Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҒАЛIМ БАЙҒҰС ҚЫЗЫҒЫП IСТЕЙТIН ШАРУА ДА ҚАЛМАЙ БАРАДЫ-АУ


9 марта 2014, 09:35 | 1 462 просмотра



“Мұғалiм беделiн бiз әлi де болса өз деңгейiне көтере алмай келемiз”. Бұл түрлi деңгейдегi басшылардың жылма- жыл мұға¬лiмдер күнi қарсаңындағы жиын¬дарда айтатын мүсiркеу сөздерi. Сөйте тұра, оларды қорлықтың үлкенi- қағазбастылықтан босатқылары келмейдi. Ал мұғалiм¬дердi сонда қандай қағаздар дiңкелетiп жүр дегенге келер болсақ, оны бүгiнде айтып тауысу мүмкiн емес. Сынып жетекшi дегеннен шығады, баяғы кеңес¬тiк кезеңде класс жетекшiлiкке қолы жетпе¬ген мұғалiмдер: “Класың болмаған жаман екен. Бiр¬түрлi жетiм бала сияқтысың”, – деп жатушы едi. Бү¬гiнде сыныптан құтылғанына қуанатын болды. Дәмi жоқ, татуы жоқ кәсiби журналдар да қаптады. Әләзiр “мектептегi кiшi қыз-меткердi” кездестiре қоймадым, қалғанының бәрi бар. Кәсiби бiлiктiгiн растаушы әрбiр мұғалiм соларға өз сабақтарын, мақалаларын жариялап тұруы қажет. Ол журналдарға әуелi сол жылға жазылып алып, түбiртектi көрсету мiндеттi. Мақала сонда ғана қабылданады. Екi растаудың арасындағы мақалалар саны бесеуден кем болмау керек. Бiр ғажабы, олар ешбiр зерделен¬бейдi. Шықса болды. Сол баяғы: мақсаты, мiндетi, көрнекiлiк, интерактивтi тақта, магниттi тақта және т.с.с. Ара-арасын¬да “ғалымдарға” елiктеп, “құзырет¬тiлiк”, “жеке тұлғаға бағытталған оқыту” деп далбасалап қоямыз. Құдай бiледi, бүкiл өмiр салтын өзiмiз түгелге дерлiк көшiрiп бол¬ған дамыған елдерде осының бiрi де жоқ. Американың бiр университетiнде аспиранттармен 1,5 жыл жұмыс iстеген ака¬демик Асқар Жұмадiлдаевтың екi жарым бет ақпар-есебiне “Мынаны бiр бетке де сыйғызуға болмас па едi! Не деген мылжың едiңiз” деп ол жақтағылар күлген деседi ...

Әрине, қағазды азайту жер-жердегi бөлiм- басқармаларда орнығып қалған әдiскерлер санын азайтуы мүмкiн. Бiрақ бұдан үркудiң жөнi жоқ деп бiлемiн. Есесiне, ол әдiскерлер мектептерге барады, баршамыздың бiлмесiмiздi үйретер едi. Бiле бiлсек, өзi қағаз өндiрмейтiн елге оны үнемдеп жұмсаудың өзi қыруар пайда емес пе? 100 мыңнан аса мұғалiм бар, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 2 бума А-4 қалыптағы қағаз шығындайды дегеннiң өзiнде қанша қағаз тек¬ке рәсуа болады! Мен бұл жерде мектептерде жыл бойы ҰБТ “дайындығына” тектен-текке, төмен үлгерiм¬дегi оқушылардың мазағына жұмсалатын тонна-тонна қағаздарды әдейi әңгiмелемей отырмын. Және мұғалiм қай кезде кәсiби iзденедi: уақыты жеткi¬лiк¬тi болса ма, әлде қағазға көмiлiп отырғанда ма?

Алматыдағы тағы бiр орталықтың зерттеуi бойынша, өзiн сауаттымын деп есептейтiн адам¬ға жылына 7 кiтап оқығанның өзi ең төменгi меже саналады екен... Газет оқуға уақыт таппай жүрген мұғалiмдердiң сауаттылығы қай деңгейде екен сонда? Ал сауаттылық қашқан жерде қай iстiң де қадiрi кетедi.

Тамыз кеңесiнiң де атын өзгертсе қайтер едi деп жүрмiн өз ба¬сым, өйткенi онда ешкiм-ешкiммен кеңеспейдi, мақтайды, мақтанады, әлдекiмдерге рақмет айтады, бiрақ кеңеспей-дi. Одан қалды, безендiру жарысы, баннерлер жарысы...

