Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КӘСІПТІК БІЛІМДІ АРТЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА


24 февраля 2014, 09:35 | 1 798 просмотров



Сынға алынатын саланың бірі - білім беру саласы. Еліміз ешкімге, еш жаққа жалтақтамай өзінше өркендеп келе жатқан жиырма жылдан астам уақыттан бері тың жаңалықтар енгізілді білім мен ғылымға. Соны серпілістер байқалды. Алайда, іс жүзіне еш сүрінбей жүзеге асып кетеді-ау деген реформалар тұралап, немесе қоғамымызда қатты сынға ілікті. Дегенмен, бұған қарамастан, қанша кемшін тұстар болғанымен білім беру мен ғылымда ақырындап бол¬са алға қадам басу бар. Оны жасыруға болмас. Салаға жаңа техно¬логиялар мен әдістемелер енгізілді, мек¬тептеп саны артты. Оған дәлел жетіп артылады.

Өткен ғасырдың 90- жылдарынан бері қазақ тілінде оқытатын мектептер саны 51,6 пайызға артты. Бұл туралы жуыр¬да Білім және ғылым министрлігінде өткен «Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында вице-министр Есенғазы Иманғалиев осылай мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы уақытта елімізде қазақ тілінде білім беретін ұйымдар желісі үздіксіз өсіп отыр. Қазіргі кезде еліміздегі 8764 мек¬тепке дейінгі ұйымның (3340 балабақша және 5424 шағын орталық) 64,4 пайы¬зы, яғни 5644 ұйым қазақ тілінде білім береді. Ондағы сәбилер саны 2000 жылы барлық тәрбиеленушілердің 14,8 пайы¬зын құраса, қазіргі кезде 41,1 пайызға жеткен.

- Қазақ тілінде оқытатын мектеп¬тер желісі 1051 ұйымға немесе 51,6 пайызға артты. Ондағы оқушылар саны 626,2 мың балаға артып, барлық оқушылардың 65 пайыздан астамын құрады. Қалған оқушылардың 31,7 пайызы - орыс, 3,8 пайызы - өзбек, ұйғыр, тәжік және неміс тілдерінде білім алып келеді. Сондай-ақ, ұлты қазақ балалардың 86,7 пайызы және 34 084 басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқиды», - деді жи¬ында Есенғазы Иманғалиев.

Соңғы жылдары елімізде 2015 жылға дейін қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпбиге көшірудің ғылыми негіздерін кешенді зерттеу бағдарламасы турасында көп айтылып келеді. Осы орайда вице-ми¬нистр баяндама барысында мемлекеттік тілді білуге міндетті мамандықтардың, лауазымдардың және кәсіптердің тізбе жобасы әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуде «ҚАЗТЕСТ» жүйесін ре¬спублика ауқымында қолданысқа кеңінен енгізу де аса маңызды болып табылады.

-Бұдан бөлек, қазақ тілінің Ұлттық корпусының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті зер¬делеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы, Қазақстанның ұлттық білім беру және ғылым саласында мемлекеттік тілден оқушылардың білімін арттыру жұмыстары ұдайы жүргізіледі», - деп қорытындылады мәселенің мәнісі жайындағы ойын Е. Иманғалиев.

Сорақысы сол, жиында мәлім болғанындай еліміз еліміз бойынша орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін 15013 мұғалімнің 236-сында арнаулы кәсіптік білімі жоқ. Бұл ақпаратты басқосуда вице-ми¬нистр Есенғазы Иманғалиев таратты. Оның айтуынша, олардың тоғызы тек мектепті ғана бітірген. Мұны Е.Иманғалиев бұл мектеп басшылары тарапынан кадрларды таңдаудағы жіберіліп отырған олқылық деп түсіндірді.

Айтып өтейік, қазіргі кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде кадр даярлау 32 жоғары оқу орнында, «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 15 жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады. 2013-2014 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына мемлекеттік тапсырыс 465 грантқа, «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 55 грантқа тең.

Басқаларда қайдам, бізде мемлекеттік тілді, дәлірек айтқанда қазақ тілін дамытуға «еш жаққа жалтақтамай» өркендеп келе жатқан жылдарда қаруар қаржы жұмсалды. Еңбектер жазылды, сөздіктер мен әдістемелер жасалды. Қоғамдық және үкіметтік ұйымдар ашылып жұмыс жасады. Үйірмелер де пайда болды. Енді міне, мемлекеттік тілді дамытуға арналған 28 ғылыми жобаға 161,5 млн. теңге бөлініп отырған көрінеді.

Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтың айтуынша, ғылым саласында мемлекеттік тілді дамыту жобалары бойынша А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Мемлекеттік тілді дамыту институты, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа ғылыми, білім беру ұйымдарында қарастырылып отыр.

-Жалпы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында қазақ тілінде даярлық жүргізу ауқымы үздіксіз артып отыр. Егер 2011-2012 оқу жы¬лында мемлекеттік тілде білім алушылар барлық студенттердің 54 пайызын құраса, ағымдағы оқу жылында барлық 527,2 мың студенттің 58 пайызы не¬месе 305 мың студент қазақ тілінде оқиды. Ал техникалық және кәсіптік білім беру саласында 718 колледжде 145 таза қазақ тіліндегі және 573 екі тілде білім беретін ұйымдарда мамандар мемлекеттік тілде даярланады. 181 мамандық бойынша даярла¬натын 457,6 мың студенттің 57,7 пайызы немесе 264,2 мыңы қазақ тілінде білім алуда, - деп мәлімдеді дөңгелек үстел басындағы тілдесуде вице-министр.

Министр болып тұрғанда Бақытжан Жұмағұлов : «ҰБТ өткізудегі 9 жылдың тәжірибесі тестілеуді одан әрі жетілдіруге пайдаланылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге (мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясы және ЖОО-ға түсу емтихандары) бөлу бағытында экспери¬мент жасау жоспарланып отыр. Бұдан әрі 2015 жылы логикалық сипаттағы тестілерді пайдаланатын, екі кезеңдегі компьютерлік тестілеу жүйесіне толық көшіріледі» деп айтқан еді. Былтырғы жылғы тест науқанының өтуіне көңілі толмаған ата-аналар, түлектер Бақытжан Жұмағұловтың арнайы блогына бірнеше сауал жолдағанда, ол бы¬лай деген еді: «Елбасының тапсырмасы бар, оны Сіздер жақсы білесіздер. Бірыңғай тестілеудің форматы алдағы жылы өзгермей, сол қалпында қалады. Тек мазмұны 30- 40%-ға өзертіледі. Оның ішінде біз логикалық сұрақтарға көп көңіл бөліп отырмыз». Ал енді жаңа министрдің келуімен осы айтылғандарға қаншалықты жаңашылдық, өзгеріс енгізілер-енгізілмесі келер күннің еншісінде.

- Жалпы алғанда, соңғы жылдары ҰБТ-нің барлық пәндері тапсырмаларының күрделенуі орташа балдың сәл төмендеуіне әкелді,-деді ҚР Білім және ғылым вице- министрі Е. Иманғалиев дөңгелек үстел барысында. Қазақ тілінен тестілеуге қатысқан 28 795 мектеп бітірушінің: 25 855-і (89,8%) - "4" пен "5"-ке тапсырды; 2867 бітірушіде (9,9%) - «3» деген баға, 73 бала (0,25%) 0-3 аралығында балл жинап, «2» алған. Өткен 2012 жылмен салыстырғанда «3»-ке тапсырғандар 732 оқушыға, ал «2» алғандар саны 45 балаға азайған.

2013 жылы ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітірушілердің қазақ тілінен үлгерім деңгейі 99,7%, білім сапасы - 89,8 % құраған. Айта кетейік, орыс және басқа ұлт өкілдері қатарында мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік тілден оқушылардың Республикалық олимпиадасында, конкурстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген, тіпті болашақ мамандықтарын қазақ тілімен байланыстыратын балалар саны аз емес.

Бұл вице – министрдің берген ақпараты. Биылға ұлттық бірыңғай тест тапсы¬руда біраз өзгешеліктер болатыны ақиқат. Мұны алдағы күннің еншісіне қалдырайық. Дөңгелек үстел басында біраз жайт айтылды. Құп делік.

Бірақ өкініштісі, күні кеше ғана Білім және ғылым министрлігінен шу шықты, екі құлағы тік шықты. ЗАЛАЛ МӨЛШЕРІ - 26 МИЛЛИОН!

Қаржы полициясы Білім және ғылым министрлігіндегі қаржы жымқырудың жаңа фактілері анықталды. Ағымдағы жылғы 23-27 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 2012 жылы Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларында балалар-жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 26 млн. теңгеге жуық бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы қыркүйек-қазан айларында Астана қалалық қаржы полициясы департаменті ҚР Білім және ғылым министрлігінің ла¬уазымды тұлғаларына қатысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында балалар мен жа¬стар қозғалысын дамытуға бөлінген 33 млн. теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағандығын хабарлаған болатын. Ведомствоның атап өтуінше, осылайша, аталған қылмыстармен ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген залал мөлшері 59 млн. теңгені құрады. Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ. K.R.A