Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


9 марта 2014, 09:07 | 3 378 просмотров



Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше.Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті- балаға хат таныту,яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар,сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой-өрісін жетілдіруге де баса назар аударылды.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершлік,патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.Демек, сауат ашу білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы олар¬ды өмірге,өз Отанын, елін шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішінде аса күрделі-алты жастағы балаларды сауаттанды¬ру мәселесі.Өйткені, мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық- психологиялық өзгешіліктеріне байланысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға,ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділкті талап етеді.Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына бай¬ланысты.

Демек,сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді.Олай болса,белгілі бір жазу ережесіне негіз бо¬латын грамматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып,содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді ды¬быс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге,әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін,теріс жа¬зылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп. Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз бай¬ланыста болады.Жақсы оқи алатын бала тазада,сауатты жаза біледі.Ал, жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.Дұрыс, сауатты жазу-қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауыш сыныпта қаланады.Мектеп табалдырығын аттаған баланы бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы дұрыс айтылуы қадағаланады.Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы- бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі.Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында, графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие бо¬лады.Осы арқылы жазуын ғана емес,сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады.Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана, дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады:

•әріпті дұрыс жазу,дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

•әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды- қысқалы қылмай, тегіс,бірдей жазу;

•әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайытпай,барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;

•әріптердің,сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте- бірте жазу қарқынын тездете түсу

Қорыта келе айтарым,оқушылардың орфографиялық сауаттылығын нығайту, жақсы нәтиже береді деп есептеймін.

Автор:
Бибигуль КАСЕНОВА, бастауыш сынып мұғалімі. «Немере» жалпы орта білім беретін жеке меншік мектебі. Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы.