Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҒАЛІМІҢІЗ ҚАНДАЙ?


9 марта 2014, 09:20 | 1 589 просмотров



1. 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу процесін жеңілдету.

2.Оқушылардың өзара қарым- қатынастарын дамыту.

3. Сыпайылыққа тәрбиелеу.

Міндеті: - оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

•Жаңа пән мұғалімдерімен жақынырақ та¬ныстыру;

•Мәдениетті сөйлеуге үйрету;

Көрнекілігі: ватман қағазы, магнитті тақта, желім, маркер, пән және мұғалім аттары жазылған карточкалар.

Өту жоспары:

•Сабаққа кіріспе.

•Пән аттарымен танысу.

•Мұғалімнің аты-жөні кім?

•Нағыз мұғалім – бұл...

•Біздің мұғалімдеріміз, кімдер?

•Релаксациялық әдіс «Кірпі».

•Қорытынды.

•Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген жағымды көңіл-күйін туғызу мақсатында 1-2 минут мы¬надай жаттығу жасаймыз:

• Балалар қазір біз өзіміздің парталас досымызға қарап, шын жүректен күлеміз. Да¬усымызды шығарып, қатты-қатты күлуіміз ке¬рек. Содан кейін аспанға қалықтап ұшқандай терең дем аламыз. Содан теңіздің түбіне түскендей етіп терең демаламыз. Осылайша дем алу жаттығуын 2-3 рет қайталаймыз.

Психолог тақтаға бірнеше сұрақтар жазады.

•Бізде қандай оқулықтар бар?

•Барлық мұғалімдердің ортақ қызметтері неде?

•Бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

•Біздің ортақ міндетіміз не?

2. Пән аттарымен танысу.

Психолог: еске түсірейікші, бізде 5-сыныпта қандай оқулықтар бар? Енді солардың ішінде бастауыш сыныптан таныс оқулықтар бар ма? Бесінші сыныпта қандай жаңа оқулықтар қосылды?

Үстел үстінде оқулықтардың аттары

жазылған карточкалар жатады. Психолог оқушыларды бір-бірден шақырып оқытады. Оқушы бір карточканы алып, не жазылғанын сыныпқа қарап оқиды. Оқушы оқулықтың жүретінін не жүрмейтінін айтып, орнына отырады. Карточкада 5-сыныпта жүрмейтін пәндердің де аттары жазылған. 5-сыныпта пән жүрсе, оны апарып тақтаға іледі. Соңында оқушылар неше пән ілінгенін санайды.

3.Мұғалімнің аты-жөні кім? (5-7 мин)

Психолог: Ал, енді мұғалімнің аты мен тегін еске түсірейік. Психолог сыныптағы ер бала¬ларды бір топ, қыз балаларды бір топ қылып отырғызады. Ер балалар мұғалімдердің аты жазылған, карточкалар жинағын алады. Қыздар тегі жазылған карточкалар жинағын алады.

Қыздар:

Ұлдар:

Психолог: сіздердің күнделіктеріңізде бар оқулықтарды атаймын. Бірінші ер балалар қол көтеріп, қолындағы карточкада жазылған мұғалімнің атын, беретін пәнінің атын атай¬ды. Егер, дұрыс айтса, тақтадағы оқулықтың астына мұғалімгнің есімін апарып іледі. Дәл осылай, қыздар қолындағы мұғалімнің тегі жазылған карточканы іледі. Барлығы ілініп болғаннан кейін, психолог естеріңде қалу үшін кейбір оқушыларға қайталап бір оқытады.

