Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ


15 февраля 2014, 06:44 | 1 654 просмотра



Мақсаты: Оқушылардың инфор¬матика, физика және химия, биоло¬гия пәндеріне деген қызығушылығын, ынтасын, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге және ақпараттық сауаттылыққа баулу.

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманның!

Білімменен бар әлемді көмкеріңіз,

Сендерменен нұрлы болар көктеміміз.

«Жұлдызды сәт» деген сайыс тақырыбы

Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз – дей келе «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойынымызды бастауды рұқсат етіңдер. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт -сапар тілеймін.

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын кім білімді, кім мықты.

Әділ қазы алқасына жүгінсіек

Берер дейміз әділдікпен жеңісті. Енде¬ше бүгінгі сайысымызға төрелік жүргізер әділқазыларымызды сайлап алайық (әділқазыларды сайлау).

«Өзім туралы» Топ басшыларының та¬ныстыруы (5 ұпай).

І-тур. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»

Ғылымда асулар көп алатұғын,

Қанатын биіктерге қағатұғын.

Ұшқырлығын танытып қыран құстың

Кез келді сәйкестігін табатұғын.

Анықтамалықтарды сәйкестендіріңіз (2 ұпай)

1-топ: химия-билогия пәндерінен

1.Алғашқы микроскопты жасаған ғалымды атаңыз? (Роберт Гук)

2.1675 жылы алғаш рет жасуша¬лы организмді анықтаған ғалым? (А.В.Левенгук)

3.Периодтық жүйені ашқан ғалым кім? (Д.И.Менделеев)

4.Құрылыс теориясының негізін қалаушы ғалым? (А.М.Бутлеров)

2-топ: информатика пәнінен

1.Ол Windows – бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаңа қызметін ашып берді. (Билл Гейтс)

2.Ол ең алғашқы программалаушы ғалым. (Ада Лавлейс)

3.Ол ХХІ ғасырдағы ең бірінші есептейтін программаларды құрды. (Чарльз Бэббидж)

4.Ол ең алғашқы электронды есептеуіш машинасын шығарды. (Джон Нейман)

5.Бірінші советтік ЭЕМ-ға 1950 жылда¬ры басшылық жасаған академик ғалым. (С.А.Лебедев)

ІІ-тур. «Дүниенің кілті өнер білімде»

1-топ: химия пәнінен

1.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль).

2.2 элементтен құралып, бірі оттек бо¬лып келетін қосылыс (оксидтер)

3.Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшек (молекула).

2-топ: физика пәнінен

1.Ол физикалық өлшемнің қызметі дененің салмағын көрсетеді.

(килограмм).

2.Ол физикалық өлшем “Бүкіл әлемдік тартылыс” заңын ашқан ғалым атымен аталады (Ньютон)

3.Ол физикалық өлшемнің қызметі қысымды анықтайды әрі программалау тілі ретінде таныс (Паскаль).

4.Ол физикалық өлшем бірлік қуатты анықтайды (Ватт)

5.Ол физикалық өлшем бірліктің қызметі температураны көрсетеді (Кель-вин).

ІІІ-тур. «Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай,

Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер»

Айналайын алға ұмтылған ұландар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар.

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.

(Әр бір дұрыс жауапқа 3 ұпай).

1-топ: физика пәнінен

1.Гректің сөзінен аударғанда си¬рек, тығыз емес деген ұғымды білдіріп қысымды өлшейтін құрылғы (манометр).

2.Ток көзіндегі кернеуді өлшейтін құрылғы (вольтметр).

3.Дененің электрленгенін анықтайтын құрылғы (электроскоп).

1-топ: информатика пәнінен

1.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған құрылғы (пернетақта).

2.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге бе¬руге арналған кішкене қорапша құрал (тышқан).

3.Ақпаратты ЭЕМ-нен адамға беруге арналған құрылғы (монитор).

IV-тур. «Дүние де – өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз»

Білім деген адамның құнды мүлкі,

Болмайды бұл жағында көңіл күпті.

Сіздерге қошеметтеп демеу бердік,

Танытып тырысайық зеректікті.

Есептің шешуін табыңыз – 5 ұпай.

І-топ: Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 01110001 мектептің 1001-сыны¬бында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің арманым келе¬шекте атақты компьютер маманы болу.

ІІ-топ: 111-сынып оқушысымын. Сы¬ныпта 00010110 оқушы бар. Сынып өте ұйымшыл. Біз 000100000011 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.

V-тур. «Сөздік домино»

VІ-тур. «Жасырын мәтін»

VІІ -тур. «Марапаттау»

Автор:
Нұрболат ДҮКЕЙХАН Сарқан гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі