Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ


24 февраля 2014, 09:22 | 1 867 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақын өмірі, шығармашылығы ту¬ралы әңгімелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, шығармашылығымен жұмыс жасауға бағыттау.

Тәрбиелік: ананы сүюге, құрметтеуге баулу, жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ақын портреті, кесте, Абай журналы, энциклопедия, сөзтізбек, деңгейлік тапсырмалар.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топтың жеке жұмыстары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа кіріспе: «Ойлан», «Сөзтізбек».

Тапсырма: Сұрақтарға жауап бер, жасырылған сөзді тап.

1. Дүниедегі ең асыл жан (Ана)

2. Адамның қызығы (Бала)

3. Адамның қазынасы (Ақын)

4. Түнде бар, күндіз жоқ (Ай)

Сөзтізбектен қай ақынның есімін оқимыз?

Үй тапсырмасын қайталау, тексеру.

Тірек сызбаны пайдалан

1. Абай кім?

2. Ақынның тегі туралы не білдің?

3. Ақын шығармалары?

Жаңа сабақ. Ой шақыру.

Тапсырма: Сурет бойынша әңгімелеу.

Абай-күн. Абай есімі әлемге жарық шашып тұр. Күн мен ай әлемге ортақ. Ақын мұрасы ортақ қазына. «Абай- бәріміздің Абайымыз». Бүгінгі күні ол өзіміздің ізгі жанды досымыздай.

Ғұлама, сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа бізбен бірге армандап бара жатыр. (Николай Тихонов)

Кіріспе сөз

Өткенімізге ой жүгірсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдан үйренбеген, оны ұстаз санамаған ақын жоқ. Ғасыр ақыны атанған М.Мақатаев ол туралы былай тебіренеді:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,

Абай болып табылсам бір кісіге,

Абай болып түңілем мың кісіден.

Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін,

Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Біз бүгін әдебиетте өзіндік орны бар, Абай жаққан бір сәуле, оның ақындық жо¬лымен танысамыз. Ақынның «Ғылым тап¬пай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдеріне тоқталамыз.

Аударма сөздік

Тапсырма: Мәнерлеп оқу, сөз тіркестерін құрастыру.

Өсек - сплетний

Ой - мысль

Еңбек - труд

Рақым - милость

Өтірік - ложь, обман

Мақтаншақ – хвастун

Түсіндірме сөздік

Ғылым - даналық, өсек - біреуді сыртынан айту, сөз тасу, өтірік жала жабу, алдау;

Қанағат - барға разы болу, рақым - жақсылық жасау:

Өлеңді мәнерлеп оқу. (кезекпен оқу)

•Шығармашылық деңгей. Сөйлемді дұрыс құрастыр.

1.Өрге, баспас, сөз өтірік (өтірік сөз өрге баспас)

2.Түбі - қорлық, ұрлық. (Ұрлық - түбі қорлық)

3.Ертеңі, таусылмас, еріншектің (Еріншектің ертеңі таусылмас)

Сөзді ұйқастыр

Таудай болсын талабың, шоқтай жансың... (жанарың).

Болам десең талапты, ... оқы....(жақсы, сабақты)

Жақсылыққа ... (қанағат), жуымасын жама¬нат..., ... мақтан, (өсек, өтірік), жамандықтан.... (сақтан)

Өлеңнің негізі идеясы

«Жаман әдеттен сақтан, адам бол!».

Келесі шығармадан үзінді

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.....

1.Сөздік жұмысы

Әсемпаз - қызық қуған, арқалан - еңбек ет, ерінбе, кірпіш - (тас) өмірдің бір бөлшегі, кетігін - керек жеріне, өз орнына, қалан орныңды тап.

2. Мәнерлеп оқу.

3. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.

Тақырыпты қорыту.

Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма

Автор:
Гүлжанат ҚАЛИЕВА, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі, «Қоңыр орта мектебі» МДШО ММ Ескелді ауданы, Қоңыр ауылы.