Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА ҚОСАР ҮЛЕСІ


9 марта 2014, 09:10 | 3 471 просмотр


Сынып жетекшісінің жұмысы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жина¬лысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жай¬ында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , бала¬ны ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және ин¬теллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасы. Бүгінгі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты мұғалім алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның біріншісі – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жау¬ап беретін кәсіби шебер маман болу, екіншісі – кейінгіге қайта оралып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру.Осы екі міндетті шешкен¬де ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп оты¬ратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тари¬хи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мем¬лекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар бо-луы қажет.

Біз интернет жүйесімен жаңа озық техноло¬гиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық- техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа ел¬ден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мек¬тепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жат¬татып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік.

Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.

Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет- ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден-бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-ана¬лар мен жұмыстың орны орасан.

Ата-аналар мен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың от¬басында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.

Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мәдениет, білімі кеңейеді. Оқушының мәдениетті болуы үшін ұлтты қмәдениетті ұштастыруы қажет. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер- білімді игеру - тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі- өнеге берер ұстазға байланысты.

Қорытынды

Автор:
Шолпан АЛЖАНОВА Абай атындағы мектеп-гимназияның тарих және география пәндерінің мұғалімі Сарқан қаласы