Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖУРНАЛИСТЕР МҰНЫ КЕЗЕКТІ РЕФОРМАҒА БАЛАДЫ


15 февраля 2014, 07:10 | 1 507 просмотров



Биыл және алдағы жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында зор міндеттер тұр. Себебі, халықтың әлеуметтік мәселелері бойынша бірқатар маңызды шараларды іс жүзіне асыру қажет. Осы орайда бұл жұмыстарға жауапты ведомство¬лар жалақы, шәкіртақы, жәрдемақы көлемдерін арттыру бойынша тиісті есеп-қисап жұмыстарына кірісіп те кетті.

Ел аузында «Жаңа келген басшы жоқ дегенде бір жаңалық ашады» деген сөз бар. Лауызымына кіріскеніне сегіз айдан асқан Тамара Дүйсенова осы аптаның дүйсенбісінде Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық комму¬никациялар қызметінің брифингісінде есеп берді. Одан хабардар, министрдің айтқанын естіп - білген қаймана халық биік мінберден айтылған сөз кезекті реформаға айналып кетпесе игі деп жо¬рамал жасай бастапты-мыс.

2015 жылы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл жаңа үлгіге сәйкес, еңбекақы төлемі білім деңгейіне, біліктілігіне, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың қиындығы мен жауапкершілік дәрежесіне байла¬нысты болмақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас¬шысы Тамара Дүйсенова салиқалы басқосуда азаматтық қызметшілердің лауазымдары 4 санатқа бөлінетіндігін, яғни онда басқарушылық, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық қызметкерлер болып сарапталады, - деп хабарлады. Сонымен қатар, министр қызметкерлердің белгілі бір санаттары бойынша қызметтік айлықты есептеу үшін коэффициенттер себетін диффе¬ренциялау, қосымша төлем мен үстеме төлемдер жүйесін реттеу қарастырылып отырғандығын жеткізді.

Көрші Россияда қандай өзгеріс, нен¬дей жаңалық бар? Россияда бір сағатқа есептелетін ең төменгі жалақы 100 рубль болу керек. Жоқ жерден жеті қоянды қанжығаларына басқандай мұндай ұсынысты Мемлекеттік Думадағы ЛДПР депутаттары көтерді. Олардың пікірінше осы норма азаматтардың тұрмысын жақсартумен қатар экономиканың да қарыштап өркендеуіне ықпал ет¬пек екен. Фракциядағылар «Еңбек үшін төленетін ең төменгі жалақы ту¬ралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды да әзірлеп қойғандарын мәлімдеп отыр. Аптасына 5 күн сегіз сағаттан еңбек еткен көршіміз аталған өзгеріс жүзеге асатын болса шамамен (жұмыс күні айына 22 күн бол¬са) 17 мың 600 рубль жалақы алатын болады. Ескерте кетейік бұл ең төменгі көрсеткіш. Теңгеге шағатын болсақ 80 мыңның төңірегі.

Елімізге оралайық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Біз 2015-2017 жылдарға арнап мамандарға бол¬жам әзірлеп жатырмыз. Біз тек макроэкономикалық болжамды ғана емес, әр өңір бағдарламалар аясында қажетті жұмыс орындарын анықтайтын Өңірлердің жұмыспен қамтылу карта¬сын да назарға алып отырмыз. Және біз жұмыс берушілердің арасында сауална¬ма жүргізудеміз»,- деген-ді.

Бүгінгі таңда жоғары технологиялық салаларға, жаңа инновациялар мен жаңа технологияларға қатысты үлкен міндеттер қойып отырғандығы бесенеден белгілі. Осы айтылғандарды нақты сек¬торда енгізетін болсақ, еңбек ресурстарының сол деңгейге сай болу керектігін түсінетін бо¬ламыз. Бұл болжам ағымдағы жылдың мамыр айына дейін дай-ын болатынын ескерсек, оның негізінде жаңа кәсіптік стандарт¬тар жасалатыны тағы ақиқат.