4. Нағыз мұғалім – бұл... (5 мин)

Бәрімізге белгілі мұғалім – бұл мамандықтың аты. Әр мамандықтың өз тала¬бы болады. Кез-келген оқыған адам ақылмен шеше білу керек. Мұғалім мамандығының да өз талабы бар. Нағыз мұғалімнің өз мамандығына сай сапалық қасиеттері болу керек. Мұғалімнің қандай сапалық қасиеті болуы мүмкін, қазір сол сұраққа жауап іздеп көрейік. Оқушылар үш топқа бөлініп отыра¬ды. Әр топ әртүрлі сапалық және адамдық қасиеттер жазылған қағаздарды алады. Қасиеттердің ішінде мұғалімдерге тән қасиеттер де, тән емес қасиеттер де бар. Әр топтың жұмысы-қасиеттердің ішінен, нағыз мұғалімге тән қасиеттерді таңдайды. Әр топтан топ басшылары тақтаға шығып, қалғандары орындарына отырады. 1-ші топтың басшы¬сы тізімде бірінші тұрған қасиетті таңдады ма, таңдамаса неліктен екенін айтады. Ілініп болғаннан соң, психолог балаларға оқытады.

5. Біздің мұғалімдеріміз, кімдер?

Психолог: менің қолымда гүлдердің күлтелері, онда бізге сабақ беретін мұғалімдерден алынған интервью жазылған. Олар біздің қандай сұрақтарымызға жауап беретінін көрейік.

•Менің сүйікті жануарым...

•Балалық шағымдағы менің арманым...

•Менің қызығушылығым...

•Мен мынадай жағдайда шыдай алмаймын...

•Менің сүйікті мультфилмьмім...

•Менің туған күнім...

Күлтелерде мәтінмен жазылған интервь¬бге қол қойылмаған. Бірақ, мен кіммің жауа¬бы қайсысы екенін артынан айтамын. Қазір қағазды бір-бірден таратып алыңдар. Не жазылғанын оқып, ішіне жазылған жауаптар өзіңе сәйкес келсе, айтылған сөздер жаныңа жақын болса, онда арнайы қалдырылған бос орынға қол қойыңыз.

Балалар оқып шығып, өз еріктерімен қолдарын қояды. Содан кейін шеңбер бойын¬ша бір-біріне жөңелтеді. Мейлінше, әр бала әр мұғалімді жақынырақ біледі. Сыныпта оқушы көп болса, 6-7 мұғалімнің жұмысын қарайды. Психолог шеңбер бойынша күлте алмасты¬руды тоқтатып, кезекпен жауаптарын оқуды сұрайды. Сосын мұғалімнің атын, тегін атап, ватман қағазына жапсырады. Соңында әдемі гүл шығады.

Ойынның нәтижесінде, әрбір мұғалімге «портрет» құрылады. Психологтың мақсаты, оқушыларға мұғалімдерді жете таныстырып, пән мұғалімдерінің жеке сапалық қасиеттеріне пікірлерін білдіре отырып, бағалай білуіне жол ашу.

Релаксациялық әдіс «Кірпі».

Бір күні орманда кішкентай кірпі келе жатып, ботқа жеп отырған көжекті көреді. Көжектің қасында анасы отыр екен. Көжек ботқасын жеп болысымен, анасы оның басынан сипап, бетінен сүйіп еркелетеді. Оны көрген кірпі айқайлап жылап жібереді. Кірпінің жылаған даусын естіп, көжек қасына келіп, одан не болғанын сұрайды. Сонда кірпі:

•Сені анаң қатты жақсы көреді, құшып, сүйеді. Ал мені ешкім құшпайды да, сүймейді де.

Енді балалар сіздерге мынадай сұрақ: осы мектепте орта буынға көшкелі бері өздеріңді жоғарыдадай кірпі сияқты сезініп жүргендерің бар ма?

Өздеріңді керексіз, ешкім сүймейтіндей сезінетіндерің бар ма?

Балалардың дауабы тыңдалады. Егер өздерін жайсыз сезініп жүрген балалар болса, арнайы жеке кеңес сурналына еңгізіліп, жұмыс жасалынады.

Автор:
Д.А. ОМАРОВА мектеп психологы «Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік мектебі МДШО ММ