілу тех¬никасына байланысты болады. Серпілу бәтенкенің ұшымен орындалады.

Аяқ ұстаған екі қол алға түзу сілтенеді. Таяқ қардың үстіне жерге тірелетін аяқтың табанына қарма-қарсы тік шан¬шылады.

Кезектесіп келетін екі қадамды жүрісті ойдағыдай орындау үшін мына төмендегідей бірнеше дайындық жаттығулары орындалады.

1. Таяқтың көмегінсіз сырғанай аттап жүру, бұл кезде әрбір шаңғымен неғұрлым ұзақ сырғанауға дем беру үшін екі қол аяқ қозғалысына сәйкес ырғақты қимыл жасап отырады.

2. Осы жаттығуды екі қолды белде ұстап орындау.

3. Екі таяқпен кезек-кезек си¬ректеу итере отырып, ұзақ сырғанау қадамдарын жасау.

4. Беткейден төмен қарай түсу.

ІІІ. Қортынды бөлім

1. Оқушыларды бағалау

2. Үйге тапсырма. Шаңғымен «Шырша» жасап жүру

Автор:
Е.ЕСЕНОВ, дене тәрбиесінің мұғалімі, Х.Көбіков атындағы орта мектеп МДШО ММ