Ведомство басшысы осы жиында еңбекке қабілетті қазақстандықтардың 95 пайызы жұмыспен қамтылған деген ақпарат таратты. Бірақ, бұл дерекке күмән келтіретіндер де жоқ емес. Соның бірі Парламент Мәжілісінің депута¬ты Светлана Жалмағанбетова. Халық қалаулысының дерегіне жүгінсек, бұл пайыз нақты ақпаратқа сай келмейді. Яғни, қазақстандықтардың біраз бөлігі тұрақты емес, маусымдық және уақытша жұмыспен ғана қамтылып келеді. Фото 1-2

Ал, Министр болса «Өткен жылы халықты жұмыспен қамту деңгейі артқаны байқалды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасса, Экономикалық қызметтің түрлері бойынша орташа айлық жалақы 108,640 теңгені құраған,- деген ақпарат берді. Жалақы демекші, Министрдің айтқан цифры аймақ, сала бойынша жасалған дерек емес, жал¬пы Республикалық деңгей бойынша алынған қарапайым ғана нақты емес болжам екенін көрсетеді.

Дегенмен де жұмысқа орналасып алып, кейін жалақысын өндіре алмай жүргендер жоқ емес. Әлемдік қаржы дағдарысы жылдарына қарағанда қазіргі ахуал біршама түзелгенімен, кейбір кәсіпорындар өздерінің жұмысшыларына заңды еңбекақысын бере алмайтын¬дай сыңай танытуда. Өткен жылдың басына қарай 92 кәсіпорынның 9 мың жұмысшының алдындағы жалпы қарызы 1 миллиард теңгеден сәл астам болды. 2013 жылдың барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары 793 кәсіпорында 4,3 миллиард теңге көлеміндегі жалақы берешегін анықтаған көрінеді.

-Биылғы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 738 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы 74 кәсіпорынға тиесілі болды», - деді министр басқосуға жиналғандар алдында. Осы орайда, жалпы қарыздың көлемінде Алматы қаласының үлесі 23 пайыз, ал Қарағанды облысының үлесі 18 пайызға жуық деңгейде. Сонымен қатар, еңбекақы бойынша Ақтөбе және Алматы облыста¬рында берешек жағдайлары тіркелмеген, - деген ақпарат таратылды. Сенуге қиын.

Тамара Дүйсенованың берген дерегіне жүгінсек, бүгінгі таңда 4 миллионға жуық отандастарымыз түрлі әлеуметтік төлем түрлерін алады. Екі жүз мыңдай отбасы 4 және одан көп бала тәрбиелеп отыр. 90 мыңнан астам адамға тегін арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі екен. Ба¬лалы отбасыларды қолдау шаралары бала туу санының артуына оң ықпал еткен. Соңғы 10 жыл ішінде бала туу саны 1,5 есеге өскен. Екі жүз мыңдай от¬басы 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырғандығы қуантарлық жайт,-дейді Тамара Босымбекқызы.

Көрші Россияда қандай өзгеріс, нен¬дей жаңалық бар? Осы орайда Рос¬сия Мемлекеттік Думасы жанындағы қаржы рыногы комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Соловьевтің сөзін келтірер болсақ, бүгінгі таңда әлеуметтік мәселені біршама оңтайландыру мақсатына жаңа заңнама әзірленіп жатқан көрінеді. Онда россиялық азамат тоқсан сай¬ын өзіне тиесілі әлеуметтік көмекті натуралды немесе ақша түрінде алуға құқылы. Заңда көзделгендей әлеуметтік жәрдем көрсету жылдық күнтізбе бойынша жүзеге асырыла¬ды. Яғни, көршілеріміз дәрі-дәрмек, санаторлық-курорттық ем-дом алу, көлікте жүру, тағы басқа жеңілдіктерді алу үшін өтінішті жылдың қазан ай¬ына дейін беруі тиіс. Онда ол сол жәрдемді қандай түрінде алғысы келетінін ескерту қажет. Тек содан соң ғана, яғни алдағы жылғы қаңтардың 1-нен бастап өтініш рет-ретімен қанағаттандырылатын болады.

Демографиядан дерек берсек. Бұл тұрғыда Россия үшін 2013 жыл «бақытты жыл» болыпты. Дегенмен, скептиктердің пікірі мүлдем басқа. Олардың зерттеуінше бұл уақыттық ғана құбылыс. Дәлірек айтқанда, «демографиялық толқын».

