Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТ САУАТТЫЛЫҒЫ


15 февраля 2014, 06:54 | 1 912 просмотров



Тұлғаның қалыптасуына көмектесөтін мінез-құлық сипаттары бала бойында дәл осы төмөнгі сыныптарда орныға ба¬стайды.

Адамзаттың даму барысы адам жал¬пы өмірге емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайда тіршілік етуге даярлана¬тынын анық көрсетеді. Бүгінгі күні Қазақстанда өз Отанын жан-тәнімен сүйетін, өздігінше әрі творчестволық түрғыдан ойланатын, ел тағдырына, өз тағдырына жауаптылықты сезінетін, өмірді шынайы қалпында керіп, түсінуге, мәдениеті мен ұлттық бейнесі сан алуан ортада қолайлы өмір сүруге, қоғамды дағдарыстан дамудың өркениетті жо¬лына шығаруға қабілетті жаңа типтегі азаматтарға деген зәрулік сезіліп отыр.

Төменгі сынып оқушыларын коммуникативтік тұрғыдан дамытудың мән-маңызы арта түсуде. Қазіргі заманғы мұғалім конфликтологияның, әлеуметтік педагогиканың, психологиялық- педагогикалық ілім-білімнің негіздерін игеруі тиіс. Бұл оған оқушылар тап болған әр түрлі қиындықтар себебін дер кезінде анықтап, тиісті көмөк көрсетіп отыруына жол ашады. Бүгінгі мұғалімге оқу процесін сапалы түрде жүзеге асы¬рып, әр түрлі жастағы, қабілет-бейімі әр түрлі ұлдармен, қыздармен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін енді бағдарламалық материалдардың мазмұнын жақсы игеріп қана қою жеткіліксіз.

Соңғы жылдары ұлт салауаттылығын сақтауға байланысты проблемалар бой¬ынша бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы қауым ерекше назар аударып отырған жәйт жастар арасындағы суи¬цид мәселесі.

Соңғы он жылда өз ата-аналары¬нан, оқу-тәрбие мекемелерінен қашып шыққан, хабарсыз кеткен балалардың саны үш есөге өскөн; олардың көпшілігі қылмыстық топтарға қосылып, баз біреулері сол қылмысты орталардың құрбандығына айналған.

Суицид - психологиялық құбылыс, оны түсіну үшін өзіне өзі қол жұмсағысы келөтін адамның жан-дүниесіндегі жағдайларды түсіну керек. Өзін өзі өлтіру адам жанын түгел қара толқындар ба¬сып, үміт сәулелері түгел сөнген айрықша бір күрделі сәттерде жасалатын үрейлі жәйт.

Өзіне өзі қол жұмсау психологиясы, бәрінен бұрын, үмітсіздікке тән психоло¬гия. Үміт барда адам ең қиын, ең қатерлі жәйттерді де бастан өткереді. Үмітсіздік құрдымға бастайды. Адам өмірінде бұлт үйрілген қауіпті кезөңдер бола¬ды. Содан аман өтсе, оның құтылғаны. Міне, адамдардың бірін-бірі түсінуі, бір- бірінекөмектесуі осындай сәттерде өте- мөте қажет.

Өзіне өзі қол жұмсау жәйттеріне себеп болатын нәрселер көп. Отбасы дұрыс қалыптаспаса да, махаббатта жолы бол¬маса да; байлығынан ажырап қалып, мұқтаждыққа түссе де; жазылмайтын ауруға ұшырап, оның азабынан ертерек құтылғысы келсе де; сатқындық жасау¬дан қорықса да өзін өлімге қиятындар болады

Суицидке бел буған адам өз өміріне тек өзі ғана қожа секілді сезінеді, ол жарық дүниеге алып келген, асырап, өсірген жандарды да ойламайды, адамның тіршілігі де, ажалы да қандай қандай да бір құдіретке байланысты екендігімен де ісі болмайды.

Профилактикалық шаралар

1. Балалардың мектепте қамқорлық, қолайлылықты, жан жылуын сезінуі

үшін психологиялық салау¬атты орта жасауға байланысты жалпымектептікбағдарлама әзірлеу.

2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Мектеп пен отбасының, сондай- ақ мектеп пен барша қауымның өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ететін модель жасау.

Мұғалімдердің өзіне әділдікпен қарайтынын, мектепте өзіне жақын жан¬дар бар екенін сезетін, өзін мектептің бір бөлшегімін деп есептейтін бала өзіне өзі қол жұмсау жайлы ойлай қоймайды.

Бірінші сынып оқушылары арасын¬да «Біз өмірді жақтаймыз» деген тақы- рыппен сынып сағатын өткізген кезімізде бірқатар қиындықтарға тап болдық. Оның ең бастысы: оқушылардың жас ерекшелігі еді (әлі кішкентай баланың санасына өмірдің мәні мен құндылығын қалай жеткізуге болады?).

Балалар әрбір слайд бойынша көргендері мен көңілге түйгендері жай¬лы өз ой-пікірлерін еркін түрде ортаға салып жатты. Өмір қандай тамаша! Өмір қандай қызық! Кішкентайлардың көтеріңкі көңіл-күйлері мен қуанышты әңгімелерінен осындай ойларды ұғуға болар еді. Өмір туралы әңгімеден кейін балалар оның бес қүндылығын ерекше¬леп таңдап алды (баз бір балалар оны тағы да бірнеше құндылыққа көбейткісі келді, бірақ міндет нақты қойылған еді). Баяу әуенді музыка фонында ба¬лалар өмір құндылықтарын «бәйтерек бұтақтарына» желімдеп жатты. Бұл қағазға бейнеленген көрініс еді. Ол алды¬нала әзірленіп балалардың әрқайсысына жеке-жеке берілген болатын. Балалар кейін өз бәйтеректерін түрлі түсті бояу¬лармен бояп шықты.

Сіздердің назарларыңызға осындай бір сынып сағатының әзірлемесін ұсын- бақпыз.

Сынып сағаты: «Мен өмірді қалаймын»(бастауыш мектепте суицидтік мінез құлықтардың алдын алу)

Мақсаты: «ӨМІР» ұғымын құндылық ретінде қалыптастыру.Оқушылар бойында өмір құндылықтарын қалыптастыру,өмір сүруге құштарлыққа,жат қылық,оғаш мінездерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ата-ана,бала,мектеп қарым-қатынас қ а л ы п т а с т ы р у , қ а т і г е з д і к к е , ж о л бермеу,оқушылар арасында достықты нығайту.

Қажетті жабдықтар:қаламсаптар, А4 форматты парақтар, «Менің бір күнім» атты тұсау кесер, бәйтерек ағашы бей¬неленген парақтар,құндылық сөздер жазылған карточкалар, желім, түрлі-түсті қарындаштар, қайшы, моншақтар, түрлі түсті бор, музыка.

Сынып сағатының барысы: Тақырыпқа кіріспе

1.жүргізуші:Маған бүкіл қала әлі де тәтті ұйқыда жатқанда, күн нұры көрінбеген кезде ерте ояну ұнайды. 6-7 лердің кезінде терезені айқара ашып, суық ауамен құшырлана дем алсаң, бірден бойың сергіп қалады. Айналаң тып-тыныш, жан адам көрінбейтін бұл мезгілде тек алыста машиналардың зу¬ылдап бара жатқан даусы естіледі.

2.жүргізуші Таңды әркім әр түрлі қарсы алады:біреу ширақ тұрып, тез жина-лып жатады,ал біреулер жамылғының астынан керіліп-созылып, біраз жата тұрғанды ұнатады,енді біреулері тіпті де тұрғысы келмейді.

Әр күннің қалай өтуі біздің оны қалай қарсы алуымызға байланысты.Сендер осыған келісесіңдер ме?

Біздің бұл күндеріміз қалай өтіп жа¬тыр?... Енді соны сырттан бақылап көрейік.

Слайдтар: «Менің бір күнім атты»тұсау кесер(жаңа күн-таңертеңгі ұйқыдан ояну- жаңа жоспарлар-қызықты кездесулер- үлкен және кішкентай жаңалықтар-бұл өмір)

Шаттық шеңбері:Ризамын әні.

Жаттығу-тренинг

Творчестволық жұмыс(статистика жайлы бірер сөз)

Әже әңгімесі:Әрбір адамның ар¬маны болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң,екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші.....со¬лай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір!!!! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы!!!!!! Себебі сол шақта үлкен бақытқа кенеледі.

Ән: Әжемнің шәйі

1-ж үргізуші :Кімнің қандай өнері бар көрсетейік.

Оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысады.

(Бәріне бәйтеректің суреті салынған бір-бір парақ және өмір құндылықтары жазылған карточкалар үлестіремін)

1жүргізуші Өздерің үшін өмірдің ең маңызды деген құндылықтарыңа байла-нысты 5сөзді таңдап алып, бәйтерекке жазыңдар.

2жүргізуші Байқасаңдар, құндылықтар жазылған сөздер әр түрлі. Сен¬дер қалай ойлайсындар, неге олай? Сөздерді дұрыс жазып шықсаңдар,әр қайсың өз өмірлерің үшін ең қымбат құндылықтарды айқындайсыңдар.

Автор:
Бақыт КАЖИЯКПАРОВА №22 орта мектептің мектепалды даярлық сынып жетекшісі Еңбек ауылы