Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰМЫРСҚА МЕН КӨГЕРШІН


9 марта 2014, 09:09 | 4 801 просмотр



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып,негізгі ойды анықтауға үйрету, жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын кеңейту;

Дамытушылығы:Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын,сөздік қорын,сөйлеу тілін дамыта отырып шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелігі: Оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: тірек-сызбалар, слайдтар, су¬реттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп, өз білімімізді көрсетуге тырысайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Сәлем бердік біз.

ІІ.Өткен тақырыптарды пысықтау.

-Балалар, сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін тауып көрейік: Естілгенмен құлаққа, көрінбейді бірақ та. Ол-не? Дыбыс.

1) Дыбыс дегеніміз не?

2) Әріп дегеніміз не?

3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4) Жуан дауысты дыбыстарды ата.

5) Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

6) Сөз неден құралады?

7) Қазақ әліпбиінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?

8) Жуан және жіңішке жұп дауысты ды¬быстарды ата.

ІІІ.Жаңа сабақ

-Балалар, тақтаға назар аударайық, ребус шешіп көрейік. Шешуі:құмырсқа, көгершін. Ен¬деше, балалар, құмырсқа, көгершін туралы не білесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».

Бұл әңгімені Ыбырай Алтынсариннан кейінгі ұлағатты ұстаз Спандияр Көбеев жазған. Спандияр Көбеев қазіргі Қостанай облысы,Меңдіқара ауданы,Ақсуат ауылында туған.Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауыл мектебінде оқыған.Одан кейін орысша- қазақша мектепте,педагогикалық курста оқыған.Спандияр Көбеев бүкіл өмірін ауыл мектебінде ұстаздық етуге арнаған.Орыс әдебиеті шығармаларын аударған.Қазақ мектептеріне арнап оқу кітабын құрастырды. С. Көбеев-жазушы,ағартушы, ұлағатты ұстаз.

1)Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

2)Оқушыларға іштей оқыту.

3)Дауыстап тізбектей оқыту.

4)Мәтінмен жұмыс:

-Осы әңгімеде түсінбеген сөздерің бар ма?

Сөздік жұмыс: Сусап-шөлдеп.

-Әңгімеде не жайында айтылған?

-Құмырсқа қайда келеді?

-Суға қалай түсіп кетті?

-Көгершін құмырсқаға қалай көмектесті?

-Құмырсқа көгершіннің жақсылығын қайтара ма?

-Құмырсқа мен көгершіннің істері қайырымдылыққа жата ма?

(оқушылар жауабы)

-Олай болса осы әңгімедегі құмырсқа мен көгершіннің істеген істерінен үлгі алып бір- бірлеріңе әрқашанда көмектесіп,қамқорлық жасаңдар.Бір-бірлеріңді сыйлап,достарың қиналған уақытта көмектесуге тырысыңдар.

Әр адамның әдемілігі оның ақылдылығында,еңбекқорлығында,

қамқорлығында,кішіпейілдігінде,қайырымд ылығында.

Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа, келе жатты жұмысқа,

Алды допты қолына, қойды допты жолына,

Оңға бір қарады, солға бір қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Дәптермен жұмыс

Күн реті

Көркем жазу.Ыы және Іі әріптерін әдемілеп жазу.

62-жаттығу.Бірінші қатардағы сөздің тұсына ы әрпі бар, екінші қатардағы сөздің тұсына і әрпі бар сөздерді мәтіннен теріп жаз.

Құмырсқа, . . .

Көгершін, . . .

Ереже шығару.

Құмырсқа, қөгершін сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

63-жаттығу.Суретпен жұмыс. Ы-і дыбы¬старын салыстырып оқы. Қандай өзгеріс байқадың? Осы дыбыстар бар сөздер ойла.

Тапсырма: Сәйкестендіру тесті.Берілген сөздерге тиісті әріптерді қойып, сәйкестендір.

Сызғ...ш

Кірп...ш і

Өш..рг..ш

Қ..рғ...ш ы

...лг...ш

С...йл...қ

ІҮ. Сабақты бекіту.

Венн диаграммасы арқылы құмырсқа мен көгершінді салыстыру.

Ү. Сабақты қорыту.

-Балалар, сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Әңгіме не жайында болды?

-Әңгімені кім жазған?

Оқушылардың жауаптарын тыңдай келе қорытындылау:Біз бүгін С.Көбеевтің

«Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқып таныстық.Бірі құс, бірі жәндік болса да бір-біріне қайырымдылық көрсете білді. Халқымыз «Бірлік бар жерде –тірлік бар» деп бекер айтпаған.Құмырсқа-еңбекқор, қөгершін- бейбітшілік құсы. Оларды қорғау міндетіміз.

ҮІ.Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.

ҮІІ. Бағалау.

Автор:
Ж. А. БЕДЕЛЬБАЕВА бастауыш сынып мұғалімі А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО ММ Талдықорған қаласы