Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ


15 марта 2014, 06:09 | 1 901 просмотр



Менің отаным – Қазақстан. Қазақстан кең-байтақ даласымен, асқар- асқар тауларымен, дария-мөлдір көлдерімен, Каспийдей теңізімен жер бетіндегі барлық елдерге белгілі. Қазақстан 1991 жылы, 16- шы желтоқсанда тәуелсіз мемлекетке айналды. Содан бері талай-талай асулар мен белестерді бағындырды. Мемлекетіміздің ел ордасы – Астана қаласы.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Соған қарамастан ел тұрғындары бір отбасының адамдары сияқты өмір сүреді. Қазақстан татулығы жарасқан, кең пейілді, болашағы зор мемлекет. Мен өз елімді, өз Отанымды, Қазақстанымды мақтан тұтамын.

Автор:
Айзат ТЕНТЕКМАТАЙ 2 «Б» сынып оқушысы, М.Жұмабаев атындағы орта мектептің Сарқан ауданы