Айтпақшы, бiлiктiлiгiн рас¬тау¬шы мұғалiмнiң оқушысы ғылыми еңбек жазбаса, алдыңғысының түкке тұрғысыз болғаны деген бiр сойқан түсiнiк пайда болды. Онсыз кәсiби бiлiктiлiк қорғалмайды. Оның сыртында, кiтап дүкендерiнде методикалық, дидактикалық, ҰБТ-ға арналған оқу құралдары онсыз да иiн тiресiп тұрғанда, әр мұғалiм осындай кiтап басты¬рып келмесе, бiлiктi¬лiк санатымен тағы қош айтысады. Құдайдың құдiретi деген күштi емес пе, пәндер бойынша министрлiк өзi бекiткен күнтiз-белiк жоспарларға да әр мұғалiм өз түсiнiк хатын жазып жүр. Ендi, мiне, Кем¬бридж университетi бағдарламасы бойынша да оқы¬тыла бастадық. Барлық пән үшiн оқытушы ортақ бұл курста да түнгi 3-ке дейiн есеп бересiң, яғни әр бағаңа есеп бересiң деп жатыр ғой барып келгендер.

Бұдан басқа сынып журналдарына қойылған жүздеген бағаны компьютерге қайта көшiруге мiндеттейтiн “жаңалық” та осал емес едi. Оның “мектепаралық” патенттелмеген атауы “электрон¬ды оқыту” болатын. Қай жерiнен “оқыту” көрiп тұрсыңдар деп сұрауға дәтiмiз бармаған ол кезде. “Дүниеде қай нәрсенi де билейтiн – қорқыныш пен қызығушылық” деген екен Напо¬леон. Мұғалiм байғұс қызығып iстейтiн шаруа да қалмай барады-ау, өзi...

Молдабай Ержанов, мұғалiм, Астана қаласы

Баланы бiрiншi сыныптан шет тiлiмен шаршатудың еш қажетi жоқ

Биылғы оқу жылында барлық бiрiншi сыныптың бағдарламасына ағылшын тiлi пәнi қосылғаны мәлiм. Шет тiлiн алты-жетi жасар балаға оқытудың көптеген тиiмсiз жақтары сан рет жазылды, ай¬тылды. Өкiнiшке қарай, бұрынғы бiлiм министрi Б.Жұмағұловтың бұйрығымен ағылшын тiлi бiрiншi сыныптың оқу бағдарламасына енгiзiлген болатын.

Бiрiншi сыныпқа барған баламмен бiрге бiз де ағылшын тiлiн оқудың машақатын бiрдей тартып келемiз. Ана тiлiндегi 42 әрiптi әрең меңгерген алты жас¬тағы баланы шет тiлiмен әурелеген бiлiм министрлiгiнiң бұл жаңалығы жаңа бизнестiң түрi сияқ¬ты. Бiрiншiден, қазақстандық балалардың жартысынан астамы балабақшаға бармайды. Бұл шындық. Балабақшаға орналастырудың қандай проблема еке¬нiн басқа емес, қазiргi минис¬трдiң өзi де айтты. Олай болса, үйден мектепке бiрден барған бала шет тiлi тұрмақ, өз тiлiн ежiктеп әрең үйренбей ме? Екiншiден, ағылшын тiлi аптасына бiр рет өтсе де, бiрнеше сөздi жаттауға тапсырма бе¬рiледi. Әрпiн танымайтын пәннiң сөздерiн бала қалай жаттайды? Үшiншiден, үйде балаға көмектес деп мұғалiмдердiң бұйыратыны тағы бар. Бiздiң кезiмiзде екiнiң бiрi немiс, француз тiл¬дерiн оқыды. Өзiмiз бiлмейтiн тiлден баламызға қалай көмек беремiз? Мiне, осы тұста жоғарыда айтқан бизнестiң “құлағы қылтияды”. “Өзiңiз бiлмесеңiз, баланы ағылшын тiлiнен қосымша сабаққа берiңiз” дейдi мұғалiм. Яғни, тiл сындыра алмаса шығындалуға тиiссiң. Оқушыларға арналған қосымша сабақтың құны – айына 5-10 мың теңгенiң айналасы. Бiр жалақымен күнiн әзер көрген бiз сияқтылар ағылшын тiлiне осынша ақша бере ме, әлде баласының тамағын әпере ме?

Түптеп келгенде, баланы бi¬рiншi сыныптан шет тiлiмен шаршатудың еш қажетi жоқ деп са¬наймын. Сатып беретiн тiл бiлiмiн керек болса, кейiн оқушының өзi-ақ үйренiп алады емес пе? Ақшаға байлайтын бiлiмнiң сапасы болатынына сенiмiм жоқ. Бәлкiм, бiлiм министрi А.Сәрiнжiпов осы мәселенiң байыбына барып, алдағы уақытта дұрыс шешiм қабылдар деген үмiтiм бар.

Автор:
Мағрипа АЛДИЯРОВА, Қарағанды қаласы.