Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАЛА ӨМІРІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚЫСАСТЫҚҚА КӨЗ ЖҰМУҒА БОЛМАЙДЫ!


9 марта 2014, 09:26 | 1 817 просмотров



Ақпан айының 13-ші жұлдызында Талдықорған қаласындағы №4 орта мек¬тепте «Балалардағы зорлық- зомбылықтың алдын-алу» ша¬расы аясында басқосу өтті. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын қосқан бұл отырыста Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармамен әріптестік тұрғыда балаларды қатігездік пен зорлық-зомбылық әрекеттерінен қорғау жұмыстарында бірлесе іс-әрекет ету мәселесі қозғалды. Шараға қала бойынша бала өміріне бей-жай қарамаймын де¬ген белді тұлғалардың біразы ат салысты.

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ жайлы бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Қоғам әлімжетіліктен арыла алмай келеді. Бүгінде бұл адамдық жүрегі бар әрбір азаматты толғандыратын мәселеге айналды. Себебі, бүлдіршіндеріміздің барлығы бақытты, шынайы шат күлкіде бола алмауы қоғамдық мәселеге айналуда. Теледидардан , ақпарт құралдарынан , тіпті күнделікті күйбеңі көп өмірде сәбилерге жасалып жатқан әділетсіздікпен бетпе –бет келіп жатқан сәттеріміз аз емес. Мейірімсіз, маскүнем ата-ананың ызбарлы ұрып-соғуға ұласатын қаҺарынан бастап, бейкунә сәбилер, қандықол педофильдердің арам қолынан қаза тауып жатақаны айтпасқа болмайтын мәселе.

Жер шарындағы барлық елдердегі сияқты Қазақстанда да балаларға көрсетілетін қатыгездіктің саны жыл сайын артып келеді. ЮНИСЕФ деректеріне сүйенсек, еліміздегі мектеп жасындағы балалардың 66%-ы зорлық-зомбылыққа ұшыраса, соның 45 пайызы мейірімсіз қатынастың, түр-түрін басынан кешіргендер. Бүгінде Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты жұмыс істейтін 20 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Бұл орталықтардың санына қарап-ақ , әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемасы өршіп тұрғанан оңай байқауға болады. Статистика мәлімметтеріне көз жүгірсек, бір жыл ішінде Қазақстан бойынша 500- ден астам әйел мен балалар тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Бұл статаистика көрсеткіші, аталмыш мәселенің көп жылдар бойы көңіл ау¬дарылмай, бойкүйездік танытып келгендігіміздің бұлтартпас айғағы. Отбасылардағы берекенің қашуына ең алдымен отбасы бір мүшесіне көрсетілітін зом былықтың салдары аз емес. « Жанұя өзімдікі, әйел- балама, қалай қарым-қатынас жасасам да, қол көтерсем де өзім білемін» деген отағасылардың қоғамда аз емесі баршаға аян. Қазақ халқының тұрмыстан туындаған дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» деген. Бірақ, қасиетті қазақ халқының осы бір есті сөзін естен шығаратын ерекетер саны жылдар өте артпаса азаяр емес. Бұндай көзқарастан тек бір отбас ғана емес, қоғам жапа шегетінін әлгі еркек сымақтар біле бермейді ау. Олай дейтініміз- кикілжің, ұрыс - керіс арылмаған отбасында өсіп келе жатқан бала есейген соң, не әкесінің не анасының отбасында өзін-өзі ұстауынан үлгі алып, соны қайталайды. Бала мінезі таза, сенгіш, барлық қасиеттерді тез қабылдағыш келеді. Ертең ол үлкендерден көрген осы қасиетті айна қатесіз «жұқтырып» алғанын өзі де байқамасы анық.

Тағы бір айта кететіні, үлкендер балаға өзінің меншігі ретінде қараған жағдайда балаға қысым көрсету басым орын алады. Ересектер баламен санаспайды, оларды басқаратыны рас. Өз қиындықтары үшін баладан өш алмақшы болатын оқиғалар да аза емес. Баланың аты бала.Ол дәрменсіз, қашанда үлкендерге тәуелді келеді. үлкендерге тәуелді. Ал, үлкендер осыны пайда¬ланып, балаларға жиі қиянат жасайды. Ата-анасы ішімдікке салынған отбасылардағы баланың жағдайы тіптен мүшкіл. Маскүнем ата-анадан небір хайуандық істерді күтуге болады.

Балалаларға жасалатын зорлық –зомбылықтың бірнеше түрі бар. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.Зорлық- тән азабын шектіретін, жан азабын шектіретін бо¬лып екіге бөлінеді. Тән азабын шекітірін зорлық-ұрып-соғу, денесіне жарақат , зақым келтіру, денсаулығына қауіп тудыру болады. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.Сондай- ақ зорлықтың эмоциалық зорлық, физикалық зорлық, сексуалдық зорлық, қауіп-қатер сияқты түрлерін тізе берсек, таусылмас.

