Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАБИҒАТ-ТЫЛСЫМ ДҮНИЕ


15 марта 2014, 06:11 | 3 494 просмотра



Қаламымды қолыма алып , табиғат туралы ой қозғамақпын . Иә, осы бір «табиғат» - деген сөздің өзі – адамның жан – дүниесін , барлық болмысын аша¬тындай көрінеді – маған.

Құдіреті шексіз Жаратқанның адамзат атаулыға берген үлкен сыйы болса керек.

Табиғат – адамзат өмірінде ерекше орын алады . Қаншама ақын – жазушы¬ларымыз өзінің өлкесінің табиғатын жыр¬лап өткен .

Әй, бірақ сол табиғатты – сөзбен ай¬тып жеткізу немесе мына қаламмен қағаз бетіне түсіру арқылы жеткізе алмайсың. Ол бір – тылсым дүние .

Табиғат дегенде – ойыма өз өлкемнің өсімдіктері , ағаш – бұтақтары, шөбі шүйгін көк майсалары, бәрі – бәрі еріксіз оралады. Өз өлкеме келер болсам – шіркін, «Жетісудың табиғатындай сұлу жер жоқтай» - көрінеді маған. Бұл өлкенің табиғатын қаламыммен жазып, әсте, жеткізе алмаймын. Сұлулығы соншалықты көрген кезде – кеткің келмейді. Қазақтың заңғары – Ілияс Жансүгіров киелі Жетісудың табиғатын тамаша жырлап өткен .

Шіркін, сол жайқалған табиғатымыз – қазірде бүлінбестен жайқалып тұрса ғой. Амал қанша, бірақ олай емес. Адамдардың кесірінен табиғатымыз ластанып жатқаны бәрімізге белгілі. Қоқыстарды өзенге, көрінген жерге тастап, ағаштарды өртеп, табиғатқа зиян келтіріп жатырмыз. Тіпті автокөліктердің, зауыт – фабрикалардың түтіндері де залалдарын келтіріп жатыр . Бірақта осы кесірлердің барлығы дерлік табиғаттың ластанып, жоғалуына әкелмесе игі еді .

Осы табиғат үшін шырылдап , сақтап қалуына үлес қосып жүрген азамат, ол – Мэлс Елеусізов. Бірақ та Мэлс ағамызға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін болса, «Нұр үстіне – нұр жауар еді».

Бірақ, айтқым келгені – табиғатты аялап , қорғай білейік . « Табиғат – тылсым дүние » .

Автор:
Темірлан АЙТБАЕВ, 11 сынып оқушысы, №2 орта мектеп, Талдықорған қаласы.