Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

***** ҚЫС *****


9 марта 2014, 08:55 | 1 763 просмотра


Сабақтың білімділік мақсаты: Қыс тақырыбына байланысты сөздерді дұрыс меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты : жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгіме құру, сұрақ- жауап, топтық жұмыс, бағалау.

Көрнекілігі:

1. Интербелсенді тақта

2. Жыл мезгілдері бейнеленген сурет¬тер, аннимациялар, өлең.

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

ҚУАН, ШАТТАН, АЛАҚАЙ,

КУАНАТЫН КҮН КЕЛДІ!

КҮЛІП ШЫҚТЫ КҮН БҮГІН

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ! ҚАЙЫРЛЫ КҮН!

СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, АПАЙЛАР.

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Сендерге сәттілік тілеймін. Бүгін сабақта тек «5» алуларыңа тілектеспін.

Топқа бөлу.

Қиықшалар арқылы 2 топқа бөлу. Оқушылар топбасшысын сайлайды.

Топ атаулары:

I- Аяз II- Боран

2. Ой шақыру

Борис оқушы: киіммен шығып (шарф, қолғап, құлақшын)

-Балалар Борис қалай киінген?

-Борис жылы киінген.

-Ол неге жылы киінген?

-Өйткені күн суық.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не тура¬лы.

Жаңа сабағымызға қандай тақырып қояр едіңдер?

- Бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді? Сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер? Балаларды қоршаған ортамен таны¬стыру.Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру.

«Қыс» сөзіне класстер құру..

Шыққан сөздерді іс-қимылды білдіретін сөздермен тіркестіру.

Қыс келді.Қар жауды. Суық болды. Бо¬ран, жел соқты.

3.Меңгеретін сөздер

Қыс-зима; Қар-снег

Қыста –зимой; Суық болады-холод¬но бывает

Қыс айлары-зимние месяцы; Аққала- снеговик

Жауады-идёт;

4.Топтық жұмыс

I-топ.Шашыраған сөздерден сөйлем құрастыру. Қар,суық,шана,аққала,қаңта р,жауады

II-топ.Орысша сөздерді қазақ тіліне аудару. Зима,лёд,мороз,февраль,холод но,снег,новый год

5.Тапсырма.Интерактивті тақтада жұмыс.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.

Мәтінмен жұмыс. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын табыңдар.

6.Сергіту сәті

Қыр үстінде қар-қар,

Шырша үстінде қар-қар.

Қыр астында ақ аю,

Ұйықтайды екен ай-ай.

Тыныш-тыныш балақай,

Шуламаймыз біз бұлай.

7.Топтық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құру.

Мысалы, I-ші топтың жауабы.

Қыс келді. Қар жауды. Күн суық және аязды. Балалар ойнап жүр. Бір топ бала аққала жасап жатыр. Асан шанамен сырғанап, Ваня шаңғы теуіп жүр. Бала¬лар көңілді.

1- Топ. Қысқы ауа райы.

2- Топ. Қысқы демалыс.

8.Сурет бойынша сұрақтарға жауап жаз. Топтық жұмыс.

1.Бұл қай жыл мезгілі?

2.Балалар қайда жүр?

3.Ауа райы қандай?

9.Шығармашылық жұмыс.Ойлау ,есте сақтау,зейіндерін дамытуға байланысты өлең жолдарындағы сұраққа жауап беру арқылы төрт жол өлең құрастыру.

Қар жауады қалай?(жапалақтап)

Кімдер жүр шапалақтап?(балалар),

Балалар не киеді?(қолғап)

Не беттен сүйеді?(аяз).

10.С/бекіту : Жұмбақ өлең арқылы сабақты бекіту

-Сабақта не туралы сөйлестік?

- Бүгін сабақта не істедіңдер?

- Не білдіңдер?

Кері әсер парағын тақтада ілініп тұрған смайликтердің астына іледі.

Бағалау: Топбасшы топ мүшелерін бағалайды, талдайды.

Үй жұмысы: Әр топ мүшелеріне тақырыпқа байланысты қалауларынша «Қыс»тақырыбына өлең жаттау тапсы¬рылды.

Автор:
Шолпан САЛКИНБЕКОВА, С.Морозов атындағы №51 мектеп- гимназиясы қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қаратал ауданы.