Осындай арты қылмысқа ұласатын оқиғалардың көптігінен Қазақстанда тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. «Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 - тармағына сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата- анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды. Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-ана¬лар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр. Алайда, Қазақстанда қазіргі күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді

Жасыратыны жоқ, елімізде балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық- зомбылықпен ұшырасып отырады. Зомбылықтың, қорлаудың түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығы шындық. Оған бірнеше дәлел келтіре аламыз. Әріге бармай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп ұстазының оқушысының кекіл шашын кесіп, маңдайына екілік жазып бергенінің өзі жаға ұстатарлық жайт. Ата-ана баласын тапсырып, тәлім алсын, білім алсын, тәрбие алсын деп берегендегі мұғалімнен баланың алары осы болса, онда басқа жайлы айтып бекер.

Қазақстандағы кейбір азаматтардың ата-ана құқығынан айырылуы, әке-шешесі бар бола тұра баланың тірі жетім атануы сияқты оқиғалар күн сайын етек жаюда. Соңғы кездері жаңа туылған нәрестелерді сату кең етек алып барады. Тіпті, өзінің 4 баласын 30-40 мың теңгеге бағалап, сатып жіберген көкек ана туралы да халық естіп білді.

Өткен жылғы «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік- психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының қорындағы жетімдер баспанасында оңалтудан өткен адам сатылымының құрбаны болған 49 жәбірленушінің 13-і кәмелетке толмағандар болып шықты. Қор қызметкерлері 2012 жылы сенім телефоны арқылы 300 қоңырау қабылдаған. Ол қоңыраулардың басым бөлігі – зорлық-зомбылық, бала мен ата-ана арасындағы түсінбеушілік, ата-ананың алименттік міндеттемелерінің өтелмеуі сияқты мәселеде болған. ІІМ мен ҚР Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің сайтында зорлық-зомбылық дәйектері бойынша статистика көрсетілген. Алайда, ол мәліметтер балаға қатыгездік танытқан оқиғалардың санын толығымен айқын көрсетпейді. Негізінен, ол жаққа ашық түрде жасалған сорақы әрекеттер ғана тіркеледі. Жал¬пы біздің елде бұл мәселенің бар екені мойындалады, балаларға жасалатын зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетудің алдын алатын мемлекеттік құрылым бар және ақпараттық, әлеуметтік акци¬ялар өткізіліп тұрады. Маңызды жобалар іске асырылуда. Аталмыш мәселе төңірегінде халықты ақпараттандырудың деңгейі жоғарылауда. Осыған қарамастан бақытты балалар мен берекелі жанұялардың саны көбейіп келе жатыр деуге келмейді. Себебі, әлі күнге дейін мәселені шешуге бағытталған бірегей стратегия жоқ. Осы уақытқа дейін қазақстандық қоғамдағы балаға жа¬салынатын зорлық-зомбылық туралы жанайқайы еш байқалмай келеді.

Зорлық-зомбылық кез келген жерде, ал жанұяда сырт көзден жасырын түрде жасалады. Сондықтан да орын алған оқиғалар жайлы қоғам, орта көбіне біле бермейді.

Балаға қатысты зорлық-зомбылықтан қалай құтылуға болады? –деген көкейкесті сауалға жауап ізделік.

Баланы бүлдіршін күнінен бастап үлкен сыйластықты қалыптастыруға тәрбиелеу керек. Ал, отбасын құрған әрбір жас, жұптық өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге, кесе көлденең шығар оқиғаларға төзімділік танытуға үйренуі керек. Дүние есігін ашып жатқан барлық сәби ата-ананың қалауымен өмір есігін ашып, жас ата – ана нәрестені дүниеге әкелген сәттен ба¬стып, оның жауапкершілігін сезінуі керек. Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді. Қауіп-қатер азайту, ба¬лаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету ке¬рек, ондай жағдайларды олар дала не¬месе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зор¬лау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді

Балалар құқығын қорғау аға буынның басты міндеттерінің, еліміздің негізгі құндылықтарының бірі. Бала болашағымыз деген сөз де бекер айтылмаған. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек ету жүрегінде адамшылық оты бар әрбір азаматтың борыщы.

АТА –АНАЛАРҒА КЕҢЕС

* Отбасыларыңызда балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;

* Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне талап етіңіздер.

* Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.

* Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.

*Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.

*Күнделікті қарым –қатынаста жағымды сөздерді пайдаланыңыз.

*Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;

*Балаға бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адам¬дардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

*Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету;

*Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз не¬месе көрген болсаңыз бірдентиісті органдарғахабарлаңыз.

Автор:
Динара АУЖАНОВА