Елімізге оралайық. Министр еліміздегі тұтынушы қоржыны жайын да тілге тиек етті. Оның пікірінше Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тұтынушы қоржыны жоғарыда келтірілген уақытта өзгеріп тұратын көрінеді. М и н и с т р л і к т е г і ле р мұндай жаңалықты енгізбес бұрын Қазақ тағамтану акаде¬миясымен бірге бұл мәселені алдын-ала пысықтағаны қуантады. Тағы бір айта кетерлігі бүгінгі таңда әлеуметтік стандарттардың ең төменгі деңгейіне қатысты заң жоба¬сы жасақталуда. « С т а н д а р т т а р д ы ң базалық көрсеткіші күнкөрістің ең төменгі деңгейі болмақ», - деген Тамара Дүйсенованың сөзі көңілге медеу болса деп тілейік. Айтпақшы, бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушы қоржыны 19 966 теңгені құрап отыр. Жеткілікті ме жоқ па оның жауабын анықтау қиынға соға қоймас.

Көрші Россияда қандай өзгеріс, нен¬дей жаңалық бар? Зерттеулер¬ге қарағанда алдағы уақыттан зор үміт күтетін көршілеріміз 2014 жылы ел экономикасында айтарлықтай өрлеу болмай қала ма деп күдіктенетін көрінеді. Осыдан-ақ тұтыну қоржыны толыға түседі деу қиын. Россия мен ТМД елдеріндегі EPSI жобасының үйлестірушісі Анна Макаренконың дерегіне сүйенсек, россиялық тұтынушылар өздерінің материалдық ахуалының төмендей бастағанын қазірдің өзінде сезінуде.

Елімізге оралайық. Премьер- Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова биылдың 15 ма¬мырына дейін азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін енгізуге қажетті қаржы көлемі анықталуы тиіс екенін қадап айтты. Оның пай¬ымынша, республикалық бюджет қабылданғанша қажетті қаржыны алдын ала есептеп қою керек. «15 мамырға дейін қосымша қаржының көлемі анықталуы тиіс, ал 1 тамызға дейін нормативтік актілер толығымен дайын болуы қажет», - дейді Г.Әбдіқалықова.

Мұнымен қоса вице-премьер ау¬дан әкімдері «Жұмыспен қамту» бағдарламасының түпкі мәнін білмейді деп атады. Оның сөзінше, Үкімет жұмыспен қамту мәселесіне жіті на¬зар аударып отыр. Мәселен, өткен жылы «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасының жол картасы қабылданып, жүзеге асырыла ба¬стады. Ағымдағы жылы оны жүзеге асыруға 98,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. «Жергілікті жерлерде аудан, қала әкімдерінің «Жұмыспен қамтудың жол картасының» нормативтік, құқықтық ба¬засын білмейтіндігі турасында фактілер анықталды. Біз ауыл әкімдерімен ауқымды семинарлар өткіздік, орында¬рын тұрғызып сауалдар қойдық. Аудан әкімдері көп жағдайда «Жұмыспен қамту жол картасының» мәнін біле бермейді», - деп түйді вице-премьер.

Алқа мәжілісін қорытындылаған Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек нарығы дамуының бесжылдық болжамы әзірленетінін атап өтті. «Осы жылдан бастап еңбек нарығының дамуының бесжылдық болжамын әзірлеуді қамтамасыз етуге тиістіміз. Мұндай жұмысқа ауқымды түрде алғаш рет кірісіп отырмыз. Бұл мәселе 2015- 2019 жылдарға арналған еліміздің үдемелі индустриалды-иннвациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жо¬басын әзірлеу барысында ерекше өзекті. Ағымдағы жылдың мамырында бізде бесжылдыққа арналған жаңа жоба бо¬луы тиісті», - деді Г.Әбдіқалықова.

Бесжылдық дегеннен туындайды. Көз алдымызға келмеске кеткен КЕҢЕС ОДАҒЫ елестейді. Соның ең соңғысы - онүшінші екен. Ол 1991-1995 жылдар аралығын қамту керек болатын. Бірақ, Одақтың ыдырауына байланысты бес жылға белгіленген меже де орындал¬май кетті. Бізде қабылданар бесжылдық ұзағынан жарылқасын!

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ. K.R.A.