24 февраля 2014, 09:24 | 1 696 просмотров
Шымкент тұрғыны мектепте мұғалім бо¬лып істейтін әйелін көптің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қызғаншақ күйеу суық қаруын ала жүгіргенде үйде екі оқушы мен немерелері болған. Бала-шағаның көз ал¬дында жұбайын жер жастандырған соң, қаскөй полицейлерге өзі хабарлапты. Арада апта өтсе де мұғалімінің қансырап жатқанын көрген оқушының бірі есеңгіреп, әлі күнге дейін мектепке келе алмай жүр.
Оқу ісінің үздігі, 26 жыл мектепте ұстаздық еткен Барно Исраилова қаңтардан бері омыртқасына ота жасалып үйінде жатқан. Сол күні 6-шы және 2-ші сыныптың оқушысы Дәурен мен Ділбара ұстаздарының жағдайын сұрап, үйіне келіпті. Қанды оқиға сол кез¬де болған.
Ал күйеуі Шафкат болса түзде мінезі жібектей болғанымен, үйде нағыз озбыр болған екен. Үлкен ұлы туыла сала бауыр еті баласына сезікпен қараған әке, содан бері үйінде әйелін отырса опақ, тұрса сопақ қып келген. Ретсіз қызғанып, ұрып жығатын кездері де аз болмапты.
Туыстарының сөзінше, Шафкат әйеліне 20 рет пышақ салған. Үй іші қаннан көрінбей қалды дейді. Пышақ салған соң Шафкат өзінің туыстарына қоңырау шалып, болған жәйтті айтыпты. Соңынан полицияны өзі шақырған. Қазір ол қамауға алынды. Ал ар¬тында қалған ұлы мен екі қызы жауыз әкеге қатаң жаза беруін сұрап отыр.